Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1931 0 пікір 15 Ақпан, 2011 сағат 04:47

«АҚШ ислам әлемімен арадағы байланысын Қазақстан арқылы тереңдетпек» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 15 ақпан, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Халыққа қамқорлықтың шынайы көрінісі», - деген тақырыппен мақала жарияланды. Онда  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға сапары барысында жаңадан пайдалануға берілген қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында болғандығы айтылады. Мемлекет басшысы аталмыш нысанның жұмысымен таныса келе: «Мемлекет тарапынан денсау­лық сақтау саласына әрдайым көңіл бөлініп келеді. Бүгінде дәрі-дәрмектің 80 пайызы сырт­тан әкелінеді. Біз алдағы уақытта соның бәрін өзімізде дайын­дай­тын боламыз. Ал сіздердің та­раптарыңыздан халықты жақсы медициналық қызметпен қамта­ма­сыз ету күтіледі. Сонымен бірге, медициналық жоғары оқу орындары да жақсы мамандар даярлауы қажет. Ашылған жаңа ғимарат соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған. Осыған сәйкес халықтың ден­сау­лығын жақсартуға үлкен пайдасы тиеді деген ойдамын», - деген.

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 15 ақпан, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Халыққа қамқорлықтың шынайы көрінісі», - деген тақырыппен мақала жарияланды. Онда  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға сапары барысында жаңадан пайдалануға берілген қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында болғандығы айтылады. Мемлекет басшысы аталмыш нысанның жұмысымен таныса келе: «Мемлекет тарапынан денсау­лық сақтау саласына әрдайым көңіл бөлініп келеді. Бүгінде дәрі-дәрмектің 80 пайызы сырт­тан әкелінеді. Біз алдағы уақытта соның бәрін өзімізде дайын­дай­тын боламыз. Ал сіздердің та­раптарыңыздан халықты жақсы медициналық қызметпен қамта­ма­сыз ету күтіледі. Сонымен бірге, медициналық жоғары оқу орындары да жақсы мамандар даярлауы қажет. Ашылған жаңа ғимарат соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған. Осыған сәйкес халықтың ден­сау­лығын жақсартуға үлкен пайдасы тиеді деген ойдамын», - деген.

Сондай-ақ осы басылым бүгінгі санында тақырыбы «Тараздағы қымбатшылық немесе жәрмеңке жанға сеп бола ма?» деп аталатын мақала басты. «Тараз­да­ғы азық-түлік бағасы еліміз­дің Астана, Алматы сияқты қала­ларындағы базар бағаларымен емін-еркін тайталасып тұр. Ал облыс тұрғындарының айлық жал­ақысы республика бойынша ең төменгі деңгейден көтеріл­меген. Мысалы, Жамбыл облы­сында орташа айлықтың көлемі 52, 1 мың теңге болса, бұл еліміздегі орташа жалақы деңгейінен 32,7 пайыз төмен деген сөз. Сон­дықтан «Тараз базарлары мен дү­кендеріндегі бағаға байланысты ауажайылушылықты кім реттейді? Зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар, бюджеттік мекеме қыз­меткерлері қымбатшылыққа байланысты абыржып жатқанда Тараз қаласының әкімі Б. Орын­беков неге жайбарақат отыр? Әлеуметтік мәні зор азық-түлік ба­ғасын тым көтеріп жіберген алып­сатарлар мен сауда дүкен­де­рі басшыларын тәртіпке шақыратын мекемелер неге қауқарсыз?», - делінген мақалада.

***

«АҚШ ислам әлемімен арадағы байланысын Қазақстан арқылы тереңдетпек». «Айқын» басылымының бүгінгі санында осындай тақырыппен мақала жарық көрді. Онда ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі  Қанат Саудабаев пен АҚШ Президенті Барак Обаманың Ислам конференциясы ұйымы жанындағы арнайы уәкілі Рашид Хусейннің кездесуінде көтерілген мәселелер баяндалған. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын сәтті атқарған Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына жетекшілік етуінен әлемдік қауымдастық үлкен үміт күтетін сыңайлы. Еуропа елдерінің басын біріктірген іргелі ұйымның назарын Азия елдеріндегі өзекті мәселеге аудара алған Қазақ елі - дін өкілдерінің құқын қорғаудың да озық үлгісін көрсете білген ел. Бұл - Қазақстан мен Америка құрама штаттарының мүдделеріне толық сай келеді», - деп атап көрсеткен қабылдаудан кейін Р. Хусейн.

