Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3375 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 03:48

Арнұр Асқар. Асеттей болу әзірге арман ғана!

Кезінде Асет Вацуева есімді чешен қызы ресейлік «НТВ» телеарнасының беткеұстар журналистерінің бірі болды. Асет жүргізетін «Страна и мир», «Сегодня» сынды бағдарламалардың рейтингі шарықтап, чешен қызы тележұлдызға айналды. Сол Асеттің бір сұхбатында:

«Махаббат деген таңғажайып сезімді бастан өткергім келеді. Бірақ басқа ұлттың өкілін сүю арқылы өзін туған халқынан, ұлтынан, отбасынан, дәстүрінен ажыратқан адамның алды - түнек. Ол қараңғылыққа батады. Шынымды айтсам, мен мұндай некелерді құптамаймын да, мойындамаймын да», дегені бар.

...Біз миллиондаған көрерменге намыс дегеннің не екендігін көрсеткен чешен қызына қызыға да, қызғана да қарадық. Өкінішке қарай, бойынан Асеттегі  өршіл намыстың ұшқыны сезілмейтін көптеген қаракөздеріміз бөтен ұлт өкілдерінің етегінен ұстап, аза бойыңды қаза етіп жүр. Ол аз десеңіз, түрлі жарнамаларда, телесериалдар мен фильмдерде орыстың, түріктің, ағылшын, немістің нақсүйерінің, әйелінің рөлін сомдап жүргендер де аз емес. Шыны керек, дәл қазір кейбір отандық телеарналарда осындай «интернационал» жұптарды жарнамалау жолға қойылғандай әсер қалдырады...

Жуырда «Нұр Астана» газетінде («Нағашысына тартпаған жиен Жун Го», №3) қытайлыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы турасында жазылған болатын. Осы мақалада айтылғандай, Қытай мемлекеті шетелді «еңсеруге» аттанған азаматтарының қалтасына қомақты қаражат салып, батасын беріп аттандырады екен. Жат жұрттың азаматы Жанармен көңіл жарастыру арқылы біздің елде біржола қоныс теуіп, жағдайын жақсартып алды. «Қанына тартпағанның қары сынсынның» керімен, қазақ қызынан туған ұлына Жун Го, яғни, «нағыз қытай» деген есім берген.  Анасы - қазақ қызы, туған жері Қазақстан болса да, Жун Го жиен - қазақ тілінен мақұрым. Есесіне ағылшынша, орысша, қытайша сайрап жүр.

Ең бір өкінішті жері, «Мен» дейтін беткеұстар зиялыларымыздың, қалам ұстаған қаламгерлер мен білімпаз ғалымдарымыздың арасында бөтен ұлтпен құдандаласып жатқандары да, жаттан туған жиенге нағашы атанып жүрген ұлықтар да жетіп-артылады. Ағылшындармен ағайындасып, қытайлармен құйрық-бауыр жесісіп, түріктермен туысып, орыстармен «ой, мороз» деп әндетіп жүрген зиялыларымыз «жиендерінің» өз жұртына бүйрегі бұрып кететінін білмейді емес, біледі. Түбінде өзімізге шоқпар алып, қарсы шығып жүрмесе бопты, әйтеуір жиендердің.

Ғабит Мүсірепов айтқандай, қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Онысы - жаны мен жаны үндес, ой-арманы үйлес, егіз адамбыз дегені. Ұлты басқа адамдармен тұрмыс құрған бойжеткендеріміздің көпшілігі материалдық байлықтың жетегіне ергендер екендігі белгілі. Алайда, тәрбиесі, тұрмыс-салты, өмірлік құндылықтары мүлде бөлек корей немесе түрік, қытай, ағылшын жігіті қазақ қызына өмірлік серік болып жарыта ма?  Ой-арманы үндес, жаны егіз адамға айнала ала ма? Осы жағы көңілге күмән ұялатады.

Чешен қызының қайсарлығынан тағы да бір мысал мысал келтіре кетейік. Ормандай қалың орыстың ортасында тележүргізуші бола жүріп, Асет чешендердің салтында тыйым салынған сөздерді айтудан бас тартқаны бар. «Мужеложество», деген сөзге тірелгенде «...айтпаймын дедім, бітті!» деп көнбей қояды. Басшылардың қызметтен кетіреміз деп қоқан-лоққысына да қыңбайды.  Осы намысқойлығының арқасында ол өзін ғана емес, тұтас ұлтын өзгелерге сыйлата білді.

- Күнде кешкілік миллион чешеннің теледидар алдына жайғасып, мені көретінін, тыңдайтынын білемін, сеземін. Олар мені жақсы көреді. Ұлттың айнасы деп бағалайды. Пір тұтады. Ойда-жоқта сол «құдіреттің» аузынан әлгіндей сөз шығып тұрса, не болмақ?! - деген Асет ат төбеліндей чешен халқының рухын, дәрежесін тағы бір көтеріп тастады. Шіркін-ай, қазақтың қыздары да Асеттің биігінен көрініп жатса, арман не дейсің мұндайда!

Сол Асет Вацуева кейіннен бір-ақ күнде тележүргізуші мамандығын тәрк етіп, себеп-салдарын ешкімге түсіндіріп жатпастан Чешенстанға кетіп қалды. Әйгілі тележүргізушінің қызметтен кету себебін сан-саққа жүгіртіп баққандар көп болған. Соңғы деректерге сүйенсек, ол сөзінде тұрып, тау халқының ұланымен шаңырақ көтерген көрінеді. Осылайша, жұртшылық Асеттің  «тұрмысқа тек чешен азаматына шығамын» дегенін естеріне алып, тау қызының сертіне беріктігіне таңдай қағысты.

...Қазақ қыздарының өрлігіне де өзге жұрт таңдай қаға қарайтын күн болар ма екен!..

«Нұр Астана» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060