Сенбі, 23 Қараша 2024
4081 1 пікір 9 Тамыз, 2018 сағат 10:03

Еліміздегі 88 шетелдік телеарна мен радионың қызметі тоқтатылмақ

Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстан аумағында ретрансляция жасайтын, бірақ заң талабы бойынша тіркеліп, өкілдігін ашпағаны үшін 88 шетелдік телеарна мен радионың қызметі тоқтайтынын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, 2017 жылы қабылданып, 2018 жылы 9 қаңтарда күшіне енген "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңға енгізілген түзетулерге сай, шетелдік теле және радио арналар 9 шілдеге дейін Қазақстанда өкілдігін ашуға міндеттелген.

Осы мерзім аралығында Қазақстанда тіркеуге алынған 307 шетелдік теле және радио арнаның 219-ы өз өкілдігін ашқан, 88-і талапты орындамаған. Осыған байланысты 88 арнаның есепке қою туралы куәлігі қайтарылып алынған, енді қызметтері тоқтатылмақ.

Министрлік сайтында жарияланған 88 теле және радио арналары тізімінде ресейлік Russia Today TV, "Дождь" телеарналары, ұлыбританиялық Sky News, америкалық Fox News Channel телеарнасы, Bloomberg Television, France 24 арналары бар.

Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстанда хабар таратқысы келетін шетелдік теле және радио арналар енді қайта тіркеуге тұрып, өз өкілдігін ашуы тиіс екенін ескертті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377