Жексенбі, 24 Қараша 2024
3621 0 пікір 8 Маусым, 2018 сағат 12:01

Қ. Тоқаев Ватиканда және Италияда кездесулер өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда және Италияда сапарда болды.

Қ. Тоқаев Ватиканда Киелі Тақтың Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесіп, халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 26 жылда жоғары деңгейдегі өзара толық түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 2001 жылы Астанаға сапары тарихи оқиға болды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл сапар қазақстандықтардың әлі есінде, көптеген ұлттар мен конфессиялардың, оның ішінде католик дінінің өкілдері үшін туған жерге айналған біздің еліміздің ішкі және сыртқы саясатына жоғары баға ретінде санайды.

Жүздесушілер жаһандық қауіпсіздікті нығайту және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды жалғастыруға екі мемлекеттің ұстанымдарының жақындығын атап өтті.

Қ. Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы Мемлекеттік хатшыны хабардар етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған бұл форум ірі конфессиялардың өкілдері, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және белгілі саясаткерлер бас қосатын әрі жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеуге арналған ерекше алаң болып табылады.

Биылғы 10-11 қазанда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI кезекті съезі өтеді. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Рим Папасы Францискке арналған алдағы форумға қатысуға шақыруды Ватиканның Мемлекеттік хатшысына табыс етті.

Қазақстан астанасына келуге және Съезге қатысуға шақыру кардинал Пьетро Паролинге де берілді.

Парламент Сенатының Төрағасы Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Киелі Таққа алғысын білдірді. Ватикан павильоны қазіргі кездегі өзекті мәселелер мен барша адамзаттың болашағы үшін табиғат үйлесімі маңызды екеніне католик шіркеуі баса назар аударып отырғанын көрсетті.

Пьетро Паролин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінде шақырғаны үшін алғысын білдірді. Ол форум әлемге кеңінен танымал бола бастағанынын айта келіп, Ватикан алдағы уақытта да барлық діни наным-сенімді ұстанушылар арасында бейбітшілік пен келісімді орнықтыру жөніндегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың күш-жігеріне қолдау білдіруді жалғастыра беретінін нақтылады.

Қазақстан Сенатының басшысы сол күні Италия Сенатының Төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казеллатимен келіссөз жүргізді.

Қ.Тоқаев дипломатиялық қатынастар орнаған 26 жылда Қазақстан мен Италия екіжақты ынтымақтастықты дамытуда тамаша табыстарға жеткенін атап өтті. Италия біздің еліміздің үшінші сауда әріптесіне айналды, өзара сауда айналымының көлемі 10 миллиард долларға жетті, 2006 жылдан бері 10 жылда италиялық тікелей инвестициялар көлемі 6 миллиард долларды құрады.

Кездесу барысында Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетіне және Жібек жолының жаңа тұжырымдамасын іске асыруда біздің еліміздің негізгі рөліне баса назар аударылды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Италия бір-бірінен алшақ орналасса да көліктердің дамуының арқасында екі ел жақын әріптес бола алады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша қарқынды парламентаралық байланыстарды жалғастыруға уағдаластыққа қол жетті. М.Э. Альберти- Казеллати Қазақстанға сапарлап келуге шақыруды қабыл алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1493
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3262
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5587