Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 8679 1 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 06:57

Жаңалықтағы репрессия құрбандары жатқан жерді ашық аспан астындағы пантеонға айналдыратын мезгілі жетті

ҮН ҚОСУ

«Жаңа Қазақстан» форумының бастамасына орай

Жалғасы. Басы порталымызда "Біз қазір "қуыршақ" республика емеспіз! Ақтаңдақтардың әділ бағасын алар кез келді" және Көлгір саясат тәсілдері елді неге соншалықты иландырады? деген тақырыппен жарияланған болатын.

 

ПРЕЗИДЕНТКЕ АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа

Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізге Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мүшелерінің атынан бірер тілек айтпақпыз.  2000 жылы Сіздің қабылдауыңызда болған Қоғам мүшелерінің өтінішіне орай, 1937–1938 жж. саяси қуғын-сүргінде атылғандар құпия көмілген орынға ескеркіш  тұрғызуға Өзіңіз тікелей тапсырма беріп, сол Жаңалық ескерткішін ашқаныңызға биыл, міне, жеті жыл толды. Жаңалыққа Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні Алматы қаласы мен Алматы облысы жұртшылығының өкілдері жыл сайын келіп тағзым етеді. Осы ескерткіш орнаған жердегі «Әділет» қоғамы меншігіне берілген 15 гектар телімді қаралы-салтанатты орманды алқапқа – ашық аспан астындағы пантеонға айналдырудың мезгілі жеткен сияқты. НКВД ғимаратының жерасты бөлігінде атылып, денелері Жаңалықта тыншыған жазықсыз құрбандар саны 3 мыңнан асады. Онда халық шаруашылығының әр саласында еңбек еткен қарапайым еңбек адамдары, сондай-ақ Ораз Жандосов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Исаев, Темірбек Жүргенов, Сүлеймен Есқараев, Жанайдар Садуақасов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынов, Қоңырқожа Қожықов, Санжар Асфендиаров, Сейітқали Меңдешев, Қабылбек Сарымолдаев, Қайсар Тәштитов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Рахым Сүгіров, Мағжан Жұмабаев, Құдайберген Жұбанов, Зарап Темірбеков сынды жүздеген мемлекет, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлері жатыр. Ескерткіштің айналасына солардың есімдерін тасқа қашап  естелік-қабырға орнату қажеттігі сұранып-ақ тұр. АЛЖИР лагерінде жазықсыз жапа шеккен 7 мыңнан астам жанды (оның 179-ы қазақ әйелі, ал сотталғандардың басым көпшілігі Мәскеуден, Ленинградтан, Кеңес Одағының басқа қалаларынан әкелінгендер) еске салып тұратын естелік қабырғалар тәріздендіріп, Жаңалық ескерткішін сүйегі сонда жатқан 3 мыңнан астам қазақстандық боздақтың аты-жөні тізілген жоқтау тақта-қабырғалар орнатумен толықтыру ләзім. Сондай-ақ зерде кешеніне кіші архитектуралық формалар – атылғандардың мүсіндік портреттерін қойған жөн болар еді. Бұл шаруа Қазақ-Британ университеті жанындағы аллеяда тізілген репрессияланған кеңестік қайраткерлердің мүсіндерін Жаңалыққа көшірумен басталса игі, сол істің жалғасы ретінде репрессия құрбандарының ұрпақтары сонда жатқан өз әкелеріне ескерткіш-мүсін орнатпақ ойларын «Әділет» қоғамының басқарма мәжілістерінде ұдайы айтып келеді. Қасіретті 32-жылғы сұрапыл аштық әкелген ұлттық апатта Алматы көшелерінде аштан өлгендердің мәйіттерін осы жердегі Әли және Диханбай ауылдарының қаңырап босап қалған орындарына тасып әкеп төгіп, жүзін жапқаны мәлім, соны есте тұтып, сонау ашаршылықта көз жұмған мың-сан  құрбан рухын ұлықтайтын белгі қою да осынау зерде кешенінің мазмұнын аша түсері сөзсіз. Киелі алқапқа ағаш егіп, бақ отырғызуға «Әділет» қоғамының мүшелері мен жанашырларына қоса қалың жұртшылық атсалысар еді деген ойдамыз. Бұл күндері «Әділет» қоғамы басқармасының мүшелері Жаңалықта жатқан боздақтардың толық тізімін жасау үстінде. Оны 1996–2004 жылдары шығарылған «Азалы кітап. Книга скорби» жинақтарының үлгісімен жеке кітап етіп шығару қажет-ақ. Біздің бұл ой-жоспарларымыз Алматы қаласы мен Алматы облысы басшылығы тарапынан түсінушілік тауып тұр.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, осы баян етіп отырған ниетімізді енді Сіздің мақұлдауыңызды сұраймыз, осынау иманды да абыройлы шаруаға  күллі жұртшылық жергілікті биліктің ұйымдастыруымен қол ұстасып кірісу үшін Сіз Өзіңіздің Елбасылық батаңызды берсеңіз екен деп тілейміз. Тағы бір маңызды мәселе – 2000 жылғы қабылдаудан соң Өзіңіздің тапсырмаңызбен Алматыда ашылған Саяси репрессиялар тарихы мұражайына байланысты. Қызмет атқарған бір жарым жыл ішінде мұражайда мыңдаған жұртшылық өкілдері, шетел делегациялары, әсіресе оқушылар мен студент жастар болып,  белгілі дәрежеде тарихпен тәрбиеленудің өзіндік белесінен өткен еді. Алайда мұражай бізге беймәлім себеппен тез жабылып қалды. Мұражайда репрессияланғандардың өздері мен ұрпақтары тапсырған өте құнды жәдігерліктер жинақталған болатын, қазір солар бір бөлмеде үйіліп жатқандықтан, тозып, экспозициялауға жарамсызданып кету қаупі бар. Бұл орайда біз Алматы әкімшілігіне әлденеше рет өтініш білдірген едік, алайда осы мәселенің қала билігі тарапынан ешбір шешімін таппайтыны мағлұм болды.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, егер мұражайды бұрынғы НКВД ғимаратында орналасқан орнына қайтаруға ешқандай мүмкіндік болмаса, онда оны қаладағы басқа қоғамдық ғимараттардың біріне орналастыруға, сөйтіп, еліміздің саяси тарихы мұражайының қалың көпшілікке отаншылдықты, демократия құндылықтарын насихаттау ретімен қызмет ете бастауына қол ұшын беруіңізді Өзіңізден қатты өтініп сұраймыз. Жақында Қоғамның 20 жылдығына орай өткізілген «Әділет»   тарихи-ағарту қоғамы: тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың және олардың ішіндегі саяси қуғын-сүргін науқандарында жазықсыз жазаланған белгілі қоғам қайраткерлерінің «Әділет» қоғамына мүше ұрпақтарының бір ауыздан білдірген тілегі осыларға саяды.

Солардың атынан – құрметпен, Бейбіт Қойшыбаев, «Әділет» тарихи-ағарту  қоғамының президенті. Алматы, 07 шілде 2009 ж.

ХАЛЫҚТЫ ТАРИХПЕН ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК

Бәрі «Мемориалдан» басталған...

– Биыл «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының құрылғанына 20 жыл толған екен. Әңгімемізді қоғамның қалай құрылғаны және оның уығын қадасуға кімдердің атсалысқанынан бастасақ...

– Өздеріңіз білесіздер, 1986 жылғы оқиғадан кейін елімізде кішігірім 37 жыл орнағандай болды. Адам түсініп болмайтын репрессиялар басталды. Бұл жағдай 1988 жылы ептеп жұмсарды. Демократияның желі есіп, елге еркіндік келе бастады. Дегенмен Желтоқсан көтерілісі жабық тақырып болатын. Бірақ өткен тарихымызға үңілуге пұрсат берілді. 20–30-жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлеріміздің өмір жолын жазуды сол шақта бастадық. Ол кезде «Қазақ әдебиеті» бірден-бір еркін трибуна болып тұрды. Басқа газеттер дендеп бара бермейтін тақырыптарға «Қазақ әдебиеті» қаймықпай қалам тартатын. Сол кездері «Литературная газета» Мәскеуде пайда болған «Мемориал» қозғалысы жайында жария етті. Қозғалыс кешегі сталинизмнің қылмыстарын аша отырып, жазықсыз құрбандарды ақтау мәселесін қолға алды. Мұндай  қадамдар жұрттың көңілінен шықты, «Мемориал» ірі қозғалысқа айналды. Мұны көріп, біздің адамдар да оянды. Әлі есімде, фольклоршы-ғалым Мардан Байділдаев деген ағамыз – кезінде ол кісінің әкесі де саяси қуғын-сүргінге ұшыраған – бір күні маған келіп: «Ресейдегі қозғалысты көріп отырсың. Бұдан біздің де қалуымызға болмайды. Біз де ұйымдастырайық. Қазір жер-жерде осы туралы сөз болып жатыр» деді. Содан көп уақыт өтпей журналистер, жазушылар, кино саласының қызметкерлері мен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары бас қосып, үлкен жиналыс өткізілді. Кино үйінде өткен сол жиында ұйымдастыру комитетін құрып, басына Болат Ілиясұлы Жансүгіровты сайладық. әлсін-әлсін бас қосып, алдағы міндетті айқындадық. Біз өз тарапымыздан: «Аштық мәселесін көтеруіміз керек. Сталинизмнің үлкен қылмыстарының бірі – Отыз екінші жылғы ашаршылық» дедік. Сөйтіп келешек ұйымның бағдарламасы мен жарғысын дайындай бастадық. Сол кездері облыстардағы бастамашы топтармен, Ресейдегі «Мемориал» қозғалысымен байланыс орнаттық. 1989 жылғы қаңтарда Мәскеуде конференция өтіп, бүкілодақтық, кейін халықаралық атанған «Мемориал» тарихи-ағарту, қайырымдылық және құқық қорғау қоғамы құрылды. Оған атақты Андрей Дмитриевич Сахаров бастаған төрт тең төраға сайланды. Бізден конференцияға 30-жылдарғы көрнекті мемлекет қайраткері, саяси репрессия құрбаны  Ораз Жандосовтың ұлы Санжар Жандосов бастаған топ – Сәуле Айтмамбетова, Мардан Байділдаев, Виктор Снитковский, Армиял Тасымбеков қатысты. Олар жақсы әсермен оралды. Содан кейін, сәуір айының 14-і күні Алматыда біздің құрылтайымыз өтті. Сол құрылтайда «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылып, оның төрағасы етіп Санжар Жандосовты сайладық. Санжар Оразұлының ол кезде қызметі де, беделі де үлкен еді, іске белсене кірісті, тиісінше жұмысы да нәтижелі болды. Алғашқы қолға алынған шаруалардың бірі – қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілген адамдардың тізімін табу еді. Алдымен өзіміздің елдің қауіпсіздік комитетіне сұрау салынды. Одан нәтиже шықпағаннан кейін, Жандосов Мәскеуге шығып, 1990 жылы одақтық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен тікелей алғашқы деректер алуға қол жеткізді. Жоғарғы Соттың Әскери алқасы Қазақстан бойынша ату жазасына кескен адамдардың тізімінің түпнұсқасын ең алдымен «Әділет» қоғамына, көшірмесін республикалық мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне берді. Сол кездегі алғашқы қоғамдық ұйымның беделін көрмейсіз бе? Не керек, біз кеңес одағы жоғары соты әскери коллегиясының үкімімен «үлкен террор» кезінде атылған 633 қазақстандық қайраткерлердің тізімін алдық. Кейіннен бұл жұмыстар кеңейтілді, республикалық ұлттық қауіпсіздік комитетімен тығыз байланыс орнаттық. «Әділет» басшыларының бірі академик Мұрат Баймаханов бас болып саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жайындағы заң жобасын жасаған. Заң қабылданғаннан кейін ақтау жұмыстары жүргізілді.   Тарихтың ашылмаған қалтарыстарына бойладық. Жазықсыз құрбандардың «Жаңалық» ауылында көмілген сүйектерін табу – «Әділет» жұмыстарының нәтижесі.

