Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2902 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 07:59

ДІН БІРІКТІРЕ МЕ, ЖОҚ ІРІТЕ МЕ?..

Мемлекеттің конституциясы оның ішкі-сыртқы қорғанының кепілі. Өйткені, онда мемлекеттің күллі қозғалысының, мысалы, ел бағытының, саясатының, Президенттің халықты басқаруының, оның құқықтық көлемінің, халық құқының тағысын-тағыларының тұтас формуласы анық көрсетілген болады. Күллі мемлекетке тән барлық жүйе, тәртіп сол заңдағы белгіленген тәртіп пен жүйеде көрсетілген баптар бойынша әрекет етеді. Дұрыс. Дұрыс болатыны мемлекет олсыз өмір сүре алмайды.

Мемлекеттің конституциясы оның ішкі-сыртқы қорғанының кепілі. Өйткені, онда мемлекеттің күллі қозғалысының, мысалы, ел бағытының, саясатының, Президенттің халықты басқаруының, оның құқықтық көлемінің, халық құқының тағысын-тағыларының тұтас формуласы анық көрсетілген болады. Күллі мемлекетке тән барлық жүйе, тәртіп сол заңдағы белгіленген тәртіп пен жүйеде көрсетілген баптар бойынша әрекет етеді. Дұрыс. Дұрыс болатыны мемлекет олсыз өмір сүре алмайды.

