Жексенбі, 24 Қараша 2024
3756 0 пікір 14 Маусым, 2018 сағат 12:15

Қырғыз соты экс-премьер-министр Сапар Исаковты қамауда қалдырды

13 маусымда Бішкек соты бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың қорғаушыларының бұлтартпау шараларын өзгерту жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады. Адвокаттар оны үйқамаққа ауыстыру жөнінде өтініш түсірген.

Бішкек қалалық соты алдында шешім шығарар күні Сапар Исаковты қолдау акциясы өтті.

Осыған дейін Первомай аудандық соты Исаковты ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысына қамау туралы шешім шығарған.

5 маусымда ҰҚМК Исаковты «Бішкек қаласында жылу электр станциясын модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында жемқорлыққа барды деген айыппен ұстаған.

Оған «ҚР президент әкімшілігі жетекшісінің сыртқы саясат жөніндегі орынбасары қызметінде жүргенде, шетелдік компанияның мүддесін қорғады» деген айып тағылған.

Исаков өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. «Бұл барып тұрған әділетсіздік. Айтарға сөзім жоқ», - деген Исаков журналистерге берген сұқбатында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618