– «Жаңалық» ауылынан жазықсыз жазаға ұшырап, көміп тасталған адамдардың мүрделерін тауып, арулап жерледіңіздер. Осы жөнінде кеңірек айтып өтсеңіз?

– Алматы облысының «Жаңалық» ауылындағы көп жылдар бойы белгісіз күйде көмулі жатқан адамдар мүрдесін біздің қоғамның белсенділері тапты деп айтуға болады. Түсінікті болу үшін басынан бастап айтайын. 1990 жылғы көктемде, «Жаңалық» ауылы маңындағы саяжайында жеміс ағашын отырғызу үшін жер қазып жүргенінде, бұрын мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет істеген отставкадағы офицер күрегімен топырақ арасынан оқ тескен адам бассүйегін аршып алыпты. Содан ол дереу комитетке, бұрынғы бастығына, ал ол «Әділет» қоғамының төрағасы Санжар Жандосовқа қоңырау шалған. Не керек, ақыры арнайы зерттеу комиссиясы құрылып,  әлгі жерде қазу жұмысы жүргізілді. Үш қап адам сүйегі қазып алынып, сот-медициналық сараптамаға берілді. Көп ұзамай, «Әділетке» облыстық прокуратура шығарған прокурор қорытындысы келді. Онда «Жаңалық» ауылы маңындағы бұл жерде 1937–38 жылдары атылғандар жаппай көмілген деп жазылған еді. Бастапқыда 1937–1938 жылдары жазықсыз атылған адамдар мүрдесі Боралдайда көмілген деп ойлағанбыз. Алайда кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті саяси репрессиялар кезінде Алматыда атылған барша азаматтардың, Алаш ардақтыларының мүрделерінің «Жаңалық» ауылына апарып тасталғанын растады. Кейін білгеніміздей, ол жерге үш жарым мыңдай атылған адамның көміліп тасталғаны анықталды. Оның бәрінің тізімін біз жасадық. «Азалы кітап» он бір облыс құрбандары тізімімен сегіз том етіп «Әділет» тарапынан шығарылды. Қалған бес облыс ондай жинақты өздері шығарды, «Әділет» қолда бар материалдарымен жәрдемін берді.  

Еврейлер фашизм кезінде құрбан болған 6 миллион еврейді                                               әлі күнге жоқтап жүр

Жалпы, «Жаңалықта» қанша адам атылып, жерленген екен?            

– «Жаңалықта» үш жарым мыңнан астам атылғандар жатыр. Олар Алматыда, НКВД – Ішкі істер халық комиссариаты ғимараты астындағы «тирде» атылып, түнделетіп қала сыртына тасымалданып, құпия көмілгендер. «Жаңалықта» олардан басқа, нақты есебін ешкім білмейтін мың-сан 32-жылғы аштық құрбандары жатыр. Бұрын ол жер Әли ауылы деп аталған көрінеді, ашаршылық салдарынан қаңырап босап қалған. Қала көшелерінен жинап алынған өліктер сонда тасылған тәрізді. Одан, қалқиған дуалдар қалқасына 37–38 жылдары атылғандарды әкеп көмген екен.

– ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларынан кімдердің мүрдесі табылды?

– Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Санжар Асфендияров, Ораз Исаев, Темірбек Жүргенов, Құдайберген Жұбанов, Рахым Сүгіров, Мағжан Жұмабаев, Молдағали Жолдыбаев, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Хамза Жүсіпбеков, Бірмұхамед Айбасов секілді  жүздеген қазақ зиялылары осы жерде жатыр. Ол жерге ескерткіш орнатамыз деген тас 1993 жылы қойылып еді. Осы ретте айта кету керек, «Әділет» қоғамының белсенділері 2000 жылы Елбасы қабылдауында болып тиісті өтініш білдірген. Соған сәйкес, Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасынан кейін, «Жаңалық» ауылында жазықсыз құрбан болған жандарға арнап 2002 жылы үлкен ескерткіш тұрғызылды. Ескерткішті Президент Назарбаевтың өзі келіп ашты. Ол жер бүгінде жұрт қастер тұтатын киелі орындардың біріне айналып келеді. Біздің ойымызбұл жерді ел қадірлейтін, келешек ұрпақты қаралы тарихпен тәрбиелейтін, жастарға еліміз бастан кешкен қиын-қыстау кезеңдерді ұғындырып, оларды демократиялық құндылықтарды мейлінше бағалай білуге баулитын, өткен жолымызға құрметпен қарайтындай тарихи орынға айналдыру. Қазір мұнда «Әділет» қарамағына берілген 15 гектардай жер бар. Соны жергілікті биліктің, қалың жұртшылықтың атсалысуымен үлкен баққа айналдырсақ, ең бастысы, «Жаңалықта» жерленген үш жарым мыңнан астам адамның барлығының есімдері қашалған ескерткіш тақталар, ашаршылық құрбандарын еске салып тұратын белгілер орнатылса, сауапты іс болар еді деп ойлаймын. Мұны Алматы қаласының да, Алматы облысының да басшылары өте түсіністікпен қабылдап, қолдап отыр.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Жоспардың үлкені – кезінде Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығымен ашылып, бір жарым жылдан кейін жабылып қалған саяси қуғын-сүргін тарихы мұражайының қайта ашылуына қол жеткізу. Біз мұнда бір үлкен қиындық барын түсінеміз.  Қаланың бұрынғы басшысына оның бір журналистермен кездесуінде мен сұрақ қойған едім, тәрбие жұмысында маңызы зор репрессия мұражайы, еліміздің саяси тарихы мұражайы неліктен жабылды деп. Сонда ол бұрынғы НКВД ғимаратының қала балансында болмағанын, оны қожайындық ететін министрліктің жеке қолға сатып жібергенін айтты. Ғимараттың жеке қолға сатылғанын, сондықтан бұл орайда еш жәрдем бере алмайтындарын қаланың бүгінгі басшылығы да айтып отыр. Бұл, рас, тек жоғарғы билік тарапынан ғана шешілуі ықтимал шаруа сияқты. Дегенмен, саяси репрессиялар мұражайының келешек ұрпаққа, ұлтқа керектігіне ғимаратты сатып алғандар да ой жүгіртер деп сенгің келеді. Не үшін керек? Кешегі қаралы күндерді ұмытпас үшін. Мұндай күндер енді қайталанбас үшін. Еврейлерде «Яд ва Шем» атты мұражай бар. Қазақшаласақ, «Жад және Есім». Сол мұражайға кіріп-шықсаң – фашизмді жек көрмеуің мүмкін емес деседі. Фашизм кезінде опат болған алты миллион қандасын олар сондай жолмен жоқтап жүр. Біздің де айтып жүрген идеямыз осы ежеттес. Егер шежірешілер қазақтың жасанды ашаршылықтарда үзілген бұтақтарын түгендесе, жер-жердегі өлкетану мұражайларында сондай иманды шаралар жасауға болар еді. Сонда демократияның маңызын тереңірек түсінер едік. Қазір қалада бейіт үстіне үй салып алғандар жетіп артылады. Бейіт үстіне бейіш орнатып отырған жандарды қалай түсінуге болады?  Бір кездегі ырымшыл қазақ қазір мұндайға мән бермейтін болды. Біз осы мәселені көтеріп жүргенде Алматы облысында бір кәсіпкер аштық жылдары өлген интернат балалары жерленген жерге өз қаржысына тас-белгі қойғызды. Міне, иманды шаруа. Осындай шараны жер-жерде істеу керек. Бізде былай ғой. Соғыс ардагерлерін тек Жеңіс күні жақындағанда іздей бастаймыз. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл да солай. Осы уақытта ғана оларды еске аламыз. Ал ашаршылықтар құрбандарын еске алу сол күннің тасасында қалып келе жатқандай. Бәрін де басқа уақытта естен шығарамыз. Бұл дұрыс па? Меніңше, тек 31 мамыр күні ғана емес, біз саяси қуғын-сүргіндердің, көшпенділерді үш дүркін қырған аштықтың – ұлттық апаттың құрбандарын ұдайы еске алып отыруға тиіспіз. Жыл сайынғы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өз алдына, соның қарсаңындағы жұмада мешіттерде, шіркеулерде, өзге де ғибадатханаларда ашаршылық ққрбандарына арнап дұға бағыштауды дәстүрге айналдырсақ, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын. Біз оларды жоқтай алуымыз керек. Оларды жоқтай алу арқылы біз болашағымызға дұрыс қарайтын боламыз. Біздің халқымыздың бірлігі берік дейміз. Қазақтың қайғылы тарихын барша қазақстандыққа білгізсек – сол бірлігімізді тек нығайта түсеміз. Халық қазақ тарихын білу керек және оған құрметпен қарауы ләзім. Халықты тарихпен тәрбиелеу қажет. Алдағы жоспарлардың бірі – сталинизмді әшкерелеуді көздейтін ғылыми-практикалық конференция өткізу. Мұндағы ойымыз – кешегі тоталитарлық кезеңдегі қиындықтардың барлығын халыққа түсіндіру. Қоғам жанынан мерзімді басылым ашу да ойда, қаражатқа тірелетіндіктен, осы уақытқа дейін шығара алмадық. Бүкіл халық болып атқаруға тиіс шаруамызды – «Әділет» қоғамы: тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» деген тақырыппен Қоғамның 20 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өткізіп,  жұртшылыққа қабылдаған Үндеуімізде тұжырымдадық.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Азамат Қасым. 22 маусым 2009 ж.

