Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4692 4 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 12:14

Ініне тығылып қалатын замандастарға ішім жылымай-ақ қойды...

Фейсбукта "ұлтым" деп еңірегенде етеді жасқа толатын бір досым бар. Жазбаларын оқыған сайын, құшақтап алғың келеді.
Бір қыста жағдайы төмен отбасыларға көмір түсіріп беретін болдық. Қап-қап көмірді көтеретін жігіт тапшы. Сол кезде əлгі досым еске түсе кеткені. "Осылай да осылай, жалғызбасты қарияларға отын жеткіземіз, қол жəрдеміңді қоссаң" деп шақырдық. "Əрине, дұрыс қой, дұрыс қой, бірақ уақытым жоқ еді, шаруаларым көп еді" деп көңіл қоймады.
Тағы бірде арнайы шақырып алып "Болайын деп тұрған қазақтың бір баласы бар. Өзі студент, қайтара алмай жүрген аздаған қарызы бар екен, екеуміз соны бөлісіп қайтарысып берсек қайтеді?" деп қолқа салдым. "Əрине, дұрыс қой, дұрыс қой, бірақ менде ақша жоқ қой" деп ол жолы да оңай құтылып кетті. Жəне бірде тоқтатып алып "Пəленше деген жақсы кісі көп қан жоғалтыпты, екеуміз қан беріп қайтсақ қалай болады?" деп тағы жүгіндім. Бұ жолы да бұрылмады. "Əрине, дұрыс қой, дұрыс қой, бірақ менің денсаулығым мəз емес қой" деп жəне тайқып кетті. Содан ба екен желіде "ұлтым, дінім, тілім, салтым" деп көркем сөзді көпіршітіп, нақты іске келгенде ініне тығылып қалатын замандастарға ішім жылымай-ақ қойды...

Серікбол Хасанның facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295