Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5229 10 пікір 8 Маусым, 2018 сағат 11:43

Қытайда ұсталғандардың туыстары Астанадан көмек сұрайды

Алматыда Қытайда ұсталған этникалық қазақтың туыстары олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдайтынын білдіріп, Қазақстан билігінен көмек сұрады. Бұл үндеу Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары аясында жасалды.

Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюрода өткен баспасөз мәслихатында Ертай Сұлтанбектің туыстары оның Қытайда 25 мамырда ұсталғанын, одан бері хабар-ошарсыз екенін айтады. Ағасы Жеңісбек Сұлтанбектің сөзінше, Ертай қамалған кезінде Қазақстандағы туыстарына "Елбасынан алғыс хат алғаным үшін кінəлімін бе" деген мазмұнда хабарлама жіберген.

Баспасөз жиынына келген белсенді Серікжан Білəш "Ертайдың ұсталуының тікелей президент Назарбаевқа қатысы бар" деген пікір айтты. Ол Ертай Сұлтанбектің ақын, композитор әрі ұстаз екенін, 2007 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Нұрағаның монологы" деп аталатын поэма арнағанын айтты. Поэмадан "Егемен Қазақстан" газетіне үзінді де шыққан. Президент поэма авторына 2008 жылы алғыс хат жіберген.

Жиналғандар бұл баспасөз конференциясын президенттің Қытайға сапары кезінде əдейі ұйымдастырып отырғанын жеткізді. Жеңісбек Сұлтанбек інісінің ешқандай дінге қатысы жоқ екенін, Қытайда құран кітаптарды өртеп жатқандарын, бауырының саяси оқыту орталығынан тірі шығатынына да күмəнданатынын және қауіптенетінін айтады.

Өткен айда Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін "Қытай азаматтығынан шығу заңдылығын бұзған болуы ықтимал" деген күдікпен Қытайда ұсталған этникалық қазақтар туралы журналистер сауалына берген жауабында: "Бізде дәл қазір 170-тей этникалық қазақ туралы мәлімет бар. Әрбір адам бойынша жұмыс істеп жатырмыз" деп айтқан.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584