 

ТАРИХПЕН ТӘРБИЕЛЕУ – ЕСКІРМЕЙТІН ТАЛАП

Кеңестер Одағын «соқамен қабылдап алып, атом бомбасымен қалдырған» Иосиф Виссарионұлы Сталиннің туғанына 130 жыл толуына орайластырылатын «Сталинизм тарихы: репрессияланған Қазақстан» атты ғылыми конференцияны «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы еліміздегі барлық мүдделі ұйымдармен бірлесіп өткізуді жобалауда. Мұндай іс-шара қалың ел-жұрт бастан кешкен қайғылы кезеңдерді тереңірек түсіне отырып, халқымыздың – қазақтың өзін былай қойғанда,  қазақ төңірегіне топтасқан түрлі ұлт өкілдерінің – бірлігін нығайта және арттыра түсуге септесетін болады. Сталиндік-большевиктік режимнің халық еңсесін басып келгені мәлім. Бертінгі игіліктерге біз ұлттың қорлық көруі мен қиналыстары, қилы азап шегулері арқылы жеттік. Сталинизм дәуіріндегі ерен қасірет пен күреске толы кезеңді Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының халқы да бастан кешкен еді. Тағдыры тағылымды осы аудандық әкімшілік бірлік – сталинизм жылдары тұрпайы таптық саясаттың зардабын мейлінше тартқан, қайғылы саяси репрессияға ұшыраған Қазақ елінің келбетін өте анық елестететін нақты да көрнекі мысал болып табылады. Сонымен бірге, өкініштісі, қазіргі демократияшыл кеңқолтық заманның өзінде осы ауданға байланысты кейбір тар рушылдық тұрғыдағы іріткі салушылық та әлсін-әлсін көрініс беріп жүр. Сондықтан, шолақ пішілетін тайыз пайым біткеннің алдын алу орайында да,  көпке беймәлімдеу тарихқа ерекшелеу назар аударған дұрыс тәрізді.

Жақында республикалық газеттердің бірінде Сарысу ауданының аталымына бір журналистің ру мүддесі тұрғысынан келіспеушілік білдіріп, атын өзгертуді ұсынған мақаласы жарық көрді. Оған тоқсанды алқымдаған қарт жазушы Дулат Шалқарбаев байсалды жауап беріп те үлгерді. Ол «белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Жанайдар Садуақасов пен Ораз Жандосов басқарған құтқарушы топ ашаршылыққа ұшыраған сарысулықтардың он ауылдық кеңесіне Талас ауданына қарайтын үш ауылдық кеңесті қосып, Сарысу атымен Қаратау өңіріне орнықтырғанын»  еске салды. Сол шақта да, кейінірек те – Хрущев дәуірінде бес жылдай Талас ауданына біріктіріліп, одан қайта отау тіккенінде – ауданның атын өзгертейік деуге ешкімнің аузы бармағанын, өйткені олардың «елді, жерді, аруақты сыйлағаннан», аудан атауы «қуғын-сүргінмен өткен үш рулы елдің ескерткіші екенін түсінгеннен» солай еткендерін айтты. Аудан еңбек ардагерлерінің Ермекбай Ақылбеков, Тұрсынбек Ысқақов, Қабыл Ыбыжанов, Әнуар Садуақасов, Төкен Омарбеков, Алтын Досжанова, Қыстаубай Әлиев бастаған үлкен тобы Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеу үшін Қазақтың – Өзіміздің ұлттың бірлігі керек», – деген сөзін терең түсінуге шақырып ашық хат жазыпты. Ақсақалдар «ел арасын алшақтатқан астарлы мақалада» журналистің  «рулар арасына арсыз ши жүгірткен» моральдық бейнесіне таңырқап, оның «Ру мен Бұруды» көңірсіткен, «алынбас қамалға қаңғырып келіп тиген жебенің сынығындай болған сыпсыңы ел-жұртты ойға қалдырғанын» айтып қынжылыпты. «Сексен жылдан бері құда-құдандал болып, ағайындай араласып, бітісіп кеткен» ат төбеліндей аз жұртты «ата-атаға бөлшектеп» ірітуге тырысу бір бұл еместігін, әлдебір өресіз журналистің «Арқадағы өзен Қаратаудағы ауданға неге керек?» деген уәжбен, ауданның атын өзгертуді бұдан тоғыз жыл бұрын газетте, енді біреуі беріде беделді басшы алдында көтеріп елді дүрліктіргенін ренішпен еске алған да, «сан ғасырдан бері әрең қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді» шындап баянды етудің жөн жолын нұсқаған екен...

Бұл жәйт «Әділет» идеяларының маңызы жоғалмағанын, азаматтарды тарихпен тәрбиелеу жұмысын еш тоқтатуға болмайтынын, сол орайда алдағы айда өткізуді жоспарлап отырған конференция  тақырыбының өзектілігін көрсетеді...

Көшпенділік

Сарысу ауданының құрылғанына сексен жылдан асып барады. Аудан Сарыарқа төсінде Сарысу өзені алқабын жайлап, ну қамысты Шу өзені алқабын қыстап жүрген  көшпенді болыстардан ұйыстырылған еді. Дербес әкімшілік бірлік болып құрылған бетте-ақ оның дәстүрлі экономикасы тұралатылды. Жұрттың тұтқа көретін аэаматтары саяси айыптар тағылып, жазықсыз жазаланды. Қаржымен қамтамасыз етілмеген отырықшыландыру шарасын қайткенде жүзеге асырмаққа күш қолданылды. Кәмпеске, ұжымдастыру сынды науқандарды наразылық белгілерін басып-жаншумен қатар жүргізді. Айналып келгенде, алды-арты ойластырылмаған берекесіз реформаны күйттеген солақай саясат жаңа ауданның халқын зор күйзеліске ұшыратты.  Күнкөріс көзінсіз қалған ел-жұрт ашаршылыққа ұшырап, Отыз екінші жылғы Ұлттық апатты бастан кешті. Түгелге жуық қырылып қалудың аз-ақ алдында қалды. Қысы-жазы киіз үйде тұрып, мал бағумен күнелтетін бұл ел құлазыған жалпақ Бетпақдаланы мал-жанымен жылына екі мәрте басып өтіп, көктемде Сарысуға, күзде Шуға қарай көшіп жүретін. Осындай жағдай революцияның алғашқы жылдары да өзгеріссіз сақталған-ды. Кеңес өкіметі орнап, кеңестік автономиялар шаңырақ көтерген тұста олар объективті түрде екі республикада кезек-кезек тұрып, көшпенділік тұрмыс салты ыңғайымен, жаз айларын – Қазақ Республикасының Ақмола облысы, қыс айларын – Түркістан Республикасының Сырдария облысы шектерінде өткізетін.

Алайда, әкімшілік бөлініс пен бағыныс тұрғысынан, мұндай ахуал халыққа да, билікке де  едәуір қолайсыздық туғызатын-ды... Шу бойына қыстауға келген ауылдарда, 1922 жылдың соңына қарай, жұртшылықтың Түркістан Республикасы құзырына өтуге тілек білдірген жиналыстары өтіп жатты. Жиналыстарға Сырдария облаткомының мандатымен Қазақ Республикасының Түркреспубликадағы Сырдария және Жетісу облыстары бойынша өкілі Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділов қатысып, жұртшылықтың қабылдаған қаулыларын (приговорларын) жинастырып алып жүрген. Сол шамада Ақмола үйездік атқару комитеті атынан қарулы топ құрып келген «өкілдер» Шудағы ел ішінде қыс  басталғалы тұрып келе жатқаны, олардың салық жинау желеуімен ел-жұртты тонап, қорқытып, жын-ойнақтарына ауылдардан қыз-келіншектер алдыртқан бейбастақтықтары белгілі болады... «Өкілдер» тобын Байсейіт пен Мұқыш Әділовтер аудандық милиция бастығымен, өзге де азаматтармен бірлесе қимылдап қарусыздандырады. Сол кезгі революциялық ахуалға сәйкес, халық үкімін шығартып, басшыларын атқызады. Артынша Ақмола және Әулиеата үйездік аткомдарына тиісті баянхаттар береді. Сөйтіп, көшпенді шаңырақтардың бірқатарын Талас бойына, Билікөл, Сорбұлақ, Созақ аймақтарына қоныстандырумен шұғылданады. Біраз жұрт Шу бойында қалады.

