Ж.КЕҢЕСОВ. Шоқан салған суреттегі сартай кім?
Шоқан Уәлихановтың бейне¬леу өнері саласындағы еңбектері аз емес. Тіпті артында 150 шақты сурет қалғаны, көбінесе қарын¬даш, акварель, майлы бояумен, ал кейде туш, қалам, сиямен жұмыс істегені айтылып та, жазылып та жүр. Оның қолынан шыққан су¬реттер ХІХ ғасырдың 60 жылда¬рында “Всемирная иллюстрация”, “Искра” және тағы басқа басы¬лымдарда жарық көргенін қалың оқырман біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар тастағы жазу¬лар¬ды, суреттерді және кейбір сурет¬терді қайта көшіріп салғанынан да хабардармыз. Мені қызықтыр¬ғаны 1856 жылы Шоқан Уәли¬ханов салған “Сартайдың порт¬реті”. Бұл сурет қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтама¬лық¬тың 604 бетінде басылған. (Ал¬маты. 2005 ж. Аруна баспасы). Порт¬ретте қолындағы кездікпен садақ оғын жонып отырған жасы 40-қа таяған батыр бейнеленген. Өзім жайлы айтсам, 1726 жылы Ұлытау маңындағы “Қалмаққы¬рыл¬ған” деген жерге мың баладан жасақ ұйымдастырып, қол бас¬таған Сартай батыр Байжанұлы туралы ізденіп жазып жүргенмін. Кезінде Орынбет ақсақал ақын Нұрмағамбет Қосжанұлына “Сар¬тай батыр” дастанын жаздырарда 1932 жылдары Томанұлы Жетпіс Сартайдың суретін, бұрын жазыл¬ған өлең үзінділерін, жер аттары мен кісі аттары жазылған қағаз¬дарын берді деп естігенмін. Ол не сурет екенін ешкім білмейді, өйт¬кені жазылған дастанның өзі толық нұсқасы сақталмай, қызыл саясат¬тың қаһарынан қорыққан ел жерге көміп, соңы жоғалған деп естіген¬мін.
Шоқан Уәлихановтың бейне¬леу өнері саласындағы еңбектері аз емес. Тіпті артында 150 шақты сурет қалғаны, көбінесе қарын¬даш, акварель, майлы бояумен, ал кейде туш, қалам, сиямен жұмыс істегені айтылып та, жазылып та жүр. Оның қолынан шыққан су¬реттер ХІХ ғасырдың 60 жылда¬рында “Всемирная иллюстрация”, “Искра” және тағы басқа басы¬лымдарда жарық көргенін қалың оқырман біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар тастағы жазу¬лар¬ды, суреттерді және кейбір сурет¬терді қайта көшіріп салғанынан да хабардармыз. Мені қызықтыр¬ғаны 1856 жылы Шоқан Уәли¬ханов салған “Сартайдың порт¬реті”. Бұл сурет қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтама¬лық¬тың 604 бетінде басылған. (Ал¬маты. 2005 ж. Аруна баспасы). Порт¬ретте қолындағы кездікпен садақ оғын жонып отырған жасы 40-қа таяған батыр бейнеленген. Өзім жайлы айтсам, 1726 жылы Ұлытау маңындағы “Қалмаққы¬рыл¬ған” деген жерге мың баладан жасақ ұйымдастырып, қол бас¬таған Сартай батыр Байжанұлы туралы ізденіп жазып жүргенмін. Кезінде Орынбет ақсақал ақын Нұрмағамбет Қосжанұлына “Сар¬тай батыр” дастанын жаздырарда 1932 жылдары Томанұлы Жетпіс Сартайдың суретін, бұрын жазыл¬ған өлең үзінділерін, жер аттары мен кісі аттары жазылған қағаз¬дарын берді деп естігенмін. Ол не сурет екенін ешкім білмейді, өйт¬кені жазылған дастанның өзі толық нұсқасы сақталмай, қызыл саясат¬тың қаһарынан қорыққан ел жерге көміп, соңы жоғалған деп естіген¬мін. Сартай бидің алты баласынан өрбіген кейінгі ұрпақтарының үйін¬де Ш.Уәлиханов салған портреттің көшірмесі ілулі. Ш.Уәлиханов 1835 жылы туып, 1865 жылы қай¬тыс болған ғой және кіші жүз ара¬сында болғанын айғақтайтын дерек тағы жоқ”. Ал Сартай батыр Бай¬жан¬ұлы 1711 жылы туып, 1818 жылы қайтыс болған дейді көнекөз қариялар. Ұлы және орта жүзде аты алты алашқа танылған Сартай есім¬ді аттас батыр не би болмаған сияқ¬ты, өйткені шежірелерді біраз аударып қарадым. Кіші жүзде Шөмекей аталығының Бозғұлынан тарайтын Балқыдан Құлжаманұлы Сартай би ХVІІ ғасырда өмір сүр¬ген. Кезінде кіші жүзге аты мәлім би болған. Бұл екі би де Ш.Уәли¬хановтан бір-екі ғасыр бұрын жасаған, кездеспеген деп нақты айтуға болады. Сонда Ш. Уәлиха¬новтың салғаны кім, қай Сартай? Осы мәселені анықтауға суретшілер мен тарихшы ғалымдар атсалысса деген үлкен өтінішім бар.
