Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 3624 0 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 22:13

Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа қазақтың феноменін анықтап берді

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қоғамымызға зор сілкініс әкелді. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының бағдарларын ұсынған.

Олар: « Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.»

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.».- деген  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың сөзі ұлы бастаманың арқауы.

Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді.

Осы тұрғыда руханият саласындағы серпіліс оқырман қауымның елінің, жерінің тарихынан мол мағлұмат алып зерттеуіне жағдай жасайды. Елбасы ұлттық рухтың әр уақытта алда тұруы керектігін көрсете отырып, латын қарпіне біртіндеп көшудің уақыты келгендігін ескертеді. Бұл жолда Қ. Жұбановтың танымындағы латын жазуы мен емлесінің алар орны ерекшеленіп  «Тілдің ілгері басып дамуы үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол өркендеп алға басқан тілдің түрлі тарауының бәрі де сол  емле, терминологиямен сабақтасады да отырады.».- деген өрелі ой тастаған-ды.

Рухани жаңғыру бағыты  Қазақстанның құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай оны өскелең ұрпақ сезініп, көзімен көретін, өмірлік тәлім-тәрбие алып бабалар алдындағы қарымызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап етеді. Рухани жаңғыру  рубрикасы шығармашылық табыстарға жетудің баспалдағы. Осы бағыттарды жүзеге асыруда өзіндік ой-пікірлерімен бөліскен, рухани құнды мағлұмат беретін кейбір мақалалар жинағымен  таныстырмақшымыз. Сіз де өз үлесіңізді қосуға асығыңыз.

Кемел Әли

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347