Кеңес өкіметінің абыройын түсірген қызметкерлерді жазалаудағы Әділовтердің іс-әрекетін Түркістан Республикасы үкіметінің төрағасы Тұрар Рысқұлов мақұлдайды.  Алайда Қазақ Республикасы Ішкі істер халкоматы Бас милиция басқармасының бастығы Дүйсебай Нысанбаев «ағайынды Әділовтер салық жинауға қарсылық ұйымдастырды» деген желеумен 1923-24 жылдары түрлі түсініктер жинап, айыптау материалдарын Қазаткомға ұсынады. Жалпы, Байсейіт пен Мұқышты істі қылудың түрлі амалын  қарастырады. Мәселе Орта Азиядағы ұлттық межелеу нәтижесінде қазақ жер-суы біріктірілгеннен кейінгі саяси жағдайда тіпті өршітіліп, әйгілі «Алаш ісіне» ұластырылады...

Апат кезендері

Сарысу ауданы 1928 жылғы қыркүйекте құрылды. Бұл кезде ауданда тіркелген көшпенділер қолында бір миллионнан астам қой, жиырма мыңдай түйе-жылқы болатын. Жекелеген байлардың ұсақ тұяғы 10-15 мыңдай, ірі қарасы үш мыңдай еді. Көшпенділікпен   өмір сүру салтының талабына сәйкес, ұдайы қоныс пен жайылым ауыстырып көшіп-қонып отыруына қажет болғандықтан, әр қожалық кемі төрт-бес түйе, бес-алты жылқы ұстайтын-ды. Тақыр кедейлер сирек, тіпті жоқтың қасы еді, өйткені бірлі-жарым жарлы әдетте дәулетті ағайындарының қызметінде жүріп, жоқшылық көрмейтін. Бұл барша көшпенді және жартылай көшпенділерге негізінен ортақ құбылыс-ты. Алайда, 1925 жылы елді басқаруға орталық эмиссары Филипп Голощекин келгеннен кейін, таптық идеология қолдан өршітілді. Әйгілі «Кіші Қазан революциясының» мұратына сәйкес, ағайындардың ара-жігін бай және кедей деп жауықтыра бөлу мақсатымен, ауыл-ауылда қоғамды екі жарып, жұлдызы жараспас қарсы таптарға аша түсетін сына қағылды. 1928 жылғы қыркүйекте Сарысу ауданындағы сегіз ірі байдың мал-мүлкі тәркіленіп, өздері жер аударылды. Одан кейінгі жылдары орташа байлар мен орта шаруалар малын ықшамдай түсу мақсат етілді:  ет дайындаудың «Нық план» деген атпен нобайланып, «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген әсіреқызыл ұранмен ел санасында өшпестей жазылып қалған шолақ белсенділік науқаны он бес ай бойы жүргізілді.

Азын-аулақ егін 1931–1932 жылдарғы құрақшылық салдарынан өнім бермеді, жайылымдық нашарлай түсті. Оның үстіне, кеңестік-большевиктік билік «ру жігін жоямыз» деген жаңа ұранмен ауылдарды бір-бірімен мидай араластырып, ауылдық кеңестерге жаңаша құрамда біріктірді. Қиюын қашыра айырып-қосып, шым-шытырығын шығарды. Шаруа жағдайына байланысты бұрыннан бірнеше құдыққа бөлініп қауымдасқан ағайындарды енді бір-бірінен еріксіз бөлініп кетуге мәжбүр етті. Бұған наразы болған ауыл адамдарының арыз-шағымын жергілікті өкімет тыңдамады. Одан жұрттың малын сьпырып алып, ұжымдастыру шараларын жүргізді, артельдер құрды. Тұрақты үй-жай салуға қажет қаржы-қаражатпен, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етпей-ақ, отырықшы болуға әмір етті. Әдеттегі көші-қонына тыйым салды. Сонда үйреншікті күнкөріс тәсілінен айырылғандардың шамасы жеткені жан-жаққа босып көшіп кетуге мәжбүр болды. Ауылдардың көбі ескі әдетімен Шуға қарай қозғалды. Олардың соңдарынан аудандық ГПУ мен милиция жасақтары түсті. Қаша көшкен елді арттарынан қуып барып, қорқытты, түрлі саяси кінә артып, зәбір көрсетті. Қолдарында қалған азын-аулақ малдарын тартып алып, өздерін қамауға дейін барды.

Малдан айырылып, паналар бұрыш таппай қалған көшпенділерді аштық жайлады. Бірлі-жарым көлігі барлар күш біріктіріп, түнделетіп, жасырын қаша бастады. Сарыарқада    сетіней бастаған көшпенділер енді Бетпақдала үстінде, ұзақ жолдың бойында қырылды. Бірін-бірі жетелеп, балаларын арқалап, жаяу-жалпылап келе жатқан аш-жалаңаштардың көбі межелі жеріне жете алмай, аштан өлді. Көбінің үй-мүліктері, төсек-орындары, киім-кешектері Бетпакдалада, Шу өңірінде қалып қойды. Ашыққандықтан  қарақшылық кәсіпке түскендар ас-ауқаты бар босқындарға шабуыл жасап, күш-көлігін, малдарын тартып алып жүрді. Жол-жөнекей жалғыз-жарым бөлініп қалған бала-шағаны ұрлап әкетіп, пісіріп жеуге дейінгі масқаралыққа да барды.

Тәркілеу мен ұжымдастыру алдында республикадағы қазақтар саны төрт миллионнан астам-ды, ал олардың алдарындағы малының мөлшері 40 миллионнан асатын. Қазақияда жаппай ашаршылық жасап, халықты ұлттық апатқа ұрындырған саяси науқандардан соң – елдегі қазақ саны екі есе, оның қолындағы малының басы 8 есеге дейін кеміп кетті. Ал отыз алты мыңдай жаны болған Сарысу ауданында жиырма төрт мың адам аштық құрбанына айналды. Халықтың үштен бірі ғана жаңа қонысқа тірі жетті, олардың қолында түлік қалмады десе де болады. Содан, «32-жыл» деген қанды жазу жұрт санасына мәңгі өшпестей боп жазылды.   

Репрессиялар

Большевизм өзінің озық реформа санатында дәріптеген әлеуметтік-экономикалық есеңгірету шараларының қайғылы салдарын «халық жауларына» жапты. Байсейіт және Мұқыш Әділовтер енді 1922 жылдан бері тіс қайрап жүрген жауапты қызметкерлер тарапынан Сарысу ауданында «тәркілеу науқанына қарсылық ұйымдастырды» деп айыпталды. «Тәркілеу науқанына қарсылық ұйымдастырушыларды» тұтқындау үшін Шымкенттен Қаратау қойнауына 1928 жылғы желтоқсаңда қарулы жасақтар аттандырылды. Байсейіт оққа ұшты, ал түнеген үйі қоршауға алынып, ескертпе ретінде оқ атыла бастаған сәтте – Мұқыш (Дінмұхамед, Дінше) берілді. Дінше Әділов –  1917 жылы Омбыда Әлихан Бөкейханов қатысқан жиналыста Алаш партиясының Ақмола облыстық комитеті мүшелігіне сайланған ұлт қайраткері, 1918 жылы Қиыр Шығыста Қызыл гвардия қатарында шайқасқан, 1920 жылы Алматыда Жетісу облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі болған, сол жылы күздегі Қазақстан Кеңестерінің I съезінде Орталық Атқару Комитетінің – Қазаткомның мүшесі болып сайланған, республика Ішкі істер халық комиссарының орынбасары, бірер уақыт міндетін атқарушы болып істеген мемлекет қайраткері, 1921 жылы Кеңеске қарсы Орта Азияда жүргізілген астыртын қызметке қатысып қайтқан тәуелсіздік күрескері, 1925-26 жылдары Ұлт театрының тұңғыш директоры (бас режиссері, көркемдік жетекшісі) ретінде бүгінгі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының шаңырағын алғаш көтерген мәдениет қайраткері еді. Осы азаматпен әлдебір байланыста болды-ау, аудаңдағы сегіз ірі байды тәркілеуге әлдеқандай наразылық белгілерін білдірді-ау дегендердің бәрі 1929 жылдың ортасына дейін қамауға алыңды.

Кеңес Одағы Біріккен Саяси Бас басқармасының (ОГПУ) Шығыс бөлімінің 2-бөлімшесі бастығының көмекшісі Павлов Мәскеуде 1930 жылғы 12 наурызда Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,  Дінмұхамед Әділовпен бірге барлығы 44 адамға айып таққан 78754-іс («Алаш ісі») бойынша айыптау қорытындысын жасады. Шығыс бөлімінің бастығы Дьяков бекіткен осынау айыптау қорытындысында «Әділовтің бандасы» деген арнайы тарау бар. Онда алашордашылардың басшылары «шалғайдағы Сарысу ауданында тұрған Әділовтің бандасына» да «үлкен үміт артқаны» атап көрсетілген. Сарысудың 18 тумасы, олардың алтауы ағайынды Әділовтер,  Мәскеудегі Бутырь түрмесінде Ахаң, Жахаң бастаған 44 алашордашы қатарындағы «бандиттер» ретінде істі болып жатқанда, күллі Қазақстан аймақтарында орашолақ реформаға қарсы қарулы бас көтерулер орын алды. Іргелес Созақ пен Сарысу аудандарының азаматтары да көтерілді. Көтерілістердің баршасы аяусыз басып-жаншылды. Жазалау операцияларында жүздеген жан оққа ұшты. Қатысқандар сотқа тартылды. Көбі түрлі мерзімге кесілді, айдалып кетті, едәуір бөлігі атылды. Тек Сарысу көтерілісіне қатысты деген айыппен 1930 жылы 25 адамға ату жазасы берілген.

Жұрт реформа талаптарына бейімделіп, тіршілік біртіндеп қалыпқа түсе бастағанда, «үлкен террор» дауылы соқты. Республикада жүз жиырма мыңдай жан репрессияланып, жиырма бес мыңдай адам оққа байланғаны мәлім. Солардың қатарында жүз қаралы сарысулық қуғын-сүргінге ұшыратылды, олардың көпшілігі атылды, талайы лагерьлерде құлдарша еңбек етіп, казармалық социализм көрігін қыздырды. «Аспаннан түскен жасын-ды, Жасынға тіктім басымды. Теңізден маржан сүзгендей, Теріп бір алды-ау асылды! Қаптай да көшкен қауымның, Қорымы қалды-ау, о, жалған! Ардағы кетіп ауылдың, Тобыры қалды-ау, о, жалған!» – 32–33-жылдарғы алапат аштық пен 37–38-жылдарғы «халық жауларын әшкерелеу» науқаны құрбандарына кезінде осындай зарлы жоқтау шығарылған екен.

