Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 14 Наурыз, 2011 сағат 06:30

Өміржан Әбдіхалық. Мә, Мәсімов жаңалық ашты!..

Осыдан біраз уақыт бұрын президенттің қолынан орден алып тұрып: «Мен сіздің көмекшіңіз болғанмын және болып қала беремін», деп кемсеңдеп көзіне жас алған үкімет басшысы Кәрім Мәсімов  керемет жаңалық ашты. Мәсімовтың жаңалығы  онсыз да «қазақ» деген ұлттың қайдан шыққанын тарата алмай жатқан халықтың жұмысын одан бетер қиындатып жіберген шығар деп отырмыз. «Жоғарыдағылар не дер екен?» деп жүрген тарихшылар мүлдем бағыт-бағдардан айрылып тынған болар!

Бұрын   «Қазақстан халқын» қазақтар және тарихи жағдайларға қатысты елге келген ұлыстар құрайды дегенге көнетінбіз. «Ұлы тарихшы» ағамызға сенсек, бұнымыз  қиянат көрінеді.

Аграрлық университеттің ұйымдастыруымен өткен «Жастар - Қазақстан халқының бірлігі үшін» деген жиында Мәсімов мәз болып тұрып: «Ұйғырлар, қазақтар, немістер және басқа Қазақстанда қоныстанған ұлттар тұтас қоғамды құрап отыр», деп көсіліпті! «Орыс», «украин», «өзбек», «кәріс» басқа этностар ұмыт қалыпты. Қызық екен! Әрине, тұтас қоғам екеніміз рас. Алайда, әр ұғымның тиісті орны болады емес пе? Қанша жерден толерантты болайық, инабатты болайық, шындықтың да шыңғыратын жері болады емес пе? Қазақ - Қазақстанда тұратын көп ұлыстың бірі ғана емес шығар!? Ұйғырға да, неміске де жаулығымыз жоқ. Дегенмен де...

Басқа-басқа, премьер мырза сан өзгерген, сан құбылған соңғы санақтың деректерін бізден де жақсы білетін болар! Тем более, сыртқа қашқан «қызымыз» қарамағында қызмет атқарды. Яғни, ұлттық құрылымдағы қай «компоненттің» бірінші, екінші, үшінші екенін, орын-орнын бізден кем білмес. Кәрекеңнің отыз тісінен (бәлкім, отыз екі болар) шыққан сөз интернет арқылы отыз рулы елге тарап кетті. Ең алдымен, әрине, Мәсімовтың бұл «америкасы» өзіне етене жақын «Вести.кз», «Тенгри-ньюс» сияқты сайттарда жарияланды. Артынан әлеуметтік желілерге де кеңінен қоныстана бастады. «Ұлы жаңалық» ресейлік, әлемдік сайттардан орын алды...

Алайда, соңы не болғаны белгісіз, Кәрімнің «ұлы жаңалығы» із-түссіз жоғала бастады. Ең алдымен өзіне жақын сайттардағы сілтемелері атымен жойылды. Бірақ, интернеттің бір кереметі бар: кеңістікке түскен тосын ақпарат жойылып кетпейді. Кәрім Қажымұқанұлының қыруар «жаңалығы» әлем торып кетті.

Одан еш жеріміз қисаймас. Бірақ, көрпеге қарай көсілу қажет дегенді қайда жіберейік? Айтылған сөз - атылған оқ! Ұлттық мәселе, ұлт пен ұлыстардың арасындағы қатынастар өте нәзік материя. Бұныңыз көріксіз «кластер», сұраусыз «стабилизация» емес. Әркім білгені туралы сөйлегені абзал...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499