Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2071 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:41

Экспортты қолдау — ішкі нарықты қорғау деген сөз

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екіге бөлінген Кореяның экономикасы да қақ жарылды. Негізгі өнеркәсіп коммунистік солтүстікте қалды, ал Кореяның түскейі қашан да аграрлық аймақ боп келді. Сондықтан Оңтүстік Корея басшылығы экспортқа бағытталған экономика құруға талпынды. Көп ұзамай жаңа саясат өз нәтижесін берді: бірінің артынан бірі электроника, автокөлік жасау, мұнай-химия, кеме құрастыру салалары пайда болды. Өткен ғасырдың 50-жылдары күріш өсіріп қана жүрген корей шаруасының баласы бүгінде LG, Samsung, Hyundai сияқты әлемге әйгілі компаниялардың қожасы болып отыр. Мобильді экономика моделін құрған Оңтүстік Корея экспорттық алпауытқа айналу үшін қазыналы жері мен үлкен аумақтың болуы міндетті емес екенін көрсетіп берді. Ең бастысы – жақсы, сапалы және ерекше тауар шығара білу қажет.
Демек, сыртқы нарықтың есігін ешкім кеп айқара ашып бермейді, оған кіру үшін өзінше жол, жаңа дәліз жасау керек. Бір қарағанда, бәрі түсінікті. Ал іс жүзіне келсек, бізде «экспортты дамытуға не кедергі» деген сауал жауапсыз қалады.
Мемлекеттік қолдау – протекционизм емес