Құрбандарды еске алу

Жоқтаулар үрейлі ахуалда, оңашада айтылды. Ашық жоқталғандар
да жеткілікті-тін – олар екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары еді. Сарысулықтар майданға ер-азаматтарын түгелге жуық аттандырды. Олардың ішінде 2421 адам ұрыс далаларында опат болды (дерек толық емес). Үш сарысулық – Берген Исаханов, Қазбек Нұржанов, Амантай Дәулетбеков Кеңес Одағының Батыры атанды, 280 жаудың көзін жойған, Невель қаласы үшін болған шайқаста Мәншүкпен бір күнде, бір шепте мерт болған атақты мерген Ыбырайым Сүлейменовті сарысулықгар өз араларынан шыққан төртінші Батыр деп біледі. Көптеген сарысулық майдангер жауынгерлік орден-медальдармен марапатталды, ондаған азамат фашистермен офицер дәрежесінде шайқасты. Олардың ішінде аудан шегіне аман оралып, ел басқару ісіне араласқандар, белгілі қайраткер деңгейіне көтерілгендер де баршылық. Мұның бәрі жаппай және орынды түрде мақтаныш етілді. Тек қайғылы шежіре көпке беймәлім қала берді, ол көзі ашық азаматтарды ғана іштей толғантты. Жазушы Пернебай Дүйсенбиннің айтуына қарағанда,  1967 жылы Сарысу ауданының басшысы Ұзақбай Сыздықбаев жергілікті журналист-жазушы, ақын Дулат Шалқарбаевты шақырып алып, «көне көз ақсақалдар бар кезде, олардың кешегі қаралы кезең жайындағы естеліктерін қағазға түсіріп алуға» тапсырма беріпті. Есте қалған деректерді жинастыру ісін аудандық өлкетану мұражайын ұйымдастырушы қарт журналист Төкен Мақашев та сол шақтан бастаса керек. Бірақ тоталитаризм олардың адымын аштыра қоймаған тәрізді. Сол кісілердің материалдары негізінде Пернебай тәуелсіздік жылдары «Шежірелі Сарысу», «Сарысунама» атты мазмұнды жинақтар шығарды.

                                                   ***

Тоталитарлық билік кезінде жаңғыз сарысулықтар емес, жалпы  халық жұмған аузын ашпай келген. Қайта құру саясаты тұсында ғана жұрт қасіретті тарихын ашық қайта қарай бастады. Тәуелсіздіктің табалдырығында Жоғарғы Кеңес аштық құрбандарын еске алу күнін белгіледі, алайда ол белгілі себептерге байланысты ешқашан өз дәрежесінде атап өтілген емес. Шынтуайтқа келгенде, ащы да қасіретті тарихты жұрт санасында жаңғыртып, барша халықты тек сол шыншыл тарихпен тәрбиелеу арқылы ғана  еліміздегі нағыз татулық пен бірліктің, ұлттық даму мен жарқын болашақтың бекем негізін қалауға болар еді. Осындай ойға бекем «Әділет» қоғамы тоталитарлық сталиндік режимнің қатыгез іс-әрекеттері мен саясаты салдарынан орын алған трагедияны ұмыт қалдыруға болмайды деп санайды. Қасіретті өткен шақ қазіргі және болашақ ұрпаққа әрдайым демократиялық құндылықтарды, адам құқтарын және заңдылықты сақтау мақсатындағы ескертпе боп тұруға тиіс. Тарихтың осынау ұлттық апат бедерленген беттерінен болашақ ұрпақ тағылымды сабақ алу үшін, ұсақ рушылдыққа ұрынбай, ұлттық тұтастық қадірін түйсіну үшін, күллі қазақстандық халықты бір мақсатқа ұйыстыра алу үшін – оны ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларға енгізу қажет. Біз өткізуді қолға алып отырған «Сталинизм тарихы: репрессияланған Қазақстан» атты болашақ ғылыми конференция сондай игі шаруаға риясыз қызмет етеді деген сенімдеміз.

9 қараша 2009 ж.

 

СТАЛИНИЗМ: РЕПРЕССИЯЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН

Баспасөз үшін хабарлама– Пресс-релиз

Барлық БАҚ өкілдері шақырылады! Қазақстан «Әділет» тарихи-зерттеу қоғамы,   ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Кинофотодоқұжаттар және дыбыс жазбалар ОМ мұрағаты,  «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы және А.Сәрсенбаев атындағы қоғамдық қор ХХ ғасырдың 20–50-жж. орын алған солақай саясат қасіреттерін қарастыратын «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Кеңес өкіметі тұсында көшпенді қазақ халқы үш дүркін жасанды ашаршылықты бастан кешіп, бұрын-соңды болмаған ұлттық апатқа ұрынды: 1917–1919, 1921–1923, 1931–1933 жж. жалпы адам шығыны 4 млн., ықтимал табиғи өсімді есептегенде 10 млн. жаннан асты. Сталинизм дәуірлеген жылдары сан мың жан жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырады: жеке басқа табыну әшкереленгеннен бері 340 мыңнан астам азамат ақталды. Конференцияда ғалымдар, зерттеушілер, мамандар Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын темір құрсауына алған сталинизмнің кезеңдерін, себеп-салдарларын, құбылыс ретіндегі табиғатын, оның өндірістік, қоғамдық, мәдени өмірге әсерін ашып, саяси репрессиялар мен олардың құқықтық қырлары, ұжымдастыру, ашаршылық, депортация, сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерьлері жайындағы тың зерттеулер мен ой-пікірлерді ортаға салады. Сталинизм  жайында арнайы дөңгелек столда замандастар пікір алысады. Конференция жұмысының қорытындысы ретінде жұртшылыққа үндеу қабылданады.

Кіріспе сөз – Вступительное слово

Қадірменді халайық, қымбатты достар, дамы и господа! Біз ел тарихының қайғылы беттерін ештеңеден сескенбей еске алып,  ашық айта бастағалы, міне, жиырма жылдан асты. Кеңестік кезеңде біз көп жетістікке қол жеткіздік, жаппай сауаттандық, өркениетке иек арттық. Сол дәуірдегі, идеологиялық шектеуі мол болса да, қазақ атымен жаңғыртылған кеңестік мемлекеттігіміздің арқасында – 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздікке ие болдық. Алайда, өткендегі солақай саясат, қилы бұрмалаулар мен олардың зардабы ауыр салдарларын ірі жетістіктер тасасына жасыруға, тарих күресініне  лақтырып тастауға болмайды. Олар ұмытылуға тиіс емес, ұмытылмайды да. Они не должны быть преданы забвению, потому что память о национальных трагедиях так же священна, как память о победах. Мы с вами собрались в год праздования 65-летия Великой Победы над фашизмом. Почти одну четвертую часть своей численности казахский народ отправил на войну и три четверти из них, сражаясь за Родину, за Сталина, остались на поле брани. Мы помним и гордимся подвигами народа, отдавшего жизнь многих своих сынов и дочерей за Отечество и одержавшего героическую победу. Но также мы должны помнить те предвоенные два десятилетия, на протяжении которых уничтожались целые слои и сословия народа, имело место по сути вымирание  казахов, подверглись политическим преследованиям работники всех сфер народного хозяйства, интеллигенция, духовные служители. Несмотря на то, что прошло с тех пор много времени, принесшие огромные успехи в экономике, научной и культурной жизни страны, не утихает народная боль. Массовые политические репрессии и голодомор навсегда остались в памяти. Они и сегодня ярко кровоточат цифрами, символизирующими самые трагические страницы нашей истории: «32» и «37». И голоду, и репрессиям нет оправдания. Ибо ничто не может ставиться выше человеческой жизни. Как известно, вскоре после установления советской власти, большевики преследовали своих политических оппонентов, и классовых противников, и участников национально-освободительных движений, и партийно-советских работников, имевших свои принципиальные позиции в развитии страны, республики.

Еще весной 1918 года, комиссар по делам национальностей Сталин,  продемонстрировал двуликость в отношении национального строительства: он вместе с Лениным принял делегацию «Алаш-Орды» во главе с членом Народного Совета «Алаш-Орды» Джанши Досмухамедова, одобрил деятельность автономного правительства, но за их спиной призвал народ освободиться через Советы «от своих угнетателей типа досмухамедовых». Затем, став генсеком, Сталин провел ряд крутых мер по укреплению тоталитарного режима и выдвижению репрессии как единственного и верного метода убеждения в правильности линии большевиков, достижению единообразия в мышлении коммунистов. Серьезным сигналом в этом отношении было Четвертое совещание ответственных работников национальных республик и областей, проведенное ЦК в 1923 году в Москве. Здесь Сталиным, на фоне сфабрикованного «Дела Султан-Галиева», подверглись обструкции национальные кадры с самостоятельным видением будущего страны, в том числе туркестанцы Турар Рыскулов и Султанбек Ходжанов. Спустя немного времени, с начала 1924 года, под бдительным оком генсека расчленялась  Туркестанская Республика, проводилось в Средней Азии национальное размежевание. Потенциальный противник этого мероприятия Рыскулов был отозван в Центр, а инициатор создания Среднеазиатской Федерации и экономического сообщества республик Средней Азии и Казахстана Ходжанов – не услышан. Генеральный секретарь направил руководить Казахстаном в 1925 году Филиппа Голощекина. С деятельностью этого эмиссара Сталина связаны крутые перемены в общественно-политической жизни. Подверглись гонению и обвинялись в групповщине местные деятели, выдумывались враги в лице так называемых «буржуазных националистов» – бывших деятелей Алаш-Орды. Проводилось искусственное классовое расслоение общества: кампания называлась громко – «Малой Октябрьской революцией». Появился декрет о конфискации имуществ баев. Революционный характер кампании подчеркивался правительственным постановлением об уголовной ответственности при оказании сопротивления конфискации и о ссылке конфискованных за пределы республики. «Малый Октябрь» привел вековой уклад аула к крушению.  Животноводство пришло в упадок, насильственно отобранный у потомственных животноводов скот и имущество не дали аулу процветания, перераспределение богатства себя не оправдало и кампания вскоре, в ходе насильственной коллективизации, переросла в массовую голодную смерть кочевого народа. Голод в Казахстане – это особая строка в преступлениях сталинизма. Мустафа Чокаев назвал это «голодной политикой большевиков». В голодоморы 1917–1919, 1921–1923 и 1931–1933 гг. прямая потеря кочевников в совокупности превысила четырех миллионов, а с учетом упущенного естественного прироста более десяти миллионов человек. Это была национальная катастрофа. Она сопровождалась репрессией против национальной интеллигенции и карательными операциями против недовольных масс. Из первой группы так называемых «буржуазных националистов», четверо – Жусупбек Аймаутов, Динмухамед Адилев, Абдрахман Байдильдин и Ахмедсафа Юсупов – были расстреляны 21 апреля 1930 года в Москве, по сути принесены в жертву в честь шестидесятилетия со дня рождения вождя пролетариата Ленина.  

