Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2329 0 пікір 15 Ақпан, 2011 сағат 04:47

Қызылордада дзюдодан еліміздің жасөспірімдер арасындағы чемпионаты өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада дзюдо күресінен еліміздің 1995-1996 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы чемпионат өтіп жатыр. Біз осының алдында қыздар мен ұлдар арасындағы 5 салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанғандарды атап өткенбіз. Бүгін тағы бірнеше салмақ бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды.

Атап айтқанда, қыздар арасында ақтөбелік Балмекен Амангелді (44 кг), қарағандылық Анна Старченко (48 кг), қызылордалық Жансая Мұрат (52 кг), ұлдар арасында шығысқазақстандық Ерлан Серікжанов (55 кг), астаналық Рамазан Тәуба (60 кг) және қызылордалық Руслан Үсенбекұлы (66 кг) алтыннан алқа тақты. Енді қыздар арасында - 1, ұлдар арасында 2 салмақ категориялары бойынша ғана чемпиондар анықталады.

Бүгін түске дейін біріншілік мәреге жетеді. Оның қорытындысы бойынша биылғы тамыз айында Киевте өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрама командасының құрамы жасақталады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124