Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5893 2 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 21:58

Неткен өкінішті

Бүгінде Алматыдағы көліктің қосалқы бөлшектерін сататын дүңгіршектердің бәрі сүрілді. Сонда, соның айналысында жұмыс істеп жүрген жастардың бәрі жұмыстан айрылып, ұрылардың санын көбейтуде. Бүгін соның тақсіретін тарттық.

Айдың күннің аманында Денис Теннен айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған жайымыз бар. Неткен өкінішті.

Бүгінде Карситидің айналасында көлік жөндеп нәпақасын тауып жүрген ауылдың балаларына полиция қырғидай тиетінінін жақында көлігімді жөндетуге барғанда бір жігіт айтып берді. Өздерін жұмыспен қамтып, Үкіметке салмақ салмай жүрген жастарда сақшылардың несі бар екен, а?

Қайта әкімдік пен базар қожайындары сол жерге ыстық күнде көлікті көлеңкеде жөндейтін «навес» салып берсе, жастар әлдекімдерге берген ақшаларын мемлекет қазынасына салып, заңды жолмен жұмыс істер еді ғой. Амал не, біздің бұл ойымыз арман күйінде қалып тұр.

Нұрлан Жұмаханның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379