Жексенбі, 24 Қараша 2024
3521 0 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 11:45

Бішкекте қазақстандық белсендіні қолдау пикеті өтті

Қырғызстан астанасында бүгін жергілікті азаматтық белсенді жалғыз өзі пикет өткізіп, Астананың талабымен Бішкекте ұсталған қазақстандық оппозициялық белсенді әрі блогер Мұратбек Тұңғышбаевқа қолдау білдірді.

12 маусымда белсенді Ондуруш Токтонасыров Қырғызстан Жоғарғы соты ғимаратының алдына қырғыз тілінде жазылған плакат ұстап шықты. Онда: «М. Түңғышбаев ешқашан экстрадицияланбайды. Жол бермейміз!» делінген.

Токтонасыров Қырғызстан билігін Тұңғышбаевты Қазақстанға бермеуге, оппозициялық белсендіге саяси баспана ұсынуға шақырды.

Бұған дейін Қырғызстан омбудсмені Кубат Оторбаев Қырғызстан Бас прокуратурасын Тұңғышбаевты Қазақстанға бермеуге шақырған.

Тұңғышбаевты 10 мамырда Бішкекте тұрып жатқан жерінде Қырғызстанның арнайы қызметі ұстады. Ол тұратын пәтерде тінту жүргізілген. 21 мамырда Қырғызстанның бас прокуратурасы Тұңғышбаевты Қазақстанға беруді мақұлдады.

Мұратбек Тұңғышбаевқа елінде «қылмыстық топты қаржыландырды», «сот экстремистік деп таныған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне атсалысты» деген айыптар тағылған. Мұнда Тұңғышбаевтың тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысына қатыстылығы туралы сөз болып отыр. Оппозициялық қозғалысты бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған. Қазақстан соты 2018 жылы наурызды оның қызметіне тыйым салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618