Құл - қожайынның тілінде сөйлейді
Қожайын және қожайынның тұқым-тұқиясы ешқашан құлдардың тілінде сөйлемейді. Керісінше, құлдар өз дәрежесін басқа құлдардың алдында көтеру үшін қожайынның тілінде сөйлеуге талпынады.
Австралиядағы - аборигендер, Жаңа Зеландиядағы - маорилер, Америкадағы - үнділер, Латын Америкадағы - ацтек-майялар, Африкадағы Нигерия, Камерун, Мозамбик тайпалары - барлығы өз тілдерін ұмытып, ежелгі қожайынның тілінде сөйлеп жүр. Құлдық жойылғанына 100 жылдан асып кетсе де, егемендіктерін алса да, көптеген елдер "элиталық" тілді таңдады.
Енді өзіміздің территориямызға келсек, біз де 257 жыл бойы Ресей Империиясының езгісінде болдық, біздің де арамыздан қожайынның тілін білгендер озып шықты, ондайлар қожайынға жақын болып, қожайын сондай "жақын" құлдарға басқа құлдардың үстінен билік беріп қойды. Біздің де құлдықтың жойылғанына 25 жыл болды. Алайда, біз әлі де сол қожайынның тілінде сөйлейміз.
Қожайынның мектебі бар, құлдардың мектебі бар. "Ақылды құлдар" балаларын қожайынның мектебіне бергісі келеді. Қожайынның тілін білмесең, сені бірде бір мекеме жұмысқа алмайды. Банк, Университет, Әкімшілік - барлық жерде кез-келген кағаздың өзі кожайынның тілінде жазылған. Кафе, кинотеатр, нотариус, парк, ұшақ, теміржол - барлығында қожайын тілі үстемдікті ұстап тұр.
"Мен құл болсам да, балам құл болмасын" деген ой жоқ, бізде...
Бестібай Жайсанбаевтің Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz