Жексенбі, 20 Сәуір 2025
4617 3 пікір 14 Маусым, 2018 сағат 12:14

Терроризмді қолдайтын постқа "лайк" басқандар сотталады

Бұдан былай Тәжікстанда терроризм қолдап, теракт жасауға ашық шақырғандар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тәжік парламентінің төменгі палатасының депутаттары 13 маусымда Қылмыстық кодекстің "Террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға шақыру және (немесе) террористік іс-әрекеттерді жария түрде ақтау" деген 179-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бір ауыздан мақұлдады. Аталған бапқа «Интернет арқылы» деген сөз тіркесі енгізілген. Яғни әлеуметтік желілер арқылы терроризмге үндегендер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тәжікстанның сот тәжірибесінде Фейсбукта террористік сипатта делінген материалдарға "лайк" басқаны үшін жауапқа тартылған бірнеше оқиғалар болды.

Тәжікстандағы тәуелсіздік БАҚ-тың ұлттық қауымдастығы төрағасы Нуриддин Каршибоев Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер экстремизм және терроризмге қатысты қылмысты қатайту деп біледі. Оның сөзінше, осыған дейін кейбір заңдарға енгізілген өзгерістер бұл мәселеге тікелей не жанама қатысты болған.

«Кез келген есі дұрыс адам терроризм мен экстремизмнің пайда болуын қолдамайды. Бірақ құқық қорғау органдары тарапынан заң нормаларын дұрыс талдамайды деген қауіп бар. Сол үшін парламент өкілдері халық арасында дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек», - дейді ол.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2060
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4123