Жексенбі, 24 Қараша 2024
3252 0 пікір 8 Маусым, 2018 сағат 11:40

Қырғызстан Жоғарғы соты үш саяси тұтқынның мерзімін қысқартты

Қырғызстанның Жоғарғы соты үш оппозициялық саясаткерге айыптау үкімінің күшін сол күйінде қалдырып, бірақ жаза мерзімін қысқартты.

Сот шешіміне сәйкес, Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыровқа кесілген 12 жыл жаза мерзімі сегіз жылға дейін қысқартылған. Ал 20 жылға сотталған Эрнест Карыбековтің мерзімін алты жылға дейін төмендеткен.

Үшеуі 2016 жылдың наурыз айында ұсталған. Сол жылы интернетте сотталушылардың дауыстарына ұқсайтын аудиожазба пайда болды. Онда үкіметті құлату жайында талқыланған. Оларды қамауға алғанға дейін Асанов жазбаның жалған екенін, «оппозицияны бопсалау үшін әдей жасалған» деп мәлімдеді.

Үш саясаткерге де билікті күшпен тартып алмақ болды деген айып тағылды. Олар былтыр сәуір айында ұсталған болатын. Биыл ақпан айында Бішкек қалалық соты оларға шыққан үкімді күшінде қалдырып, арнайы қызметтің тергеу абақтысынан Бішкек шетіндегі түрмеге аударған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588