Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4158 1 пікір 7 Тамыз, 2018 сағат 10:23

Жоғарғы сот

Жақында Жоғарғы сотқа жолым түсіп, бір сот отырысына қатыстым.
Есіктің алдында отырған қаршадай қызға адвокат "Айналайын, біздің үш тыңдаушымыз (өздері "слушатель" дейді екен) келді, қазір тағы бір-екеуі келеді" деген өтініш айтып еді, қағазына үңілген қыз:

- Жоқ, күте алмаймыз! Бұл сіздерге аудандық, облыстық сот емес. Бұл Жоғарғы сот! - деп шорт кесті. Негізі сот отырысының басталуына әлі біраз уақыт бар еді.

Сөйтсем, қаршадай қыз бұл сөзді судьядан үйренген екен.

Төрде отырған судья тым қатал, тым тәккапар. Қит етсең, шарт кетеді. Көкіректері ұрып тұр. Алдында отырған жандардың барлығы қылмыскер, бәлеқор, арызқойлар сияқты. Әйтеуір, тым аспаннан асқақтап қарайды. Өзімді судьяның қасында адам емес, ызыңдап ұшып жүрген маса сияқты сезіндім. Дыбысың сәл қатты шықса, сарт еткізбекші...

"Бұл сендерге аудандық немесе облыстық сот емес, бұл Жоғарғы сот!" деген сөзді бірнеше мәрте айтты. Және түстері қандай суық десеңізші. Тіпті, терең тыныс алуға қорқасың...

Содан ойладым: Бұлар сонда аудандық және облыстық соттардағы әріптестерін төмендетіп, қорлап отыр ма деп... Өзіңіз ойлаңызшы, сонда аудандық және облыстық соттарға келушілер ойына келгенін жасай берсе болады деген сөз бе бұл? Шынын айту керек, бұл аймақтық соттарды менсінбеу сияқты болып көрінді.

Немесе "Бұл Жоғарғы сот" деп зілденгенде Жоғарғы соттың өз алдына қабылдап алған бөлек заңы бар ма?

Тәртіп те, заң да барлығына бірдей ортақ емес пе? Сіз қалай ойлайсыз? Әлде мен қателесіп отырмын ба?

Жалпы алғанда судьялар алдына келген жандарды сұсты түрімен ықтырып, билеп аламын деген шала түсініктерін қашан қояды? Меніңше, түбі жоқ судьяның түрі жұмыс істейді.

Мен қатысқан сот отырысы ұзақ та болған жоқ. Бірақ осынау азғана уақытта соттар біртүрлі әсер қалдырды. Əдеп деген қайда сонда?

Оралхан Дәуіттің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340