Үкімет жиынының арасында журналистер сауалына жауап берген Смадияров шілденің соңында Нью-Йорк штатында 25 адам ұсталғанын, олардың арасында 1994, 1991 және 1970 жылы туған қазақстандық үш әйел барын айтты. 1970 жылы туған қазақстандық денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған, екеуі қамауға алынған. Ұсталған 25 адам 4,5 миллион доллар көлемінде шығын келтірді деген күдікке ілінген.
Ұсталған қазақстандықтар АҚШ-та бірнеше жыл ықтиярхатпен тұрған.
Смадияровтың сөзінше, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығы қазақстандықтарға консулдық және құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін ресейлік БАҚ шілденің соңында АҚШ Әділет министрлігіне сілтеме жасап, АҚШ-та көлік сатуда алаяқтық жасады деген күдікпен 25 адам ұсталғанын хабарлаған. БАҚ дерегінше, олардың арасында Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қазақстан, Украина Латвия, АҚШ және Түркия азаматтары бар.
Abai.kz