Сенбі, 23 Қараша 2024
Тамыр 5065 12 пікір 13 Шілде, 2018 сағат 03:46

27 жылдан бері қазақ өзін-өзі іздеумен келеді

Егемендік алған 27 жылдан бері қазақ өзін - өзі таба алмай, іздеумен келеді. Көп қазақ көз алдындағы кинодан іздеп, ондағы кейпкердің атын ұл-қыздарына қойып, соларша күн кешкісі келді. Шаштарын сан түске бояды. Мұрнын тесіп, құлағын кесті. Көзілдірік тақты. Ұзын тұмсық қызыл пұшпақ киіп, мойнына ит тағатын жуан шынжыр тақты.

«Ринго, Рензо, Ninty one, Орда, Кешью»  тағы басқа топтарға еліктеген жастар мен жасамыстар басқа мәдениеттен қазақты іздеді.

Бесік таянған ана есті ән мен ессіз әнді, ер мен әйелдің, жас пен кәрінің әнін айырмай,  сәбиіне соны айтты. Балапан бала күйдім-сүйдім деп ән салып қазақты өзінше іздеді. Біреулер театрдағы әйелге айналған еркектерге еліктесе, тағы біреулер ас үйде тамақ жасап жүретін еркек әншілерге еліктеп, ас үйден әйелін қуып шықты.

Үйінде ит ұстап, көшеде төбеті қалай бастаса солай кетіп бара жатқан, өз бағыты жоқ қазақ келіншектері де Алматы көшелерінде кездеседі. Түн баласы жатпай, қазақты түнгі клубтан іздегендерді «ішің білсін» деп айтпай-ақ қоялық. Солай сан мәдениеттің ішінен қазақты іздеп жүр.

Дипломы бар студент қазақтықты қаладан төрт жыл бойы таппай, ауылға келді. Салт-дәстүрден таппады. Ата дінінен, ғылымынан таппады, шаршады...

Үкіметтен алған ақшаны тауысып, үйін сатып, қалға қайтуға жүгін буып-түйді.  Ауылда екі қолға бір күрек таппаған, дипломы жоқ боз бала, қаладан ауылға жұмыс іздеп келген студентке, таңғала қалаға кетті. Сейфулин көшесінің бойынан іздегенін таппай, «ютуп, ватсап, фейсбук» т.б ғаламтордың ішінен іздеп кезіп кетті. Ауылдың қара домалағы өзін жоғалтып тозаңға айналып кетті... жерге түскен бір күндері көше сыпрғыш оны қоқысқа жіберді...

Діннен іздегендер араб қоғамына егемендік алған алғашқы жылдардан кетіп, ақидадан адасып, дәстүрлі түркі иманнан алыстап, ата-бабасы ұстанған тақуалық жолды «сопылық» деп, «таза, пәк, тақуалық» деген мағына беретін, ілімге суарылған, иман рухына сіңген қазақтықтан қорқып, Буддист сопылары мен Христиан сопыларына өз аталарын ұқсатты.

Қазақ даласында кесенесі аспандап тұрған әулие-абыздарға үрке қарайтын, тіпті олардың кесенелерін құлатып, соның астынан қазақты іздегісі келеді, киелі саналған жерлердің киесін қашыруға тырысты, жолы болмады.

Қазақ әдебиетіндегі «кешегі өткен заманда, дін мұсылман аманда» деп басталатын эпостық қиса-дастандарды өз алдарынша өзгертіп, жыр жолдарында кездесетін «Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, жеті пірге танысқан, Әулиеге ат қойып, қорасанға қой айтып, қабыл болған тілегі, жарылғандай тілегі» /1,4/

«Жәрдем болсын Құдайым, медет тілеп пірлерден, Жаратқаннан сұрайын, Ғайып ерен,  қырық шілтен  адасса жолға салып жүр, сыртынан қорғап бағып жүр, Жаратқан Ием қолдасын, жолбарыс болсын жолдасың»./2/ деген жерлерді түгелімен алып тастау арқылы қазақтықты іздеді, адасты...

Пайғамбарымыздың «мұсылмен ішімен де, сыртымен де әдемі» дегеніне керағар жұмыс жасап, шолақ шалбар киген,  жабайы сақалы бар, мұрты жоқ үркердей топ пайда болды, тіпті олар қоғамда «бауырлар» деген терминді басқаша жаңартты, қандық туысқандық емес, рухани туыстар шоғырын қалыптастырып, намазда, тағы басқа құлшылығы жоқ, былайғы жұртты кәпір деді. Келінге сәлем салған, Аллаға ширік қосқан мен тең, адам тек бір Аллаға бас иіп сәжде жасауы керек, басқа нәрсеге бас иу қате деп елді үркітсе, әруақтарға Құран оқыған дұрыс емес, Құран-Кәрім тірілерге ғана түскен деп Құранның даусы шықса, ажалы келіп қалғандай,  бастарына жабатын бірдеңе іздеп абыр-сабыр күй кешетін қара халықтың дәстүрлі түсінігін быт-шыт етті.

Құран тек өлі адамдарды еске алғанда, қабір басына барғанда ғана оқиды деп өлім шықпаған үйде Құран оқымайтын, немесе жас отауда Құран оқыуға қатаң тиім салған қазақты ұйқысынан шошытты. Мешітте намаз оқуды уәжіп дейтін олар намаздан соң әруақтарға Құран бағыштаудан бұрын далаға ат тондарын ала қашатын болды. Олар  үшін Қазақтың барлық сал-дастүрі бидағат болды, қазақтықтан әбден жерінді. Тіпті пайғамбар жасы 63 деген қазақи түсінікті 40 жаспен ауыстырды.

Ал байлардың қазақты іздеуі өз алдына бөлек бір әлем, ұшақтарын алтынға толтырып, шетел асып кеткен экс шенеуліктер дүниеде еліктейтін кім бар солардың бәрінің алдына әлде қашан түсіп кеткен, Еуропалықтардың өзі біздің қазақтарға еліктеп жүр.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Батырлар жыры.1-том.-Алматы:Жазушы,2007.-256 бет
  2. Gasyr медия орталығы. Аудио жазбасы.2018 ж

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411