Жұма, 29 Наурыз 2024
Елім-ай 4232 2 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 18:08

Қытайда ұсталған 12 қазақстандықтың тоғызы босатылды

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда ұсталған 12 қазақстандықтың тоғызы босатылғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қос азаматтық алған этникалық қазақтардың мәселесі үкіметтің басты назарында.

«Біз күн сайын бұл мәселе бойынша жұмыс жүргіземіз. Cәуірде делегаттарымыз Қытайға екі рет сапарлап барып, осы мәселені талқылады. Соның ішінде Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының мәселесі қозғалды. Қытай тарапы ҚХР азаматтығынан шығу процедурасын дұрыс рәсімдемеген. Келіссөздердің қорытындысы бойынша 12 адамның тоғызы босатылды. Қалған үш азамат бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді министр үкімет отырысының үзілісінде.

Сонымен қатар Әбдірахманов министрлікке жүгінген Қытайда ұсталған қазақстандықтардың тағдырына бейжай қарамайтынын жеткізді. Бүгінде сыртқы істер министрлігінде қиындыққа тап болған 170-тей этникалық қазақ туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, Қытайдағы қазақтардың мәселесіне байланысты өтініштердің жиілеуіне орай, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай дипломатиялық ведомстволары Қытайдағы қазақтардың мәселесін талқылау үшін жүйелі түрде консультация өткізіп жатқандарын айтады.

Бұдан сырт СІМ жариялаған мәліметте, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен шетелдегі қазақтарға қатысты мәселелер ҚР Сыртқы істер министрлігінің негізгі күн тәртібіне енгенін атап айтады. Әлемдегі бір тұтас қазақ дейтін ұлт үшін ҚР СІМ-і жасап жатқан бұл қадамы қуанарлық іс деуге болады. Енді тек ісінің өнімі елдің күткен жерінен шығып, діттеген ісін тындырса деген тілек пен үміт қатар артылмақ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600