Азаттықтың түркімен қызметіне сұқбат берген қарияның бірі пансионатта жұмыс істейтіндер жеткілікті қызмет көрсетіп, дұрыс тамақтандырмайды дейді. Редакция қарияның қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жарияламады.
Қарттар үйіне тіркелген қариялар толығымен мекеменің қарауына өтеді де, зейнетақыдан айырылады. Сонымен бірге қариялардың жылжымайтын мүлкі де мемлекетке өтеді.
"Жылы жерде тұратынымыз болмаса, асқа жарымаймыз. Дұрыс тамақ бермейді. Сондықтан қызметкерлердің көзіне көрінбей, базарға барып қайыр сұраймыз. Халықтың берген ақшасына тойып тамақ ішеміз", - дейді қария.
Оның сөзінше, ара-тұра пансионатта үлкен мейрам болады. Жергілікті тұрғындар қарияларға киім-кешек, тамақ таратады екен.
Ал мекеме қызметкерлері бұқаралық ақпарат өкілдері келеді дегенде ғана дастарханды кеңінен жаяды екен. "Телевидения өкілдері келген кезде қызметкерлер біздің асты-үстімізге түсіп қызмет көрсетеді. Газет-журналдар оқып береді. Тәтті тағамдарды дастарханға қояды. Кейін оны мемлекеттік телеарналардан көрсетеді. Бірақ шын мәнінде біздің жағдайымыз мүлдем басқа", - дейді қария.
Ашхабадтың №30 қарттай үйі аталған жағдайға байланысты ресми түсініктеме беруден бас тартты.
Abai.kz