«Көпшілік көрнекті тұлғаның ғана соңынан ереді». ҚР Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтан алынған сұхбат «Айқынның» бүгінгі санында осындай тақырыппен басылды. «Қазақстан-2020» демократиялық күштер коалициясына топтасқан партиялар дүбірлі додада Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтындықтарын жариялап қойды. Ал қалған 2-3 партия «Cайлауға кімді ұсынсақ екен?» деген сауалға бас қатырып жүр. Олар ешқандай мүмкіндіктерінің жоқ екенін түсінулері тиіс. Қалай болғанда да оппозиция бұған дейінгі 5 жылда жасай алмаған ісін соңғы 2 айда жүзеге асыра алмайды. Мұны оппозицияның өзі де жақсы біледі. Сондықтан олар үшін басты міндет - 2-ші орын үшін күресу және соған табан тіреу. Бүгінде ешкімге есімі белгісіз, аты-жөні беймәлім үміткерлер төбе көрсетуде. Олар ешқандай нәтижеге жете алмайды. Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдерінің тәжірибесі осыған дәлел бола алады. Ең көп дегенде 3 кандидат тіркелуі мүмкін. Мен мұны аспаннан алып отырған жоқпын, бұл - демократиясы дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі. Өз басым алдағы сайлауда Мемлекет басшысының 90 пайыздан аса дауыс жинайтынына сенімдімін. Бұған бастамашыл топтың ұсынысын қолдаған 5 миллион адам кепіл», - деп атап көрсеткен сұхбатында Е. Ертісбаев. 

***

«Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санында «Шығыс өңірі электрге де, электршіге де зәру» атты мақала басылды. Мақалаға Шығыс Қазақстан өңірінде орын алып отырған мына бір мәселе түрткі болған. Семей мен Курчатов қалаларын жылуымен қамтамасыз ету мәселелері әлі де үлкен проблема күйінде қалып отыр. Семейдегі «Теплокомунэнерго» КМК соңғы үш жыл бойы қызмет көрсету тарифін жыл сайын көтеріп келеді. Осы үш жыл ішінде кәсіпорынға бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Соған қарамастан тұтынушыларға сапасыз қызмет көрсетіп, жылуды толық көлемде бере алмай отыр.

Сондай-ақ аталмыш басылымның жазуынша, еңбек мигранттары елімізде еңбек саудасын жасап, құрылысқа да белсене араласып, тіпті қылмысын да жасап, емін-еркін тайраңдауда. Әзірге шекарадан таңертең еніп, түсте қылмыс жасап, кешке тайып тұратын келімсектерге де тосқауыл қоя алмай отырмыз. Мамандардың сөзіне сенсек, елімізде жасалатын қылмыстың елеулі бөлігі мигранттардың үлесінде екен. Бүгінде мамандар «Ұйымдасқан қылмыстың трансұлттық сипатта шығып кету қаупі бар. Әсіресе Ресей мен Грузия еңбек мигранттарына қатысты өз заңдарын күшейтіп, алған соң, бүкіл ТМД-ның бұзақылары қазақ жерінде тайраңдап жүр», - деп дабыл қағып отыр. Бұл мәселе жөнінде «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Базар бағасын келімсек билеп тұр» атты мақаладан білуге болады.

***

«Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санында «Вернуть землю хозяйну» атты мақала жарияланды. Мақалаға кеше, Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көтерілген мәселелер арқау болған. Басылымының хабарлауынша, Қазақстан жер көлемі жағынан өте үлкен мемлекет. Алайда ондағы ауыл шарушалығына бағытталған жерлерді алып қарайтын болсақ, 93,4 миллион гектар жердің 23,4 миллионы ғана егістік жер екен. Бұл - бізге қолда бар ресурстарды кеңінен пайдалану қажет дегенді білдірсе керек. Бұл еліміздің ет экспорттайтын ірі мемлекеттердің қатарына кіруге ұмтылып отырған тұсында ерекше маңызды болып отыр.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522