Жексенбі, 24 Қараша 2024
4180 4 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 11:41

HRW Трамп пен Ким кездесуі жөнінде: Солтүстік Кореядағы адам құқықтары елеусіз қалды"

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Сингапур саммитінің қорытындысы жөнінде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қол қойған құжатта Солтүстік Кореядағы адам құқықтары жөнінде ештеңе айтылмаған деп мәлімдеді.

"Сингапур саммитіндегі Ким Чен Ын мен Трамп қол қойған декларацияда адам құқықтарына байланысты мүлдем үнсіз қалған ", – деп жазады HRW директорының Азия жөніндегі орынбасары Фил Робертсон.

"Солтүстік Кореядағы адам құқықтары саммит сыртында қалғаны ашуландырады. Кейін КХДР мен мемлекеттік хатшы Помпей арасында адам құқығы қалай талқыланбақ? АҚШ Солтүстік Кореяға адамзатқа қарсы қылмыс жасай беруге ерік берді ме?", – дейді Робертсон.

12 маусымда АҚШ және КХДР басшылары саммит қорытындысы бойынша құжатқа қол қойды. Құжатта президент Трамп пен Ким Чен Ынның "АҚШ пен Солтүстік Корея арасында жаңа қарым-қатынас орнату және Корей түбегінде шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мәселелері бойынша жан-жақты, терең әрі шынайы пікір алмасқаны" айтылады.

"Президент Трамп Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік беруге міндеттеме алды, төраға Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту ұстанымынан таймайтынын растады" делінген құжатта.

Америка дауысы тілшісінің Солтүстік Кореядағы адам құқықтары мәселелері жөнінде сұрағына жауап берген Трамп "бізге бүгін, кеше, екі апта бұрын не болғанына мән беру керек – міне сол кезде ең маңыздысы басталған" деп жауап берді. Бірақ кейін Fox News телеканалына Солтүстік Кореядағы адам құқықтары мәселелерінде оң өзгерістер болады деп үміттенетінін жеткізген.

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615