По мере обострения кризиса в социально-экономическом развитии СССР, усиленно искали «врагов народа», «вредителей», «подрывных антисоветских элементов и подпольных организаций». Любой гражданин, от рядового труженика до ответственного работника, был полностью беззащитным перед лицом власти. Власть творила с ним все, что хотела. Фабрикация дел была поставлена на поток.  Обвиняемые признавались в совершении уму непостижимых, нереальных преступлений. В этом постарались карательные органы, которые добывали признаний преступным путем, изощренными пытками. Везде царил страх, неуверенность в будущее. В такой обстановке, 5 декабря 1936 года, была принята новая Конституция СССР, где Казахская Автономная ССР записана как одна из союзообразующих. И она была преобразована в союзную республику. То, что должно было осуществиться еще в 1924 году по итогам национального размежевания в Средней Азии, когда Казахстан по всем параметрам соответствовал на союзную корону, наконец свершилось. Благодаря сталинской конституции. Тогда, когда он потерял половину численности государствообразующей нации в результате преступной политики Центра во главе с Иосифом Виссарионовичем Сталиным и потерпел ужасающий упадок в экономике, вырезав почти все поголовье скота. Так, придавая автономной республике статус союзной, «отец народов» замаскировал национальную катастрофу казахов. Начавшись весной 1937 года, политические репрессии охватили всю страну. В Казахстане без особого труда развертывались абсурдные дела «национал-фашистов» и «японо-германских шпионов», которые якобы хотели отделить Казахстан от СССР и отдать под протекторат Японии.  И преуспел в наказании «врагов народа» сам Сталин. Лично им и его ближайшими соратниками по Политбюро подписаны приговоры еще до суда 44 тысячам гражданам. В том числе 1581 казахстанец предан суду Военной коллегии Верховного Суда СССР, для 1452 из них предписаны приговоры по первой категории. А сколько наших граждан, проживавших в разных республиках Советского Союза, попали в сталинские расстрельные списки – нам предстоит еще выяснить. На опустошенных после успешного проведения «голодной политики» просторах Казахстана теперь располагались лагеря, где силами репрессированных, привезенных со всех концов Советского Союза, строился казарменный социализм. В Казахстан были депортированы корейцы, немцы, чеченцы, ингуши, турки-месхетинцы, карачаевцы, балкары.

В годы «оттепели» постепенно начался процесс пересмотра и отмены приговоров в отношении невинно осужденных, расстрелянных и погибших в лагерях. Но эта работа была быстро свернута в годы «застоя». И как результат – наш народ испытал звериный оскал сталинизма в декабре 1986 года. Только с началом политики гласности раскрывались сокровенные тайники тоталитаризма, и общество узнала о многих фактах беззакония, планомерно проводившихся сталинским режимом. Сегодня мы знаем, что в республике реабилитированы 340 тысяч безвинно репрессированных за годы сталинизма, в том числе осужденные в годы «большого террора» около 120 тысяч, из них расстрелянные 25 тысяч. Никакими высшими государственными целями нельзя оправдать эти многочисленные жертвы. Потому мы считаем важным постоянное изучение и разоблачение репрессивной политики и карательной практики советского государства. Мы должны преодолевать равнодушие и стремление  забыть эти трагические страницы нашей истории. Мы обязаны напоминать людям: было совершено неслыханное преступление государства против своего народа. Оно не должно повторяться. Поэтому и нужно постоянное разоблачение беззакония, произвола, несправедливости – этих движущих сил репрессивно-карательной политики советской власти, повсеместно нарушавших элементарные права человека.

Обо всем этом надо постоянно помнить. И живущим сегодня, и будущему поколению. Помнить и осмысливать во имя построения истинно демократического, справедливого общества. Помнить и предостерегать, чтобы не допускать повторения ужаса тридцатых годов. Необходимо устранять все политические лазейки обхода демократии, возможности концентрации власти в руках одного органа или должностного лица. Делать все по обеспечению открытости в работе правоохранительных органов. Необходимо обеспечить реальных гарантий человеческой свободы, оградить человека от произвола государства. Надо постоянно добиваться, чтобы государство заботилось о своих гражданах. Следить, чтобы оно ни  в коем случае не причиняло гражданам зла. Постоянное изучение трагического прошлого страны должно помочь этому делу. В этом и состоит цель нашей конференции. Международная научно-практическая конференция «Сталинизм: репрессированный Казахстан» объявляется открытой.

24 ақпан 2010 ж.

ҮНДЕУ – ОБРАЩЕНИЕ

«Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар ХХ ғасырдың 20–50-жж. елімізде орын алған  саясат салдарларын, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын темір құрсауына алған сталинизм табиғатын, оның өндірістік, қоғамдық, мәдени өмірге әсерін, саяси репрессиялар, ұжымдастыру, ашаршылық, депортация, сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерьлері жайындағы тың зерттеулер мен ой-пікірлерді қарастыра келе, жұртшылық арнайы үндеу арнауды қажет деп тапты. Қазақ елі Ресей империясының отарына айналып, мемлекеттілігін жоғалтты да, коммунистік идеология билігі аясында Қазақ  Кеңестік Социалистік Республикасы тұрпатында ішінара жаңғыртты. Кеңес мемлекеттігі халықтың жаппай сауаттылық деңгейін көтергенін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, қалалар мен өнеркәсіптің дамуын жақсартқанын мойындау керек. Алайда мұның бәрі олардың тасасында қалған халықтың шынайы қайғысын ұмытуға желеу бола алмайды. Тап осы себеппен Иосиф Сталин тұлғасы мен сталинизм отандық және әлемдік тарих ғылымындағы ең көп талқыланатын тақырыптар болып тұр. Сталинизм кезеңі – кембағал ұлттық сананы қалыптастырған, қоғамның барша институттарын өзгеріске ұшыратқан қасіретті уақыт.   Кеңес өкіметі тұсында көшпенді қазақ халқы үш дүркін жасанды ашаршылықты бастан кешіп, бұрын-соңды болмаған ұлттық апатқа ұрынды: 1917–1919, 1921–1923, 1931–1933 жж. жалпы адам шығыны 4 млн., ықтимал табиғи өсімді есептегенде 10 млн. жаннан асты. Сталинизм дәуірлеген жылдары сан мың жан саяси желеулермен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырады: солардың ішінен жеке басқа табыну әшкереленгеннен бері 340 мыңнан астам азамат ақталды. Жүздеген мың отандастарымыз Отан шекарасынан шығып көшіп кетуге мәжбүр болды. Қазақ халқы өз елінде ұлттық азшылыққа айналып, өткен ғасырдың елуінші жылдары оның үлес салмағы барлық тұрғындардың үштен біріне де жетпей қалды. Қасіретті өткенімізді  ұмытпау және оны алдағы уақыттарда ешқашан қайталанбайтындай етіп еске салып тұру үшін болашақ ұрпақ зердесіне құйып отыру – әділдік пен демократияның салтанат құруын қамтамасыз ету жолында атқаруға тиіс біздің азаматтық парызымыз. Бұл үшін тоталитарлық тарихтың көмескі беттерін – «ақтаңдақтарды» зерттеуді жалғастыра берген жөн. Біз сталинизм тарихын «ұмыту» немесе «ұмыттыру» әрекеттеріне, оны ғылымға жат, иррациональды біліммен қаруланған саяси демагогтардың және жаңа сталиншілдердің алдамшы шешендігімен алмастыруға бәріміз бірігіп қарсы тұруға тиіспіз. Бұл орайда бізді бүгінгі Ресей билігінің «Сталин культін» қайта қалпына келтіру, яғни «тарихты Ресей мүдделеріне залалын тигізіп бұрмалау әрекеттерімен күресу» саясаты алаңдатады.  

Бұдан 20 жыл ілгеріде Алматы қаласындағы қарағайлы бақ ішіне ашаршылық құрбандарын еске алатын ескерткіш орнатылатын орын белгіленіп, естелік тас қойылды, алайда ойдағы монумент әлі тұрғызылар емес. Бұрынғы НКВД ғимаратында ашылған мұражай 1,5 жылдан кейін жабылып қалды, оны қоғам өміріне қайтаруға әлі күнге дейін ынта танытылмай тұр. Алматы түбіндегі Жаңалық ескерткіші тұрған «Әділет» қоғамы қарамағындағы 15 га жерді игеру (атылғандардың аты-жөні қашалған естелік қабырға орнату, мемориалды орман алқабын отырғызу, «Әділетке» қарасты «шопандар үйінде» саяси репрессиялар мұражайын жасау) істері әзірге қолға алынбай отыр. Сондықтан біз, конференцияға қатысушылар, былай деп санаймыз: – Қазақстан тарихын, сондай-ақ КСРО құрамында болған өзге мемлекеттердің тарихын жақсы түсіну үшін сталинизм тарихын оқудың принципті мәні бар; – сталинизм феноменін зерттеу әр салада істейтін ғалымдардың күш-жігерін біріктіруді, халықаралық ғылыми қызметтестікті нығайтуды талап етеді; – сталинизмді зерттеу мұрағаттық құжаттарға жол ашудың кеңейтілуін, құжаттардың құпиялық мәртебесін жою үдерісін жеделдетуді, бұл саладағы заңнаманы қатаң сақтауды талап етеді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволық мұрағаттарын мемлекеттік мұрағаттарға жалпыға ортақ жағдайда сақтау үшін өткізуге  және ондағы құжаттармен тәуелсіз зерттеушілердің жұмыс істеуіне мүмкін берілуін қамтамасыз етуге қол жеткізу қажет; – сталинизм тарихын объективті түрде зерттеу ғылыми зерттеулер мен тарихи дереккөздерді жария етудің жаңа жобаларын жасауды талап етеді; – сталинизм тарихын зерттеу куәлері азайып келе жатқан дәуір жайында естеліктер, деректік және өзге мәліметтер жинауға күш-жігер жұмылдыруды талап етеді; – осы уақытқа дейін санамызда жаңғырығып тұрған сталинизмнің ауыр мұрасын жоюға Қазақстанның әдебиеті мен өнері көркемдік тәсілдермен жәрдемдесуге тиіс.