Ал, бірақ сол - мемлекеттің атазаңының өзі мемлекеттің кейбір маңызды, өте маңызды істеріне, өзінің мемлекет болып баянды тұруына ауыр нұқсан келтіретін нәзік мәселелерге, істерге, әрекеттерге кеңінен жол берсе, оны өзі заңдастырып қойса, оған халықта қайтып сақтану мен қарсы тұру болмақ?
Мәселен, еліміздің ата заңында: «Республика азаматына ар-ұждан бостандығына - өзінің дінге көзқарасын дербес білдіруге, олардың кез-келгенін уағыздау, не ешқайсысын уағыздамау, дінге көзқарасына байланысты сенімін тарату және соларға сәйкес іс-әрекет жасау құқығына кепілдік беріледі» деп жазылған.
Міне, ата заңнан ойып тұрып орын алған бұл бап бойынша мемлекет көлемінде кім қай «дінге» сенсе де, не істеп, нені дәріптесе де, тіпті сенім жөнінен бір тасты «құдай» деп біліп, соған ғана шоқынса да өз еркі. Мейлі ғой, өйткені «Дінде зорлық жоқ!» деген Құранда Аллаһ Тағала. (Бірақ), одан ары, «Расында туралық азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаһқа иман келтірсе (сенсе), сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Аллаһ әр нәрсені естуші, білуші» (2-256) деп те ескертеді.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, күллі ғаламда мемлекет құрып отырған жалғыз біз ғана емеспіз. Айналамыз қоршаған мемлекет. Мемлекет болғанда да шығысымыз мыңдаған жылдық тарихқа ие - қарт Қытай, солтүстігіміз өзіміз кеше ғана құшағынан әрең шыққан - алып орыс, батысымыз техникасымен де, «демократиясымен» де бізді, бізді ғана емес-ау күллі әлемді шұлғытып отырған - кәрі тарлан еуропа елдері. Бұларды былай қойғанда, жердің арғы бетінде жатып-ақ ықпалын жер бетіне өткізіп отырған азулы арыстан - Америка.
Бұлардан тыс көргеннің көзін аларттырмай қоймайтын жеріміздің кеңдігі мен байлығымыз анау болса, жыртық киіз секілді тесік-тесік ұлттық құрамымыз мынау, әлемдегі ұлты, сенетіні ең көп елміз. Былайша сыртымыз бүтін сияқты болғанмен, ішіміз түтін. Алтауымыз ала болмағанымызбен, төртеуіміз әсте түгел емес. Әрі әлемдік саясатта тәжірибесі тым аз, ең жас, бала бұғаналы елміз.
Дәл осындай жағдайда діндік бөлшектеушілерге ата заңымыздан жоғарыдағыдай бап ашып, оны бекітіп беру ел саясатының есерлігі, әлсіздігі емей не? Оның үстіне, халқымыз ғасыр бойына асыл дінінен тосылған, алыстатылған, тіпті «құдай жоққа» дейін барып әрең қайтқан сенімі селкеулі халық.
Өзі қасиетті дінінен 70 жылдай ажыратылып, рухынан аштыққа ұшырап әбден сансыраған бейкүнә жұртымызға жоғарыдағы заң бабына сүйенген сыртқы - «кришнайт», «иегова», «будда» сияқты толып жатқан жат дін ағымдарын былай қойғанда, дәстүрлі дініміз исламның өзінен бөлініп алған «Құранит», «Хизбут», «Ахмадийа» сияқты толып жатқан ағымдар қойға тиген бөрідей лап қойды.
Бөрі демекші, бұл жөнінде біздің сенімнен ақ халық, былайша айтқанда «Қазақстан» деген үлкен «қорадағы» қой болды да, әлгі миссионерлер сол қораға қоймен бірге қамалған қасқырлар болды. Олар мұнда, саясатта, заңда өздеріне тосқауыл болмаған соң, өз үйіміздің ішінде, өз заңымызға сүйене отырып елді еркін талаумен, бұзумен, ағымдарға бөлшектеумен айналысуда. Бірі ата дініміздегі ең таза жол ахли суннетті мойындамаса, бірі масхапты мойындамайды. Ал, енді бірі «мен мәдімін» десе, енді бірі «мен пайғамбармын» деуде. Тағы бірі «пірге қолыңды бер» деп көкісе, тағы бірі «Иса құдай әкеміз» деседі. Бірі Үндістанға тартса, бірі Ауғанстанға, тағы бірі Англияға бастайды. Бүйірдегі будда да тек жатқан жоқ. Бірі «ет жеме» десе, бірі «шыбын өлтірме» дейді. Бірі ағашымызды өртесе, бірі күлімізді шашты.
Ал, дәстүрімізде жоқ дін секталарының былығы тіпті жаман. «Өтпелі» деп аталатын өтіп бермейтін кезеңде халықтың қолында жоғы мен Кеңес дәуірі тұсында ылғи да өкімет қолына қарап үйренген, берсе жеп, бермесе алдында айдап жүрген малды сойып жеуді ар санайтын ақ халықтың бұл қолдан жасалған қырсыздығынан жанды пайдаланып, аз ғана АҚШ долларына халық сенімін сатып алып, өздерінің негізсіз секталарына құл етіп алды. Әуелі тұрмыстың итермелеуімен кірген олар біртіндей келе әлгі секталардың ағымындағы сенімді мүриттеріне айналып үлгірді. Тіпті ақ жаулықты аналарымыз «үш бірлік құдайын» дәріптейтін үн қағаздар мен үлкенді-кішілі кітаптарды көшеде, автобустардың ішінде, тіпті ауылдарда кезіп жүріп тарататын хәлге жетті.
Ал, енді бір бүйірден «ақ ана», «сары әулие», «аққу-сұңқар» деген тектес жын қуған, зиратшылдар, бақсы-құшынаштар жоғарыдағыдай мың түрлі сенімнің кесірінен кімге сенерін білмей, дал ұрып қалған халқымызды «кел бері, жолыңды, жүрегіңді ашып береміз», «біз деген тазартқышпыз, «ап» десек Айға, «күп» десек Күнге ұшасың, бедеуің балалы, көтеуің көзді боласың», «ана атаң әй деді, мына атаң бүй деді» деп, олсыз да аруаққа сену мен оларға арнап Құран бағыштаудың ара жігін толық ажырата бермейтін момын халқымызды топ-топқа бөліп, соңдарынан ертіп кетті.
Осының бәріне мемлекеттік «Діни басқарма кінәлі» дейін десең, олардың мемлекет саясатынан тыс, билік көлемі мешіт ауласынан асырылмайтын, имамдары мемлекет бюджетінен соқыр тиын ақша алмайтын (дұрысы берілмейтін), насихат көлемі шекті, соған қарамастан «Аллаһ ризашылығы үшіні» жүректеріне берік орнаған, жоққа, тұрмыстық ырықсыздыққа көніп, халық берген садақамен құрсақтарын қампайтып, мешіттерін сырлап-сыптап, жылтып ұстап, келген жамағатын ізгілікке шақыруда бойларындағы бар дәрмендерін жинап, сарып етіп отырған елдің рухани ұстаздарының жағдайы түсінікті. Олар соған қарамастан ұлт дінін ұлықтап, жамағатын Хақ сөзімен жарақтап, елдің ішкі бірлігінің берік ұйытқысына айналып келеді, шүкір.
Жалпы сөз шындықтан бұзылмайды. Расын айту керек, мемлекет бетке ұстап отырған бір ғана діни жоғары оқу орыны «Нұр-Мұбәрак» университеті атағы абылайдай болғанымен әлі жатақханасы салынып бітпеген мекеме. Оның өзі біздің түгелдей секташылардың отанына айналып кете жаздап тұрған, «көп ұлтты» ғана емес, «көп дінді», «көп секталы» да мемлекетіміздің бір олқысын көрсетіп тұрғандай. «Білімсіз дін - ақсақ» дейді Ньютон.
Демек, еліміздің халқы, әсіресе жастары, балалары өзінің діні жайлы, жалпы «діндер» жайлы, секталар туралы тез әрі толық сауаттанбаса біздің елдей сектасы мен дін ағымдары мыңдап саналатын әрі олардың құқығы атазаңмен қорғалған елде ненің ақ, ненің қара, ненің оң, ненің теріс жол екенін ажырату мүмкін емес. Әсіресе жастар мен балаларға обал. Олар еш нәрсе жазылмаған ақ парақ. Олардың жүрегіне кім әуелі нені сенім етіп ексе сол олардың діні болып көктемек. Сосын, ол сенімді өзгерту жоқ.
Дей тұрғанмен де Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ата дініміз жайлы көзқарасы өте дұрыс. Ол: «Біз - тегіміз түрік, дініміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек» және «Ислам - тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» - деді бір сөзінде. Бұдан да тыс дініміз жайлы бағдарлы сөздері көп. Біз Елбасының дініміз жайлы осы танымы терең сөзінен берік ұстап, еліміздің дінін көркейтуіміз, секталарға үзілді-кесілді тосқауыл қоюымыз шарт.
Жалпы діндер, секталар халқымызды әсте біріктірмейді. Керісінше, топ-топқа бөліп, алты бақан алауызға айналдырады. Қазірдің өзінде олар салған жіктелулер байқалмай тұрғаны жоқ. Бұ жағынан тіпті мүшкіл хәлдеміз десек те болады. Ал, дін, өзіміздің хақ дін Ислам сөзсіз біріктіреді. Қазақ «қазан төңкерісіне» дейін дінде еш бөлшектенген халық емес болатын. Хақ діні Исламда көгерген, көктеген, өзіндік діні мен салты үндескен иманды ел болған. Болып та келеді. Өйткені, Аллаһ Тағала қасиетті Құранда: «Күдіксіз Менің жолым осы (Ислам)! Енді соған еріңдер! Басқа жолдарға (ағымдарға) түспеңдер! Онда (ол жолдар) сендерді Аллаһтың жолынан (Исламнан) айырады. Сендерге осыларды Аллаһ нұсқады! Сақтанарсыңдар!» (?) және «Кімде-кім Исламнан өзге дінді көксесе, онікі қабылданбайды» (3 - 85) деп ерекше ескерткен.
Демек, дінде діндер, сакталар, ағымдар деген ұғым жоқ, дін біреу ғана. Ол Аллаһтың діні - Ислам. Ендеше халқымыз өте дұрыс жолда - Хақтың Өз жолында. Біз халқымызды, оның дінін, салт-дәстүрін, тілін көзіміздің қарашығындай қорғауға міндеттіміз, мемлекет міндетті, оның атазаңы міндетті! Өйткені, мемлекет деген - халық, халық деген - мемлекет! Солай!

 

Құл-Керім ЕЛЕМЕС

http://jasqazaquni.kz/5688.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340