Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Ел іші... 5559 9 пікір 1 Қыркүйек, 2018 сағат 10:34

Қазақ тарихында аз уақытта 347 мектеп салынған емес

Бүгін, яғни 1 қыркүйек күні Қазақстанда 7024 мектепте алғашқы қоңырау соғылады. Биылғы оқу жылында еліміздегі мектептерде 3 миллионнан астам оқушы білім алатын болады, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

1. 2018-2019 оқу жылында 7024 мектепке 3 млн. астам оқушы барады, оның ішінде 350 мыңы - бірінші сынып оқушылары.

2018 жылы мемлекет қаржысынан 53 млрд. теңгеге 110 мектеп салынды.

2015-2017 жылдар аралығында мемлекет 347 жаңа мектеп салды. Жоспар бойынша 235 мектеп салынуы керек. Жұмыс 147%-ға асыра орындалды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұрын-соңды осыншама мектеп бір уақытта салынған емес.

2. Биыл 72 мектептің үшеуі Ақмола облысында, Ақтөбеде - 9 мектеп, Алматыда - 6, ШҚО - 1, Жамбыл - 4, БҚО - 3, Қарағанды - 3, Қызылорда - 5, Маңғыстау - 8, Түркістан - 20, Алматы – 7, Астана қаласында – 3 пайдалануға беріледі.

3. Дүниежүзілік банк жобасы ауыл мектептеріне қолдау көрседі әрі материалдық техникалық жағдайын жақсартып, мұғалімдерге арналған курстар басталады. Қарыз қаражаты есебінен 2018-2022 жылдары 24 млрд. 120 млн. теңге қарастырылған, республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру - 2,9 млрд. теңгені құрайды. 5324 ауылдық мектептер 56 977 компьютер жинағымен жабдықталатын болады (бастауыш ауыл мектептері 5 жиынтық, базалық және орта мектептер 10 жиынтық).

4. IT-технологиялар мен робототехниканы дамыту үшін барлық аймақтарда робототехника, программалау, 3D-принтинг кластарын ашуда. Қазіргі уақытта бір жарым мың (1 500) мектепте осындай кластар бар.

5. Биыл «Информатика» пәні 3 сыныптан басталады, бұрын 5 сыныптан басталды. «Цифрлық Қазақстан» программасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2 сыныптарда енгізіледі. Олардың бағдарламалары дайындалуда.

6. Педагогтар толтыруға тиіс 5 құжаттың тізбесі бекітілді. Олар - күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы.

7. Жаңа оқу жылынан бастап ҰБТ-ға қатысу міндетінен мұғалімдерді босату талқылануда. Мектептердің ҰБТ бойынша рейтингін де алынып тасталды.

8. Аттестацияның жаңа жүйесін 60 мыңға жуық педагог өтті, оларың 36 мыңы сәтті өтті. Биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақыны қарастырады. 110 мыңнан астам педагогтар республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. 8 мыңнан астам пән мұғалімдері жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін тілдік курстарда оқуда. Олардың 5 мыңға жуығы осы оқу жылынан бастап сабақ беруге кіріседі.

9. Елбасының тапсырмасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар саны 54%-ға артты. Бұл өз кезегінде соңғы 5 жылда орын алған колледж студенттері қатарының азаюы үрдісін тоқтатуға септігін тигізеді.

10. Қазақстан үш халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысты, ал 2017 жылы БАӘ-нің 77 елінде 24 орынды иеленді, бұл 2 жыл ішінде 26 орынға көтерілді. Яғни, жаңа бағдарламалар өз нәтижелерін беруде.

11. Соңғы екі жылда техникалық және кәсіптік білім жүйесіне қажетті 500 негізгі шетелдік оқулықты аудардық. Олар арнайы пәндерді оқытуға негізделетін болады.Соңғы 2 жылда 10 000-ға жуық оқытушылар мен шеберлерді жаңа бағдарлама бойынша оқытылды, биыл 5 200-і жоспарланған, 2019 жылы соңғы тобы, 5200-і оқытылады.

12. Бүгінгі таңда ТжКБ-нің 109 қайталанған және сұранысы төмен болған мамандықтары қысқартылды. Бұл 66 мамандықтың өзгеруіне және 20 колледжді біріктіруге әкелді (477-ден 467 қалды).

13. ТжКБ қызметкерлерінің мәртебесін көтеру үшін Ұлттық біліктілік тестілеуді 2020 жылы орта біліммен теңестіруді жоспарлап отырмыз. 2019 - тест тапсырмаларын әзірлеу, біліктілігін арттырғандарға қосымша төлемдер жасауды жоспарлау жылы.

14. Академиялық дербестік туралы Заң ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын жедел негізде жаңартуға мүмкіндік береді. «Атамекен» ҰКП-мен жасалған білім беру бағдарламаларының рейтингі ЖОО-ларға бағдарламаларды жаңарту барысында айқын бағыт-бағдар беріп отыр. Өз кезегінде, университеттерге қойылатын біліктілік талаптары артатын болады.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1577
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3390
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6561