Жұма, 27 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 13469 20 пікір 12 Шілде, 2018 сағат 07:33

Қазақ хандық құру үшін Шу мен Талас бойын "ұйғырлардан алыпты"

Әлеуметтік желіден "Уйғур авази" ұйғырларды рухани жаңғыртып жатыр" деген сілтемеге кезігіп, "Жас Алаш" газетінде жарияланған мақалаға тап болдым. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жарық көрген «Ұйғырша жер-су аттары хақында» (Уйғурчә йер-су намлири һәққиндә) атты материалда  "Байсейіт ауылы ұйғырдың классик ақыны Сейіт Мұхаммед Қашиннің құрметіне қойылған, Маловодное ауылының байырғы атауы - "Моллавдун" деген секілді ағайын халықтың қазаққа жасаған қиянатын оқып қаным басыма шапшыды. "Бұлар басқа нені бүлдірді екен?" деп газеттің электронды нұсқасын тауып алып, шолып шыққан едім.

"Моллавдун" деген жәй әншейін айтыла салған әләуләй екен. Талай сұмдық деректерге тап болып, "Мен осы Ұйғырстанда тұрып жатқан жоқпын ба?" деп жағамды ұстадым. Оның бәрін жазып жату мүмкін болмағандықтан біреуіне ғана тоқталайын. Ұйғыр тарихшыларына шексіз ерік беріппіз. Олар енді Керей мен Жәнібекке жер беріп, мемлекет құрғызған "ұлы ұлт" ұйғырларға айналып үлгеріпті.

Жұмбақтамай, төтелей кірісейік. "Моңғолстан деген қайсы мемлекет?" Шыңғысхан және оның әулеттері ("Moğolistan degän qaysi dšlät" (Çinğizhan vä uniŋ ävlatliri) деген (атауына қарамайсыз ба?) мақала авторы Қасым Мәсіми Шыңғысхан әулеттерінің жер бөлінісі турасында сөз қозғай келіп, қиыннан қиыстырып, Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған Тоғылық Темірді ұйғырларға жақындатып, сөздердің түп-тамырына үңілген болады.

Ондағысы мынау:

Moşu yärdä  «moŋğol» sšziniŋ  Çinğizhanniŋ nami bilän unvaniniŋ mänasini eçişqa toğra kelidu. Mäsilän, Çiŋğizhanniŋ šz ismi Tšmurҗin (Timuçin) – bu sšz uyğurçä vä moŋğolçä  çin tšmür,  rusçä — stal', Çiŋğizhan degän täht unvan — uyğurçimu, monğolçimu – äŋ büyük han, çoŋ balisiniŋ ismi — Djuçi (Җoşi) bu sšzniŋ mänasi uyğurçimu, moŋğolçimu  «yolçi» — mehman, vaqitçä kälgän adäm  degän mänani bildüridu.

«Moŋğol», «muŋğol», «miŋğol» sšzliri ikki boğumdin  ibarät. Moŋ, muŋ, miŋ – uyğurçimu, moŋğolçimu – «miŋ» degän uqumni beridu,  ändi «ğol» sšziniŋ üç mänasi bar.

Аудармасы:

"Бұл жерде "моңғол" сөзінің мағынасын Шыңғысханның атыменен байланыстыра ашуға тура келеді. Мәселен, Шыңғысханның өз есімі - Төміржин (Темучин) - бұ сөз ұйғырша да, моңғолша да - шын темір, орысша - сталь, демек Шыңғысхан деген есім де ұйғырша да, моңғолша да - ең үлкен хан, үлкен баласының есімі - Жошы, бұ сөздің мәнісі ұйғырша да, моңғолша да жолшы - мейман, уақытша келген адам дегенді білдіреді.

"Моңғол", "мұңғол", "миңқол" сөздері екі буынды біріккен сөздер. "Моң", "мұң", "миң" - ұйғырша да, моңғолша да "мың" деген ұғымды білдіреді. Енді "қол" деген сөздің үш мағынасы бар...

Осымен аударма жасауды тоқтата тұрайық. Түсінгеніміз Моғолстан деген ұйғырлардың мемлекеті болып шықты. Бұ жерде ашық айтпағанымен ыммен бірнеше рет белгі беріліп, "Моғолстан деген мына - бізбіз" дегенге оқырманды мұнан кейін де әбден сендіріп алады да былай деп көсіледі:

Huntäyҗi 1457-jili  Җonğar dalasidin ğäripkä jürüş qilip, Siğanaq şähiriniŋ yenida Özbäk hani Abulhayirni (Batu hanniŋ ävladi) yeŋidu. Hanniŋ yeŋilişi, uniŋğa  hizmät qilivatqan Kerey sultan bilän Äz-Jänibekniŋ Moğolistan dšlitigä ketişigä säväpkar bolidu. Ular  Tuğluq Tšmürhanniŋ çävrisi — Esen Buğağa kelip pana soraydu. Han bu tuqqanliriğa Talas bilän Çu däriyaliriniŋ  arisidin makan berip, u yärdä Kerey bilän Jänibek Qazaq hanliğini  tikläydu.

Аудармасы:

"Қонтайшы 1457 жылы Жоңғар даласының батысына жылжып, Сығанақ шахарының жанында Өзбек ханы Әбілқайырды (Бату ханның әулеті) жеңді. Ханның жеңілісі оған қызмет еткен Керей Сұлтан мен Әз Жәнібектің Моңғолстан мемлекетіне кетуіне себепкер болды. Олар Тоғылық Темірханның шөбересі Есен-Бұғаға келіп пана сұрайды. Хан бұл туғандарға Талас пен Шу дарияларының арасынан мекен беріп, ол жерде Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрды.

Қош! Мақаланың бәрін аудармай-ақ, автордың бар пиғылын ашық аңғартатын түйінге бір-ақ тоқтайық.

Онда тағы да сол ескі әуен. Шыңғысханның аты, мемлекет аты, баласының аты, моңғол, ойрат, жоңғар, қалмақ сөздері, Нарынқол секілді жер атауларының мәнісінің бәрі ұйғырларға тән екенін айта келіп, "моңғолдар мен мұңғылдардан тараған ойрат, жоңғар, қалмақтар ұйғырларға кім?" деген сұрақ қояды. "Бұл сұраққа жауапты газеттің оқырмандары берсін?" деп көсемсіп барып тізгінді бір-ақ тартыпты.

Бұл ертеректе жазылған мақала болса да, айтар уәжіміз бар еді. Бірақ, автордың келтірген мысалдары ұйғырдан гөрі қазаққа мың қадам жақын екенін дәлелдеудің өзі артық дүние екенін түсініп, сөз шығындағымыз келмей қалды.

"Ұйғыр әуезі" (Уйғұр авази) деген -  мемлекеттің қаржысына шығып отырған газет. Көп жылдан бері "Қазақ газеттері" ЖШС осы басылымды қолтығының астына алған. Сөйте тұра, бұ жерде ұйғырдың исі болмаған кезде жоңғарларды жайратқан қазақтың батыры Бәйсейітті ысырып тастатып, жердің атын иемденгісі келетіндерге мінбер беріп отырған газеттің редакторы Ершат Асматовқа жауап берер кез келген сияқты. Керей мен Жәнібекке жер беріп, мемлекет құрғызған "ұлы ұлтқа" айналғысы кеп жүргендерге "шаңыраққа қара" деудің артықтығы бола қоймас.

А, айтпақшы қалған қызық деректерді алдағы күндері жариялайтын боламыз.

Шәріпхан Қайсар

МАТЕРИАЛДЫ ПОРТАЛДЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

Abai.kz

 

20 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2062