Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 3530 0 пікір 10 Маусым, 2018 сағат 16:57

Нұрсұлтан Назарбаев Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Халтмаагийн Баттулганы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстанның барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.

–  Биыл Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 25 жыл толады. Бұл құжат көп ғасырлық достық және тату көршілік дәстүрі бар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дәйекті дамыту жолында маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.

Халтмаагийн Баттулга өзінің Монғолия Президенті болып сайлануымен және туған күнімен құттықтағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

– Мен Сіздің жұмысыңызды мұқият бақылап отырамын және жаңа елорда – Астана қаласын салғаныңызды білемін. Мен Монғолияның құрылыс министрі болған кезде де Қазақстан тәжірибесін көп зерттедім. Біз де еліміздің астанасы – Ұлан-Батор қаласының төңірегінде Майтар қаласын салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деді Монғолия Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне тоқталып, Монғолияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына атсалысуға деген ұмтылысын Қазақстанның қолдайтынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 319
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 340
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 444