Жұма, 22 Қараша 2024
3553 0 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:05

Бішкек қазақстандық оппозициялық белсендіні қамауда қалдырды

Мамырдың 28-і күні Бішкек қалалық соты қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты екі айға қамау туралы Первомай аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы оның адвокаты Нұрбек Тоқтақунов хабарлады.

​Адвокаттың пікірінше, "сот қорғау тарабы келтірген дәйектердің ешқайсысын ескермей, біржақты шешім шығарған".

- Сот келтірген дәйектеріміздің ешқайсысын ескерген жоқ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі 266-баптың (Қазақстанда Тұңғышбаевтың үстінен осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған - ред.) Қырғызстан заңында баламасы жоқ. Кишинев конвенциясы, өзге де халықаралық келісімдерге сәйкес, мұндай кезде азаматтарды өзге елге бермейді. Ал егер берілмесе, онда қамауға да алуға болмайды. Осы сияқты дәлелдердің ешқайсысы сотта ескерілмеді. Сот тек бұларды айналып өтті, - дейді Нұрбек Тоқтақунов.

Соттан қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Агелеуов тікелей эфирде хабар таратты. Сот барысында темір тор ішінде отырған Мұратбек Тұңғышбаев тікелей эфирді көріп отырғандарға "өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істің саяси астары барын" айтты.

24 мамырда Қырғызстан бас прокуратурасы қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстан билігіне тапсыру туралы шешім шығарған.

Бас прокуратура қаулысында Қазақстанда белсендінің үстінен "қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру" (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 266-бабы 1-бөлімі) және "экстремистік ұйым құру және оның қызметіне қатысу" (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 405-бабы, 1-бөлімі) бойынша айыптар тағылып отырғаны жазылған. Қаулыда сонымен бірге оның ұсталуында "саяси астары жоқ" екені және оның азаптауға ұшырамайтыны туралы да айтылған.

Адвокат Нұрбек Тоқтақунов Қырғызстан бас прокуратурасының бұл шешіміне байланысты аппеляциялық шағымды осы аптада сотқа түсіретінін айтты.

Қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қырғызстанның арнайы қызмет өкілдері мамырдың 10-ы күні Бішкекте тұрып жатқан жерінде ұстаған. Келесі күні Бішкектің Первомай аудандық соты оны екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297