Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 8252 1 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:20

«Жарқын Жетіден» басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік»

Күні кеше қазақ қызының қытайлық азаматқа тұрмысқа шыққаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жылдам таралып, бір топ қазақстандық тойды өткізбей тастаған болатын. Осы мәселені көрген еліміздің танымал тұлғалары аралас некеге қарсы екенін білдіріп, теріс пікір білдірді. Бұл туралы arhar.kz сайты жазды.

Олардың қатарында Сәкен Майғазиев пен Балғынбек Имаш және Мұқасан Шахзадаев бар.

«Сөзім жоқ. Іштен шыққан жау жаман. Аудармашы намыссыз жеңгетайдың жағын сындырар ма еді», — деді Майғазиев.


Ал Мұқасан Шахзадаев: «Қайран қазағым, ұрпағыңның осындай боларын білдің бе? Әй білмедің-ау! Білсең осыншама жерге ұрпағың үшін қаныңды төкпес едің», — деп наразы болды.

Елімізге белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев болса, «ұйқыдағы сорлы қазақ» деп намысы бар азаматтарды оятуға тырысты.

«Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан. Ұятыңды ұрлаған. Тектілігіңді тонаған. Арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған. 27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: «Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк тудың астына жинал, Исі Қазақ баласы!» — деп жар салды!

Келмеді емес, келді! Қиындық көрмеді емес, көрді! Бірі маңғол, бірі қытай, бірі иран, бірі ауған, бірі түрік атанбады емес, атанды. Бірақ, олардың атамекенде дүниеге келген ендігі ұрпағын ешкім олай атамайды! Жалпы, бөтен елден өз еліңе, кәпір елден мұсылман елге мал-дүние үшін көшпей қалу — адамға үлкен сор мен ауыр сынақтар әкеледі. «Жарқын жетіден» басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік», — деді ақын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562