Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Пруст сауалнамасы 5519 0 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 08:49

Қанат Тілеухан, жазушы. Байқамай істеген қателіктерді кешіруге болады

Abai.kz ақпараттық порталының "Пуруст сауалнамасы" айдарының бүгінгі қонағы - жазушы Қанат Тілеухан.

–  Сіздің ойыңызша, ең қатерлі жағдай дегеніміз не?

Кездейсоқ келген ажал.

Сіздің қай жерде өмір сүргіңіз келер еді?

Өз елімде!

Сіз үшін ең мінсіз бақыт деген не?

Деннің саулығы.

Сіз қандай қателіктерді кешіруге болады деп есептейсіз? 

Байқамай істеген қателіктерді кешіруге болады деп ойлаймын.

Сіздің ең сүйікті әдеби кейіпкерлеріңіз?

Бақтығұл («Қараш-қараш оқиғасы», М. Әуезов)          

Сіздің ең сүйікті тарихи кейіпкеріңіз?

М. Ганди

Сіздің шынайы өмірдегі ең сүйікті кейіпкеріңіз?

Кішкентай адамдар.

Сіздің әдебиеттегі ең сүйікті әйел кейіпкеріңіз?

Настасья Филипповна («Идиот». Ф. Достоевский)

Сіздің ең сүйікті суретшіңіз? 

Сурет өнеріне қызығушылығым жоқ

Сіздің ең сүйікті музыкантыңыз?

Н. Тілендиев.

Сіз ер адамның бойындағы қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?

Бірсөзділік.

Сіз әйел затынның бойындағы қай қасиеттерді бағалайсыз?

Табиғи қалпын жоғары бағалаймын.

Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қайсысы сіз үшін тартымды?

Кешірім.

Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелігі қандай?

Мінезімде ерекшелік жоқ.

Сіздің ең сүйікті ермегіңіз?

Футбол көру.

 Танымал адамдардың ішіндегі кім болғыңыз келеді?

Ешкім.

Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелігі қандай?

Жауап бердім.

 Достарыңыздың қандай қасиетін бағалайсыз?

Мені бар болмысыммен қабылдайтын қасиеттерін жоғары қоямын.

Сіздің ең басты кемшілігіңіз?

Көп сөйлеймін. Өтірікті де жиі айтамын.

Сіздің бақыт туралы арманыңыз қандай?

Ұлымның азамат болуын көру.

Сіз үшін ең үлкен бақытсыздық не болар еді?

Мағынасыз ғұмыр кешу.

Сіз қандай болуды армандаған едіңіз?

Бала кезімде атқа мінгенді жақсы көрдім. Бірақ үйде жылқы ұстамадық. Содан болар қойшы болуды армандаған едім.

Сіздің сүйікті түсіңіз?

Түсті өте сирек көрем. Өмірден ерте өткен досымды көргім келеді. 

Сіз ұнататын гүл?

Гүлге қызығушылығым жоқ.

Сіздің сүйікті құсыңыз?

Құсқа да әуестігім жоқ.

Сіздің сүйікті жазушыларыңыз?

Олардың қатары көп. Достоевский, Чехов, Әуезов, Быков т.б

Сіздің сүйікті ақындарыңыз?

Олар да көп. Абай, Мағжан, Ілияс, Қасым, Мұқағали, Гүлнар т.б

Сүйікті есімдеріңіз?

Сүйікті есімдер жоқ.

Бәрінен бетер не нәрсені жек көресіз?

Өтірікті.

Сіз жек көретін тарихи кейіпкерлер?

Ленин, Сталин бастаған қызыл көсемдер.

Сіз қайран қалатын әскери оқиға?

Ржевтегі шайқас.

Сіз жоғары бағалайтын реформа?

2000 жылдықтың басында жасаған М. Саакашвилидің реформасы.

Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?

Имандылық.

Қалай өлгіңіз келеді?

Ол Құдайдың ісі.

Дәл қазіргі көңіл күйіңіз?

Тамаша!

Сіздің ұраныңыз?

Ұраным жоқ.

 

Сөз соңы

"Абай порталы" замандастарымызды, жас ғалымдар, журналистер мен қаламгерлерді Марсель Прусттың сауалнамасына жауап беріп, сайтқа жіберуге шақырады. Адам мен оның көзқарасы өзгермей тұрмайды. Тағы да жылдар өткеннен кейін өз жауаптарыңызға өзіңіз таң қалатын кез тууы да ықтимал. Аман болсақ, сол сауалдарды он, жиырма жыл өткен соң қайталап қоятын боламыз. 

Қазірге дейін Пруст сауалнамасына жауап берген азаматтар:

Айдос Сарым, Ақберен Елгезек

Байбота Қошым-Ноғай

Дайындаған Тілек Ырысбек, Бауыржан Майтай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053