Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2679 0 пікір 6 Наурыз, 2011 сағат 15:14

Жанат Жаңқашұлы. «Тозақ оттары жымыңдайды»

Іздегені байлық емес, пұл емес,

Көк Тәңірден түскен дейді бір елес.

Жаһандану бізден шыққан әуелі,

Бізден шыққан ең алғашқы төбелес!


Әр ұлттың тағдыры тілімен, ділімен шектелмек. Діл өлсе - тіл өледі, тіл өлсе - ұлт өлмек. «ВВС» телеарнасы үндістің «Бо» тілінің жер бетінен жойылғанын хабарлады.

Іздегені байлық емес, пұл емес,

Көк Тәңірден түскен дейді бір елес.

Жаһандану бізден шыққан әуелі,

Бізден шыққан ең алғашқы төбелес!


Әр ұлттың тағдыры тілімен, ділімен шектелмек. Діл өлсе - тіл өледі, тіл өлсе - ұлт өлмек. «ВВС» телеарнасы үндістің «Бо» тілінің жер бетінен жойылғанын хабарлады.

Ділін әлдеқашан Еуропа басқыншылары өлтірген. Тілінің де түбіне жетті. Құзғындай қаптап «Бо» тілінде сөйлейтін соңғы тұяқтың бақилыққа аттанғанын хабарлап өркениетті ел қарап отыр.  Ділі мен тілін сатпаған соңғы тұяқ жер жастанып, бір ұлттың рухы көкке ұшты. Енді әлем «Силец» тілінде сөйлейтін жалғыз үндістің соңын тосып отыр. Оның көзі тайысымен «Силец» ұлты жойылды, «екіде нөл» деп жаһанданудың пайдасына шотты бір қағып қояды. Түбінде жер бетінен қанша ұлт жойылса жаһандану процесі соншалық ұтып, жоғалтқаны сол нөл есебінде қалмақ. Араны кең Аждаһа бұл... Төлен Әбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайдысын» оқыған жұрт үндіс тайпаларының бұрын да бір ұлты тұтас жойылып кетіп отырғанын біледі. Әлбетте, үндістер аман. «Тірі өлік» (зомби) кейпінде жер басып жүр. Ұлт жойылып қара мен ақ нәсіл, қызыл мен жасыл нәсіл мидай араласып, өздерін американдық санайды. Сол құрама ел жаһандану жүргізбек. Күлкілі. «Құм жиылып тас болмас». Ақ үй Американың түп тарихын сонау Мая үндістеріне сабақтап әуре. Сабақтаған сайын онысы бырт етіп үзіліп қала береді. Қиыспайды... Атасы бөлек жұртқа жата-жармасудың сыры неде? Саясаты не? Жауабы біреу, мақсаты - ұлт құрау. Саясаткерлер американ халқының азғындауы құрдымға құлатады деп байбалам салуда. «Демократия», «бостандық» деп ұрандаған ел Құран-кәрімнің тыйымынан да, Тәурат пен Інжілдің айтқанынан да аттап кетті. Еркек пен еркек отау тігіп, отбасы атану азғындық емей не? Солардың құқығын қорғайтын үкімет те азғындаған. Басқа жұртты қайдам, қазақ халқы бұрын көрмеген дүние еді. Осы шақта қол ұстасқан «ғашық» жігіттерге ешкім таң қалмайды. Бала асырап алуға ерік берілгесін олар да ортасына бір-бір бала алып жатыр. Ал, ол бала келешекте кім болады? Адамнан жаралғанымен азғындықтан нәр алып, азбан болып шықпас па? Еуропа да «олардың» құқығы аяққа басылмасын деп, алақанға салып аялап отыр. Адамзаттың ақыры не болар екен осы?

Талай ақын «Помпейдің соңғы түнін» жырға қосты. Помпейдің соңғы түні немен тынғанын біле ме осы жұрт? Кейінгі археологиялық қазбаларда жанартау астында қалған қаланың әлгіндей азғындыққа ұшырағаны анықталды. Алла жазалады! Адамзат тарихынан өз орнын алған Ескендірдің өзін «көгілдір» қылып көрсетті «Голливуд». Масқара емес пе? Егер Ескендір парсыларды жеңіп, іргесін сөгіп, рухын әлсіретпесе Ислам дінінің өріс алуы қиындай түсетінін әлем тарихшылары әлдеқашан мойындаған. Яғни, Ескендірдің өзі Алланың жіберген құлы. Осындай тұлғаны қаралап, ұрпаққа кері әсер тигізді.  Кездейсоқ бір «азғынмен» дауласа қалсаңыз «Атақты Ескендірдің өзі осындай болған» деп қорғануы бек мүмкін. Сонда біздің Абай атамыз «азғын» туралы поэма жазғаны ма? Жоқ, әрине. Бұл «бостандықшыл», ұраншыл, арандатушы Американың саяси ойыны. Тіпті, «Голливудтың» өзі «көгілдір» кино түсіруге әуес. Осының бәрі сана улайтын апиын емес пе?  Болмысы көшпелі Түркіге ұқсас үндіс тайпаларының түбіне жеткен де осы у. Еліктеуге еріп, өз ділін ұмытты, тілін ұмытты, ұлт өлді. Ал өздері Рухсыз «тірі өлік».