Сталинизм жайында адекватты тарихи зерде қалыптастыру мыналарды талап етеді: – арнайы жалпыұлттық мұражай-мемориалды кешен, сондай-ақ орталық және аймақтық өлкетану мұражайларында мұражайлық экспозициялар жасау; – кітаптар шығару, дәрістер өткізу, деректі фильмдер, мультимедиа-материалдар жасау түріндегі ағартушылық қызметті кеңейту; – орта және жоғары мектептерде оқу әдебиеттері мен білім беру қызметін тарих саласындағы, өзге әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы ғылыми білімнің қазіргі заманғы деңгейіне сәйкестендіру; – жазықсыз репрессияланғандар мен ашаршылық құрбандарының жерленген орындарын анықтау және бастарына белгі тұрғызу; – жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні (31 мамыр) қарсаңындағы жұмада мешіттер мен шіркеулерде еске алу шараларын, сондай-ақ оқу орындарында ашық сабақтар өткізу.

Бұлардан басқа, конференцияға қатысушылар осындай конференцияларды ұдай өткізіп тұру қажет деп санайды. Конференция материалдары жеке кітап түрінде шығып тұруға тиіс.   Біз сталинизм қасіреттерінің күллі шындығын болашақ ұрпақты тарих арқылы тәрбиелеуге пайдалану жөніндегі жұртшылық пікіріне еліміздің билік органдары сергек қарайды және осы орайдағы бастамаларға қолдау көрсетеді деп сенеміз.

 «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар. Алматы, 24 ақпан 2010 жыл.  

 

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЛІГІН АРТТЫРАЙЫҚ

Жақында Еуропалық Кеңестiң Парламенттiк Ассамблеясы Кеңес Одағы республикаларында 30-жылдары болған жаппай аштық құрбандарын еске алу туралы қарар қабылдап, аштықты кеңес режимiнiң өз халқына қарсы жасаған қылмысы деп таныды. Бiз осыған орай, Қазақстандағы барлық саяси партиялар мен қоғамдық және мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары мен елiмiзде тiркелген барлық дiни ұйымдардың жетекшiлерiне ой бiлдiрiп, ашық хат жариялаған «Әдiлет» қоғамының төрағасының бірінші орынбасары Бейбiт Қойшыбаевты әңгiмеге тартқан едiк.

– Бейбiт Орынбекұлы, айрандай ұйып отырған халқымызға нәубет әкелген қасiреттi оқиғаға саяси баға берудi Еуропалық ұйымның бастама етiп көтеруi не себептен туындады?

– Өткендi елеусіз қалдыруға болмайды, оның ащы сабақтарынан тағылым алу, оған тағзым ету – парызымыз. Баршамызға белгiлi, елiмiзде жыл сайын 31-мамырда Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi атап өтiлiп жүр. Бiрақ бұл атау қоғамның бүгiнгi талабын қанағаттандыра қоймайтыны байқалуда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында бұл күн Ашаршылық құрбандарын еске алу күнi ретінде белгіленген болатын. Оның қарсаңында сол кезгі Жоғарғы Кеңестің ғалымдардан құралған арнайы комиссиясы 30-жылдары көшпенді халыққа геноцид жасалғанын дәлелдеп, қорытынды берген еді. Алайда саяси баға жоғары деңгейде мақұлданбады. Сөйтіп Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы ретінде жарияланған 1997 жылға дейін Ашаршылық құрбандарын еске алу күнi бірде-бір рет өз деңгейінде аталған жоқ. Оған күні кеше кеңестік ортақ шаңырақ астынан шыққан коммунистердің бұрынғы орталыққа, еліміздегі орыс ағайындарға орынсыз алаңдауы себеп болды. Олар мәселенің себебі орыс халқында емес, большевиктік режимде екенін бағамдай алмады. Сөйтіп, нәубет жылдары құрбан болған төрт миллиондай қазақтың рухы іс жүзіндей жоқталмай, ескерусiз қалды. Бұл сол кезде жiберiлген iрi қателiктердiң бiрi едi. Парламент Мәжiлiсiнiң бiр топ депутаттарының «Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi» болып келген 31-мамырды бұдан былай солақай реформа салдарынан жазықсыз құрбан болған миллиондардың рухына жыл сайын тағзым ету үшiн «Жаппай саяси қуғын-сүргiн және аштық құрбандарын еске алу күнi» деп қайта рәсiмделуін және аштық нәубетінің себеп-салдарын, ауқымын ел тарихының тұтас кезеңi ретiнде арнайы зерттеу мәселесін көтеріп,  ұсыныс жасауы – аса құптарлық іс. «Ештен кеш жақсы» деген, депутаттардың бұл әрекетін үлкен азаматтық деп бiлемiн. Дегенмен мәселені кеңірек қарау қажеттігі анық. Өйткені үш дүркін (1917–1919, 1921–1923, 1931–1933 жж.) айналып соққан ашаршылық халықты қынадай қырып, ұлттық апатқа ұшыратты. Бұл, Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтқанда, «большевиктердің аштық саясатының» салдары еді. Оларға кең даладан көшпенділерді тықсырып, социализм құрылысшыларын кеңістікпен қамтамасыз ету керек болатын. Осы мәселеге тәуелсіз елімізде әлі саяси баға берілген жоқ. Еуропалық кеңес ашаршылық жылдарындағы Қазақстанға айрықша мән берiп, қырылған халықтың миллиондап саналатынын ашып атап көрсетiп отыр. Ресей мен Украина өз тарихындағы халықты ойсыратқан нәубеттi мемлекеттiк дәрежеде атап өткен болатын. Мәселен, Украина 1932–1933 жылдардағы нәубеттi, яғни халықты жаппай қырылуға душар еткен ашаршылықты «ұлтымызға қарсы жасалған геноцид» деп жариялап қойғанына төрт жылдай уақыт өттi. Сондықтан, бүгінгі парламент 90-жылдардағы Жоғарғы Кеңес бастап, жеріне жеткізе алмаған істі қайтадан қолға алар деп үміттенеміз.

– «Аштық пен репрессияны екi бөлек атап өтейiк» деген де пiкiрлер бар...

– Менiңше, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің мазмұны екі трагедияны да қамтиды. Алайда, іс жүзінде, ашаршылық нәубеті өз мәнінде аталмай, репрессия құрбандарын еске алу шараларының көлеңкесінде қалып келеді. Үлкен террор жылдары 25 мың боздақ атылды. Ал тек 32-жылғы апатта 2,5 миллионға жуық жан аштықтың құрбаны болды. Егер ұлттық апат қасіретіне саяси баға берілсе, оны жеке еске алуға әбден болар еді. Сол кезгі қуыршақ республиканың халқына қорған бола алмағаны үшін, халқының қырылуына, шет елдерге босып кетуіне жол бергені үшін  бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің опынып, халықтан кешірім сұрауы қажет деген ойдамыз. Оның орнын толтыру шараларын атап, арнайы азалы күн белгілеген жөн. Еврейлердің Холокост құрбандарын есте тұтатын «Яд ва Шем» (Жад пен Есім) мұражайы секілді көрнекі орын ашу, жалпы жұртшылықты қасіретті тарихпен тәрбиелеудің кең ауқымды іс-шараларын жасау – халқымыздың ұлттық бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған имандылық ісі болары сөзсіз. Ұлттық сананың кембағалдануына апарып соққан мұндай азалы кезеңдердi өскелең ұрпақ бiлуге тиiс. Қасiреттi өткенiмiздi ұмытпау және оны болашақ ұрпақ зердесiне құйып отыру – бiздiң адами, тарихи парызымыз. «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамы 2008 жылы – жасанды ашаршылықтың аяқталғанына 75 жыл толуына орай: «Қазақстандағы 30-жж. ашаршылық: ауқымы, себептерi, салдары», 2009 жылы – «Әдiлет» қоғамының ұйымдасқанына 20 жыл толуына орай: «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамы: тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа» атты арнайы республикалық, 2010 жылы – «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткiздi. Солардың бәрiнде тарихтың көмескi беттерiн зерттеудi жалғастырып, жер-жердегi өлкетану мұражайларынан сталинизм келеңсiздiктерiн әшкерелейтiн бұрыштар ашу, жазықсыз жазаланғандар мен ашаршылық құрбандары көмiлген орындарды анықтап, бастарына белгi қою iсiн жалғастыра беру керектiгi айтылып, тиiстi қарарлар мен үндеулер қабылданды. Сол үндеулерде репрессияланғандарды ұлықтау iстерiмен қатар, Саяси құғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi (31-мамыр) қарсаңындағы жұмада әр жыл сайын жасанды ашаршылықта көз жұмған боздақтар рухына мешiттер мен шiркеулерде, өзге де ғибадатханаларда, аштық құрбандарына қойылған белгiлер басында аруақтарға дұға бағыштап, оқу орындарында, мекемелер мен ұйымдарда арнайы жиындар өткiзудi дәстүрге айналдыру қажеттiгi тұжырымдалған едi. Осыны ендi сөзден iске айналдыратын кез келген сияқты. Бұған әлдебір шешім емес, азаматтық көзқарас, саяси ынта-жігер керек.

