Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2895 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 03:38

Павлодар заң колледжінде қазақ тілінің деңгейі көтерілуде

ПАВЛОДАР.  2 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Әділет министрлігі  Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінің Павлодар  заң колледжінде  мемлекеттік тіл айлығы аяқталды, деп  хабарлады    колледж қызметкері Гүлжан  Серғазинова.

Курсанттар  мен  офицерлер  қазақ тілін     насихаттаған   жарқағаздар  шығарды -   графикалық    парақтар   көрмесіне колледждің   барлық  кафедралары,      бөлімдері мен   қызметтері  қатысты.  «Ана тіліңді  құрметте»  деген тақырыпта  өткен    байқауда  курсанттар     қазақтың мақал-мәтелдері мен   жаңылтпаштарын  айтудан  жарысты.

Айлық аясында сондай-ақ  «дөңгелек  үстел»  отырысы  өтті.    Курсанттар,  колледж қызметкерлері  және  арнайы келген    қонақтар -   Павлодар облысы  бойынша тілдерді дамыту  басқармасы  бастығының  орынбасары Кәбжан Еділбай,   Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры  Айман Зейнулина және   филология ғылымдарының кандидаты Қайрат  Текжановтар    әлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі   мемлекеттің тілдің  ролін    талқылады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063