Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 31182 0 пікір 7 Наурыз, 2011 сағат 22:55

Төлеген Айбергенов. О, адамдар, біргемін мен сендермен

8-нші наурыз ақын Төлеген Айбергеновтің  жарық  дүниеге келген күні.

Отызында жалғаннан жалт беріп, бақиға озған Айбергеновтің сағыныш тұнған жырлары жүректермен сырласып, жасап келе жатыр. Жасай да бермек. Адам мен өмірді Айбергеновше сүю, жырлау, көз алдыңда жайнаған дүниені Айбергеновтей сағыну - барша адамзатқа бұйырса, онда жер беті әлдеқашан жұмақ болар еді.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», Абай сүрлеуін салып, Алаштың болмысын адам баласына паш еткен қазақтың түпсіз тұңғиық жер асты суындай тұнық та, мөлдір поэзиясының саф таза сағыныш пен махаббатқа толы мекені -  Айбергенов әлемі.

Айбергеновтің ай сәулелі жырлары жанымызды ізгілік пен мейірімге бөлеп, өмірге сүюге үндеп тұр.

«Абай-ақпарат»


Адамдар

О, адамдар, біргемін мен сендермен,

Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.

Сендер менің бақытымның бұлағы,

Сендер менің дарыныма жел берген.

Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,

Жарты құртты бөліп жедім, сырластым.

Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,

Рақатын ойлау үшін бір бастың.

Гүлстанға айналдырған тақырды,

Болат қолдар, алғыр милар ақылды,

Сүйемін мен, сүйемін мен сендерді

Алар демім қалғанынша ақырғы.

Менің үшін бірдей тілің, жынысың,

8-нші наурыз ақын Төлеген Айбергеновтің  жарық  дүниеге келген күні.

Отызында жалғаннан жалт беріп, бақиға озған Айбергеновтің сағыныш тұнған жырлары жүректермен сырласып, жасап келе жатыр. Жасай да бермек. Адам мен өмірді Айбергеновше сүю, жырлау, көз алдыңда жайнаған дүниені Айбергеновтей сағыну - барша адамзатқа бұйырса, онда жер беті әлдеқашан жұмақ болар еді.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», Абай сүрлеуін салып, Алаштың болмысын адам баласына паш еткен қазақтың түпсіз тұңғиық жер асты суындай тұнық та, мөлдір поэзиясының саф таза сағыныш пен махаббатқа толы мекені -  Айбергенов әлемі.

Айбергеновтің ай сәулелі жырлары жанымызды ізгілік пен мейірімге бөлеп, өмірге сүюге үндеп тұр.

«Абай-ақпарат»


Адамдар

О, адамдар, біргемін мен сендермен,

Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.

Сендер менің бақытымның бұлағы,

Сендер менің дарыныма жел берген.

Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,

Жарты құртты бөліп жедім, сырластым.

Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,

Рақатын ойлау үшін бір бастың.

Гүлстанға айналдырған тақырды,

Болат қолдар, алғыр милар ақылды,

Сүйемін мен, сүйемін мен сендерді

Алар демім қалғанынша ақырғы.

Менің үшін бірдей тілің, жынысың,

Көбің ана, көбің аға-інісің.

Достық өскен, ерлік өскен ортаңа

Енген сайын кеңи түсер тынысым.

Не кездессе өздеріңмен көрмекпін

Қарапайым адамдары еңбектің!

Барлығын да бағыштар ем сендерге

Махаббатын маған берсе жер-көктің.

Қолыңнан қала тұрса тас қаланып,

Құдіретіңе табынса аспан алып.

Сен жасаған бақытты көріп тұрып,

Сені сүймеу не деген масқаралық.

Алдымнан көрген емес жол кесіліп,

Келемін демеуіңмен өрге шығып.

О, адамдар, ғапу ет, шалыс бассам,

Кешіріңдер,

Менікі пендешілік.

 

Ойлай бер мені...

Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой - ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал.

Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп...

Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Сағыныш
Сағындым, жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып,  мендей ме екен бар ағаң,
Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.
Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға,
Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.
Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,
Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.
Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін, дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап.
Үмітке толы, арманға толы, әр жерде бр түп қарағай,
Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін, жамырасуға жарамай.
Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,
Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.
Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,
Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.
Көкірегіңде сағыныш барда, мұрат та сенде бар жаным,
Алдыңда тұрған қыраттың саған көрінбей жатқан ар жағын.
Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,
Алыңнан орман кес-кестеп шықса, сағынышыңмен көктеп өт.
Мен бұны саған жазып отырмын, арманымды орап сезімге,
Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде.

ІІ

Сағыныш толы қайтадан толғау, болар да бәлкім қолайсыз,
Дегенмен, жаным, көгілдір дүние сағынбасын арайсыз.
Өмірде мынау, сағынбағандар, бақтсыз, бақсыз, талайсыз,
Қазақтың жыры Абайсыз.

Өткелі қыруар жолдарда жанға батқан да шығар сан ызғар,
Бір қасық суды аңсатқан шығар сан тарам сарша тамыздар.
Бірақ та, жаным, өледі қыран қияға самғап баратып,
Болғасын бейбақ өз жүрегінің сағынышына қарыздар.

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан!

Сағыныш деген - молшылық қазына, бола да берер артық-кем,
Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.
Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам
Қаланып қалса тәртіппен!

Сағыныш деген алдыңда тұрған ақ ала басты көк заңғар,
бақытың сенің - бағытын солай бара жатса алып пәк жандар.
Заманым менің жанарымда алып сағыныш болып жарқылдап,
Ағады тынбай күңіреніп сыңсып, аэропортар мен вокзалдар.

Сағыныш шалғай сапарларыма жасаған шақта иелік,
Кеудеме менің сан рет кеткен табан астында күй еніп.
қойнымда менің қалғиды бүгін ақ жұпар әлем, қыз-өмір,
Сол сағыныштың кірпіктеріне сүйеніп...

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,
Бірге қақ қанат, қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.
Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем мен егер,
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын...

Қараңғы түнде қамығып жүрсең, қанатына алып қаусырар,
Бұл өзі, жаным, әйбат-ақ дүние, күні жоқ тіпті таусылар,
Сағыныштар да төбеңнен өтер, түйдек те түйдек көш болып,
Көктемдегі барлық тырнаның даусы бар!

Зулайды ол бүгін - тұсымда менің жаңғырып барып ендікпен,
Сұрша құмдарға, құм шағылдарға таңдайы кеуіп сел күткен,
Егер сен жарық жанарыңды алсаң қайғы мен мұңға қаптатып,
Сағынып жүрмегендіктен!

Сағыныш деп ұқ, жүйткісе поезд, босағасына әнді іліп,
Сағыныш деп ұқ, далалар жатса, қалалар жатса жаңғырып.
О, сәлем саған, шартарап қырға жұлдыз боп ағып баратқан,
Өз жүрегімнің түкпіріндегі тұңғиық, түпсіз мәңгілік!

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052