Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4467 1 пікір 22 Тамыз, 2018 сағат 11:53

«Әкімдер» төбелесіп қалды

Біздің көшенің балалары «ақырзаманның» балалары. Асық ойнамайды, ләңгі теппейді, тек «әкім» болып ойнап, үйлеріне жуықта кетпейді. Олар облыс және қала әкімі болып ойнап жүр. Менің балам облыс әкімі болыпты! Қуанғаным–ай, жаман ырым емес! Көршінің екіге оқитын баласы қала әкімі болып тағайындалған екен. Екеуі теке–тіресіп тұр. Сырттай бақылай бастадым.

–Неге амандаспайсың? –деп сұрады «облыс» әкімі..

–Өзің неге амандаспайсың?

–Мен облыс әкімімін ғой?

–Қайтейін? Мен қала әкімімін!

–Аяғымды мыжыма деймін!

–Тіземнен теппе!

Екеуі жаға ұстасып, артынша төбелесіп жатты. Баламның мойнына таққан менің ескі галстугым арқасына шығып кетіпті. Анау қала әкімінің галстугы ортасынан жыртылып қалыпты. Бір кезде әкесінің шляпасын киіп, жетінші сыныпта оқитын бала келді. Танымадым. Көрші көшеден болса керек.

–Сен кімсің? –деп сұрады менің әкімім.

–Мен Премьер–министрмін. Не жетпейді сендерге? Төбелесті қойыңдар! Қараңдаршы, қанша «халық», біздің көшенің балалары қарап тұр. Қыздар әне, балмұздақтарын жалап тұр! Бұл қызмет әкелерің сатып әперген қызмет емес, қарапайым болыңдар!

–Болды, министр мырза! –деді менің әкім балам.

–Өзі ғой, қаланың біраз жері менің территориям, маған қарайды деп қоймайды...

–Ақшаларың бар ма?

–Менде жүз теңге.

–Менде елу теңге...

–Халықтан ақша жинап, маған келіңдер, қарбыз сатып алып жейміз! –деген премьер кердеңдей басып, кетіп қалды. «Халықтан» тиын жинаған қос әкім оның соңынан ілесті. Әй, ақырзаманның балалары–ай!

Мұхтар Шерім

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407