– «Аштық күнiн аза тұтсақ, орыстарды ренжiтiп аламыз» деп қорқа тартушылар да бар. Бiздiң ұзақ уақыт мәселеге байыпты қарай алмағанымыз да осы ұғымның ықпалынан шыға алмағандығымыздан емес пе?

– Орыстардың өзi де сол репрессияның құрбаны болды емес пе? Аштыққа сталиндiк режим кiнәлi. Бұл алапат жойқын нәубетте орыс та, белорус те, украин да, немiс те, башқұрт та, татар да – бәрi де қырылды. Сталинизм дәуiрлеген кезеңде сан мың жан жазықсыз қуғын-сүргiнге ұшырады. Жеке басқа табыну әшкереленгеннен берi тек біздің елде 340 мыңнан астам адам репрессияланған жан ақталды. Осы сорақылықтарды айыптап еске алу кезiнде, большевизм тұсында елiмiзде орын алған басқа бiр мемлекеттiк қылмыс, әлгінде айтқанымыздай, оның тасасында қалып қойып жүр. Кеңес өкiметi тұсында көшпендi қазақ халқы жасанды ашаршылықтар салдарынан бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген ұлттық катастрофаға ұрынған болатын. Жалпы адам шығыны 4 миллион, ықтимал табиғи өсiмдi есептегенде 10 миллион жаннан асты. Қазақ халқы өз елiнде ұлттық азшылыққа айналып, өткен ғасырдың елуiншi жылдары барлық тұрғындардың үштен бiрiне де жетпей қалды.

– Үлкендi-кiшiлi үздiксiз террор салдарынан толық салтанат құрған сталинизм ұлт зиялысын қаусатып салғанмен, Алаш мұратын – дербес мемлекет құру идеясын тұншықтыра алмады емес пе?

– Қазақ елi жоғалтқан мемлекеттiлiгiн 1917 жылғы Қазан төңкерiсi нәтижесiнде, кеңестiк тұрпатта жаңғыртты. Кеңестiк Қазақ Республикасы жұртты жаппай сауаттандырып, экономикасы мен мәдениетiн дамытты. Ақыры, Кеңестер Одағын құраған одақтас республикалардың бiрi ретiнде, 1991 жылы мемлекеттiк тәуелсiздiкке қол жеткiздi. Алайда мұның бәрi сол жетiстiктердiң тасасында қалған халық қайғысын ұмытуға себеп бола алмайды. Оның қан тамырында халқымыздың өшпес рухы мен күрескерлiк даңқы жатыр. Әйтсе де большевиктiк билiк қазақ халқына қисапсыз қасiрет әкелетiнiн Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескерттi. Қазан төңкерiсiн «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзiмен болған» зорлық актiсi ретiнде қабылдаған Ә. Бөкейхан, әуел бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды. «Есiк алдынан дауыл, үй артынан жау келдi!» – деп дабыл қақты ол. «Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бiр қиын iс келдi! Ақсақал аға, азамат iнi, отбасы араздық дауды қой, бiрiк, жұрт қызметiне кiрiс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!» Алайда Алаш көсемiнiң сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнiн тұншықтыру үшiн, күш қолданумен қатар, таптық уағызды шектен шығара жүргізіп, Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Большевиктік саясат сахнасына көтерiлген радикалды зиялылар шоғырының ұлт мүддесi үдесiнен шығуға мүмкiндiк алдық деген қуаныштары да ұзаққа бармады. Үздiксiз қуғын-сүргiн, кәмпеске мен күштеп ұжымдастыру, 1931–1933 жылдарғы аштық кiмнiң кiм екенiне көздерiн жеткiзсе, 1937 жылғы «үлкен террор» Алаш зиялыларымен қоса, кеңес туын алаулата көтерген радикалды ұстанымдағылардың өздерiн баудай түсiрдi. 1954 жылдан 1960 жылғы дейiнгi аралық ГУЛАГ-тың ең соңғы құлдырау кезеңi болды. Себебi, Сталин қайтыс болған соң, жиырмасыншы съезден кейін «жылымық» орнап, сталиншілдік,  тоталитаризм әлсiрей бастаған-ды. Тұтқындарға рақымшылық жасалып, бостандыққа шығарылды.

– Еуропалық депутаттар тарихи шындықты орнату үшiн бұрынғы кеңес елдерi үкiметтерiн өз мұрағаттарын ашып, оларға отандық ғалымдармен қатар, еуропалық сарапшыларды тарихымызды зерттеуге рұқсат берудi сұрамай ма? Кезiнде Мағжан Жұмабаев: «Революция бiздiң тарих тудырған төңкерiс емес, Еуропа тудырған жат төңкерiс» дегенiн естен шығармағанымыз абзал болар...

– Еуропалық Кеңес Парламенттiк Ассамблеясының отызыншы жылдары Қазақстан, Украина сияқты елдердi шарпып өткен аштыққа байланысты қарар қабылдап, кiнәнi сталиндiк режимге тануын қолдауымыз керек. Елiмiздің ғалымдары 30-шы жылдардың зұлматын қолдарынан келгенше зерттедi. Бiрақ онымен шектелiп қалуға болмас. Ашаршылық тек Қазақстанда ғана емес, Украинада және Ресейде де болды. Халық баудай түстi. Сол кезде қазақ мемлекетiнiң басшылығында жүрген кейбiр азаматтар, халқы аштан қырылып жатқанда, Мәскеуде жалған ақпар берiп, «бiзде бәрi жақсы» деумен болған. Әрі орталық та шындыққа құлақ асуға құлықсыз-тын. Мәселені терең және жан-жақты қарау жөн. Мұрағаттар толық ашылуға тиіс. Қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық мұрағаттары Орталық мемлекеттік мұрағатқа өткізіліп, зерттеушілердің ізденістеріне жол беру ләзім. Егер еуропалық депутаттар бұл мәселенi қолға алса, бәлкім, Мәскеудiң құпия мұрағаттарында жатқан көптеген жасырын құжаттардың да сыры ашылар. Қалай айтсақ та, қазiр шындықтың бетiне тура қарайтын кез келдi ғой деп ойлаймын. Бұл мәселелер БАҚ беттерiнде үнемi талқыланып отыруы тиiс.

– Бейбiт аға, большевиктер өкiмет басына келгеннен бастап шығарған ресми қаулы-қаралары мен директиваларын қарап отырсақ, барлығы дерлiк өз азаматтарына қарсы, оларды саяси тұрғыда жазалауға бағытталғаны байқалады. Мәселен, большевиктер өкiмет басына келген соң үш күннен кейiн «Баспа туралы» декрет шығарды. Онда олар өздерiне қарсы мерзiмдi басылымдардың бәрiн жабуды мақсат тұтыпты. Бұл саяси жазалау Қазақстанда да көрiнiс бердi емес пе?

– 1918 жылы елiмiздiң ұлттық мүддесiн қорғайтын бiрден-бiр басылым – «Қазақ» газетi жабылды. Ол қазақ оқығандарының мінбері еді, онда халыққа арналған сөз, көзқарас аян етілетін. Онда большевиктер саясатына келiспейтiн, оны саяси жағынан айыптайтын көптеген мақалалар  жарық көрдi. Мәселен, 1918 жылы Мiржақып Дулатов осы газеттегi «Жасасын Алаш автономиясы, көркейсiн Алаш!» атты мақаласында большевиктер орнатқан өкiмет кезеңiн «бiреудi бiреу тонау, өлтiру, талау, абақтыға жабу деген нәрселер баланың ойыны сияқты болып кеттi» деп бейнеледi. Осыдан-ақ большевиктердiң қазақ даласын қандай күйге ұшыратқанын байқайсың. Кеңестік дәуірде «Ақжол» газеті ұлт мүддесін күйттеуші бірден-бір басылым еді. Сталиннің атақты хатынан кейін ол да жабылды.  Негiзгi саяси қуғын-сүргiннiң мақсатты түрде «ұлтшылдарды әшкерелеуден» басталуына өлкені басқаруға орталық эмиссары Филипп Голощекиннің келуі шешуші әсер етті. Ауылды кеңестендіру, «Кіші Қазан революциясын» жасау, тәркілеу науқаны, күштеп ұжымдастыру, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етпей-ақ отырықшыландыруға мәжбүрлеу – осы жосықсыз реформалардың бәрі саяси қуғын-сүргiнге, ашаршылыққа, орынсыз жазалау шараларын жүргізуге апарды. Мемлекеттiк мәшине күш алып тұрған осындай кезеңде азаматтық қарсыласу қозғалысы Алаш қайраткерлерiнiң басына қандай нәубәт әкелгенiн оқырман қауым жақсы бiледi.

– Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында ашаршылықта опат болғандарды еске түсiру мақсатында оларға ескерткiш белгi қойылады деп ұйғарым жасалған едi. Болашақ ескерткiштiң орнына қойылған сол қара тасқа қашан «жан» бiтедi?

– Елiмiздегi барлық мешiттерде Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу қарсаңындағы жұмада – жұма намаз уағызында осы мәселеге көңiл бөлiнсе деген ниетпен Қазақстан мұсылмандарының дiнбасына өтiнiш жасап отырмыз. «Өлi разы болмай – тiрi байымайды» деген дана халқымыз. Мұндай өтiнiштi елiмiзде өмiр сүретiн христиандықтың  православие, католик дiндерi секілді тармақтары басшыларына да бiлдiрдiк. Барша жұртшылықты Алматыдағы қарағайлы бақ iшiндегi тас тұғырға, барлық қалалар мен елдi-мекендердегi сондай орындарға 28-мамырда – Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi қарсаңындағы жұмада – гүл шоқтарын қойып, жасанды ашаршылықтардан шейiт болған боздақтар аруағына бас июге шақырып отырмыз.

– Бейбiт Орынбекұлы, әңгiмеңiзге рахмет!

Әңгiмелескен  Ермек Жұмахметұлы.  25 мамыр 2010 ж.

Бейбіт Қойшыбаев

22.05.2018

(Жалғасы бар)

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257