Менің ізденісім бойынша сая¬хатшылар Арал теңізін әруақытта картаға түсірген, бірақ олардың көбісі бұл күнге жеткен жоқ, сақ¬талмаған. Мысалы, 1558 жылғы ағылшын Джинкенсон, 1664 жылы голландиялық Николай Витсен, 1723 жылы Далилия, 1734 жылы Крылов, 1741 жылы Муровин кар¬таға түсірген. 1714 жылы І Петрдің жарлығына сәйкес ұйымдастырыл¬ған Бекович-Черкасский экспе¬дициясы сәтсіздікке ұшырауына байланысты, 1737 жылы екінші рет Кирилов басқарған экспедиция жіберіледі. 1768-1769 және 1770-1774 жылдары Арал өңірін И.Геор¬ги, П.Палас және Фалька зерттеп, құнды деректер қалдырған. 1731 жылы Әбілқайыр ханның шақыр¬туы¬мен келген орыс елшісі А.Тев¬ке¬лев және тағы басқа да патшалық Ресейдің Хиуа, Бұхараға жіберген елшілері Арал өңірінде болған. Бұл зерттеулердің барлығы белгілі мақ¬сатты ұстанды. Теңіздің байлығын пайдалану, Шығыс және Орта Азия мемлекеттеріне барудың жолын іздеді. Бұлардың барлығы жүрген жерлерін, қазақтың атақ¬ты байла¬рын, би-батырларын, сұлтандар¬ды, хандарды суретке салумен қатар, олардың көшіп-қонатын қоныстарын да картаға түсірген. Ондағы мақсаттары – отарлау саясатын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндей болса, қа¬зақ¬тың біртуар азаматтарының көзін жою болған. Сол кезде орыс елшілері¬нің және теңізді зерттеуге жібе¬рілген экспе¬диция құрамында топограф, су¬ретшілер болғаны ақиқат. 1848 жы¬лы зерттеуші-саяхатшы, контр¬ад¬ми¬рал А.Бутаков басқар¬ған экспе¬диция құрамында ук¬раин хал¬қының ұлы ақыны Т.Шевчен¬коның болғанын барша ел біледі. Арал теңізінің жаға¬лауын¬да екі жыл өмір сүрген ол артына 450 сурет қалдырыпты. Ал одан бұ¬рынғы, кейінгі саяхат¬шылар ара¬сындағы суретшілердің Райым бекінісінен 40 шақырым жердегі Ақшатауда тұрған Сартай батыр¬ды суретке салуы әбден мүм¬кін-ау. Он бесінде қол баста¬ған Сар¬тай батырдың атағы алыс¬қа кет¬кен, әрі Ш.Уәлихановтың бабасы Абылай ханның шақыр¬туы¬мен орта жүз жерін жоңғар¬дан азат ету үшін бірнеше рет шекті қо¬лын басқарып барған. Батыр жай¬лы ел адамдарынан естіген Шо¬қан Сартай батырдың суретін өзі жетілдіріп қайта салып журналға жариялатуы мүмкін деп ойлай¬мын. Осы портрет жөнінде біле¬тін адам болса, редакцияға хабар¬ласса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ж.КЕҢЕСОВ, Приозерск қаласының мемлекеттік мұрағат директоры
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл