Cенаторлар ҚХР-дағы семинарға қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Манап Көбенов шілденің 3-і мен 12-сі аралығында Қытайда болып, Халық өкілдерінің бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің Орталық Азия депутаттары үшін ұйымдастырған семинарға қатысты.
Семинарға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстанның заң шығару органдарының өкілдері қатысты. Семинар аясында сыртқы саясат, аймақ мемлекеттерінің өзара іс-қимылдары, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, сауда-экономикалық қатынастар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Циндао және Сиань қалаларында жергілікті өкілді органдардың депутаттарымен кездесті, сондай-ақ Бейжіңдегі, Шаньдун және Шэньси провинцияларындағы бірқатар индустриялық, агроөнеркәсіптік және білім беру мекемелерінде болды.
Abai.kz