«Силец» тілі өлген соң, кезек «Кет» тіліне келеді. Осы тілді білетін екі жүз адамның іргесі сөгіліп, жылдан жылға Кет елі жоғалу қаупіне бір қарыс жақындайды. Жыланға арбалған торғайдай тағдырға тәбділі жоқ ұлт - жер бауырлаған аждаһаның аранына бітеудей түспек. 2100 жылға дейін әлемде дәл осылай 3500 тіл құриды. Яғни, осынша ұлт жаһанданудың шекпеніне кірмек. Есеп 3500 де 0. Жаһанданудың ұпайы түгел. Кеңес Одағы кинемотографиясының бас редакторы Кокарева «Қыз Жібек» филімін көргенде: «Қазақтарға коммунизм орнатудың керегі жоқ екен-ау. Бұлар баяғыда-ақ, жұмақта отырыпты ғой» деген екен. Енді бізге жаһандану не үшін қажет? Өз жұмағымыз өзімізде емес пе? Қоғамға сіңісті болған жаһандану түсінігін түбірімен жою керек. Дұрысы, «балаламай тұрғанда басын шап» деген. Жалпы, жаһандану дегеніміздің өзі де ел жаулау. Ол да біздің көк Түріктен қалған. Тек, мынасы мысық табандап, жер бауырлап келеді. Көшпелілер тәрізді тарпа бас салып, басын игізген емес. Ұлтқа қауіптісі сол.

Біздің тілдің халі өздеріңізге аян. Діліміз әлжуаз, нәзік. Ұлттығымыз да теңселіп тұр. Түрікпендер «Тегіңді ұмытсаң қазақтан ал» дейді екен. Ал қазақ ұмытса не болмақ? Күллі Түркі елі тұманға еніп, тегінен адасар. Білесіз бе, бәрі өз қолымызда. Мұхтар Әуезов: «Ажал көзіме көрініп келсе, талай жерде тоқыратып, ұялтар едім» дегенде ажалдың да ұяты барына сенген-ау. Қазір, ажал тұрмақ адамды ұялту мұң. Әйтпегенде, талай ұлттық мүддеден иіс алмас тобанаяқтарды тұқыртар ек қой.. Ақселеу Сейдімбек ағамыздың мына бір сөзінде қоғам келбеті, жаһанданудың жұтқыншағына шайнаусыз кететін әлсіз ұлттың бейнесі бар:

-        Уа, Бабай!

Ел-жұртың қалай?!

-        Е,е  Балам-ай!

Ел аман, жұрт тыныш демесе:

Әйел ерге қарады, ер жерге қарады;

Қартымыз - қақпас, қатынымыз - қақпыш;

Шешеніміз - шерменде, көсеміміз - сергелдең;

Биіміз - жалтақ, батырымыз қорқақ;

Данамыз - бала, баламыз - шала;

Әйел - арыды, келін - жеріді,

Бозбала - сайтан, бойжеткен - сайқал;

Азамат - әлсіз, арғымақ - жалсыз;

Сері - селтең, сал - мөлтең;

Көршіміз - кәпір, туысымыз - мүсәпір;

Жауымыз - атарман, досымыз - сатарман;

Тұлпарымыз - жабы, сұңқарымыз - жапалақ;

Өнеріміз - молақ, өнерпазымыз - олақ;

Ісіміз - шала, тіліміз - шұбар;

Еліміз - ауды, жеріміз - тозды;

Бүгініміз - тұман, ертеңіміз - мұнар;

Сенеріміз жоқ, секеміміз көп;

Жан шыққан жоқ, үміт өлген жоқ;

Өмір осылай өтіп жатыр...

Атақты психиатор Зигмунд Фрейд: «Адам өзі туралы толық шындықты мойындағысы да, естігісі де келмейді» дегені ақиқат. Әйтпесе, жаһандану дегеніміз ұлт өлтіру ойыны екенін әлдеқашан мойындаған болар еді. Коммунизм орнайды деген қандай өтірік болса, жаһандану - адамзат баласын теңдікке жеткізеді деген де сондай сандырақ.

Қайткенде де бізге ұлт Рухын көтеріп, іргемізді қымтай түскен жөн-ау...

«Adyrna.kz» cайты

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048