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екіге бөлінген Кореяның экономикасы да қақ жарылды. Негізгі өнеркәсіп коммунистік солтүстікте қалды, ал Кореяның түскейі қашан да аграрлық аймақ боп келді. Сондықтан Оңтүстік Корея басшылығы экспортқа бағытталған экономика құруға талпынды. Көп ұзамай жаңа саясат өз нәтижесін берді: бірінің артынан бірі электроника, автокөлік жасау, мұнай-химия, кеме құрастыру салалары пайда болды. Өткен ғасырдың 50-жылдары күріш өсіріп қана жүрген корей шаруасының баласы бүгінде LG, Samsung, Hyundai сияқты әлемге әйгілі компаниялардың қожасы болып отыр. Мобильді экономика моделін құрған Оңтүстік Корея экспорттық алпауытқа айналу үшін қазыналы жері мен үлкен аумақтың болуы міндетті емес екенін көрсетіп берді. Ең бастысы – жақсы, сапалы және ерекше тауар шығара білу қажет.
Демек, сыртқы нарықтың есігін ешкім кеп айқара ашып бермейді, оған кіру үшін өзінше жол, жаңа дәліз жасау керек. Бір қарағанда, бәрі түсінікті. Ал іс жүзіне келсек, бізде «экспортты дамытуға не кедергі» деген сауал жауапсыз қалады.
Мемлекеттік қолдау – протекционизм емес
«Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингіне қарасты Kaznex экспортты дамыту және алға бастыру корпорациясы осы сауалға жауап іздеп, экспортқа тауар шығарып жатқан, сондай мүмкіндігі бар және экспортқа енді ұмтылып отырған кәсіпорындардың арасында зерттеу жүргізген. Нәтиже мынау: біздің кәсіпкерлер үшін экспортқа тауар шығарудағы ең басты кедергі, шетелдік нарықтар туралы ақпараттың жоқтығына кеп тіреледі екен. Дамыған елдерде шетелдің нарығын зерттеу сыртқы маркетингтік саясатқа үлкен көңіл бөледі. Финляндия, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдерде экспортқа өнім шығаратындармен, жұмыс істейтін бүтін бір мемлекеттік агенттік құрылған. Олар экспорттаушыларына өзге елдерде көмек көрсететін инфрақұрылымдар жасаумен, қосымша мәлімет жинаумен айналысады.
Ал бізде сыртқы нарықты зерттеу былай тұрсын, өзімізге келіп жатқан импорт тауардың көлемі туралы нақты дерек жоқ. Алысқа бармай, көрші Қытаймен сауда қатынасымызды алайық. Экономист ғалым Рахман Алшановтың айтуынша, екі елдің тауар қатынасында 3-4 млрд долларға дейін алшақтық бар. Яғни Қытайдан келген тауардың бір бөлігі біздің шекарамыздан өте салысымен, ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Ресми дерекке сенген кәсіпкер «бізге мына тауар аз келеді екен, осындай өнім шығарайын» деп несие алады. Ал шекарада жоғалып кеткен әлгі тауарлар базарда айналымда жүр. Яғни біздің кәсіпкер ісін бастамай жатып, тақырға отырды деген сөз.
Экспортты қолдап отырмыз ба, әлде импортты қорғап отырмыз ба?
Біздің елде тігілген киімді Еуропа сатып алады дегенге сенесіз бе? Шетелдіктер тіпті арзанға алу үшін ат арытып Алматыға келеді. Әлемдік додаларға қатысып жүрген велоспортшыларымыздың үстіндегі киімін де отандық тігін фабрикасы тігеді. «Текстилайн» деп аталатын тігін компаниясы қазір Made in Kazakhstan деген белгімен әлемнің 50 еліне өнімін сатады. Құдай бұйыртса, Mango секілді шетелдік брендтердің бәсекелесі болатын қазақтың тұңғыш дербес брендін шығаруды жоспарлауда. Әлемді қыспаққа алған қаржы дағдарысының салқыны оларға да тиген, сұраныс азайып, тапсырыс кеміген. Мұның бәрі өтер-кетер, бірақ өзіміздікілердің өзекке тепкені жығылғанға жұдырық боп тиюде. Мәселе былай. Кәсіпорынның маркетинг жөніндегі директоры Инна Апенконың айтуынша, былтыр Швейцарияның кедені «Текстилайн» өнімін тиеген жүк көліктерін тексеру кезінде Қазақстанның кеден қызметіне жүктің Қазақстаннан келгені туралы және бұл компанияның қазақстандық тауар өндіруші екенін растайтын қағаз жіберуді сұрайды. Орталық кеден комитеті бұл жұмысты Алматыдағы өкілдігіне ысыра салыпты. Алайда ол жақтан келген жауапқа швейцариялық кеденшілер «тиісті деңгейде емес» деп қанағаттанбаған. Осының кесірінен кішкентай отандық компанияның өнімі шетелдік кеден қызметінің қоймаларында бір жыл жатып қалды. Олар өз өнімін сата алмағаны былай тұрсын, сатып алушыларының алдында ұятқа қалды, оның үстіне Швейцарияның кеден қызметінің талабын орындамағаны үшін үлкен айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Қағазбастылық «ауызбастырыққа» әкеледі
Елімізде қабылданған экспорттаушыларға арналған техникалық регламенттердің ұзын-санын тізімдеп жатуға уақыт жетпейді. Олардың бәрі өнімнің толық өңделгенін растауды талап етеді.
Қазақстанның Тағам және өңдеуші өнеркәсібінің тауар өндірушілері одағының президенті әрі «Рахат» кондитер фабрикасының президенті Анатолий Попелюшконың айтуынша, шетелде мұндай талаптың біреуі жоқ. Ол жақтағы сатып алушы ондай қағазыңды сұрамайды да. Шетелдіктер үшін өнімің қауіпсіздік талаптарына сай болса болды. Экспортқа шығуға қажет рұқсат қағаздар алу – қазақ тауарларын сыртқы нарыққа шығарудың жолында кесе-көлденең тұрған кедергілердің бірі. Қағаз көп болғасын, біріне-бірі қарама-қайшы келетін тұстары да көбейеді. Осы жерде жемқорлықтың да иісі шыға келеді.
Бізде, тіпті, қандай өнімді «қосымша құны жоғары» деп айтуға болатыны туралы нақты анықтама жоқ. Елімізде ондай өнім қатарына қосымша құны 25 пайыздан асқан тауар жатқызылады. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Бізде қосымша құны 25 пайыздан жоғары өнім шығаратын кәсіпорынды табу өте қиын. Сонда мемлекет кімге көмектеспек?
Дәл осындай өнімді «Рахат» кондитер фабрикасы шығарады. Соның өзінде фабрика экспортқа өнім шығаруда қиындыққа ұшырайды. Қызықты қараңыз, шетелден келген тауарлардың жеңілдігі бар да, біздің кәсіпорындарда жеңілдік жоқ. Осыдан кейін мемлекетінен көмек алып отырған украин кәмпиттері Ресей асып келсе де, елімізде арзан тұратынына таңғалудың қажеті жоқ.
Бір қуантарлығы, соңғы кездері экспорттық тауарда шағын және орта кәсіпорындардың үлесі тез өсіп келе жатыр. Әрине, шикізат әлі де басым. Өңделген, өзіндік құны жоғары, жаңа технологиямен жасалған өнім үлесі шамалы. Қазақстан үшін мұның жағымсыз әсері көп: біріншіден, қосымша құнның басым бөлігі басқа елдерде қалады, сөйтіп Қазақстан шетелдің өндірісін қаржыландырады. Екіншіден, шикізат сатқан елдердің экономикасында тәуекелдер көп және сыртқа тәуелділігі күшейеді.
Сонда экспортты қолдау үшін бізге не жетіспейді: ниет пе, әлде жігер ме? Не кедергі келтіріп отыр – кәсіби біліксіздік пе, әлде жемқорлық па?
Керек тастың ауырлығы жоқ
Трансұлттық корпорацияға айналған «Тойотаның» өзі шетелде өкілдік ашып, сыртқы нарықты зерттеуге жұмсаған шығынына жапон үкіметінен өтемақы алады. Жалпы, әлемде экспорттан түскен әрбір 10 мың АҚШ долларының 11 долларын экспортты қолдауға, көрші елдердің нарығын зерттеуге жұмсайды. Бізде әрбір 10 мың доллардан 1 доллар ғана осы мақсатқа жұмсалады. Есесіне, мемлекет маркетингтік зерттеулер жағынан көмектескен кәсіпорынның тауары шетке сатылатын болса, компанияға көрсетілген әр 1 доллар мемлекетке 500 доллар боп қайтады.

 

Дәнеш Байболат
«Алаш айнасы» газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572