Жексенбі, 24 Қараша 2024
9862 12 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 15:41

ОҚО-ның орталығы Түркістан болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілуге қатысты Жарлыққа қой қойды деп, хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Сондай-ақ, Президент Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметі  мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкіміне осы Жарлықты жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды бұйырды.

Ал Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылатын болады.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIX-сессиясында депутаттарға Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, қалаға мегаполис статусын беру ұсынылды. Аталған ұсынысты қолдаған халық қалаулылары Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімге келді. Сессия отырысында қала әкімдігімен бірлесе тарихи құжатқа қол қойды. Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына ұсынылады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халық қалаулыларынынан бөлек сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Н.Сауранбаев баршаны Шымкент қаласы тұрғындарының 1 миллионға жетуімен шын жүректен құттықтады.

«Шымкент қалалық мәслихатының VI шақырылымдағы депутаттары кезектен тыс XXIX-сессиясында ел өмірі үшін маңызды мәселеге дауыс берді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бірнеше жыл бұрын Шымқаланы миллион тұрғыны бар орталыққа айналдыру бастамасы көтерілген болатын. Енді міне, сол мақсат жүзеге асып, Шымкент еліміздегі миллиондық халқы бар үш қаланың біріне айналды. Құттықтаймын! Біздің сүйікті қаламыздың орны өңір үшін ғана емес, Қазақстан үшін де айрықша маңызға ие. Ұлы Жібек жолының бойындағы бұл шаһардың тарихы мен тамыры тым тереңде жатыр. Орта Азиядағы сан ғасырлық ғұмыры бар санаулы қалалардың бірі болған Шымкент, енді бірегейіне айналу бағытына түсті. Мұның барлығы бізге зор мақтанышпен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді»,-деді Ж.Түймебаев.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572