Жұма, 29 Наурыз 2024
2594 1 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 10:00

Түркия ОБ: Қаржылық жағдайды тұрақтандырамыз

Түркияның Орталық банкі ұлттық валюта - лира құнсызданғаннан кейін қаржылық ахуалды тұрақтандырудың "барлық шарасын" жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Орталық банк (ОБ) 13 тамыз күні таратқан мәлімдемесінде банктерге тиісті қолдау көрсетуге уәде берді. Кеше Түркия қаржы министрі Берат Албайрак үкімет нарықтағы жағдайды тұрақтандыратын іс-қимыл жоспарын дайындағанын айтқан.

Түркияда экономикалық дағдарыс болып, АҚШ-пен қарым-қатынас шиеленісуі мүмкін деген қауіптен 13 тамызда Азия қор нарықтарында түрік лирасының долларға шаққандағы бағамы күрт төмендеген.

10 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп түркиялық болат пен алюминийге баж салығы тарифін екі есеге ұлғайтуды қолдағанын айтқан. Бұл жағдай да түрік лирасының құлдыруына әсер еткен. Түркия билігі АҚШ-тың бұл әрекетіне жауап шараларын қолданатынын мәлімдеген.

НАТО-ға мүше Түркия мен АҚШ бірқатар мәселеде, оның ішінде Анкараның ресейлік зымыраннан қорғаныс жүйесін сатып алу жоспарына қатысты да келісе алмай жүр. Таяуда Трамп Анкарадан Түркияда терроризмге қатысты айыпталған пастор Эндрю Брансонды босатуды талап еткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577