Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2558 0 пікір 17 Наурыз, 2011 сағат 10:46

Серік Әбдірешұлы. Өмірдің жауабы Танирбергеннің емес, Тәңірдің еркінде

Мәжіліс депутаты Танирберген Бердингаровқа 23 ақпандағы бастамасынан туындаған қоғамдық дүрлігіске орай оқырмандар атынан төмендегі хатты жолдап, жауап қатуын сұрағанбыз. Өкінішке қарай, депутаттың өзі тудырған дүрлігіс өзінің үнсіздігіне жалғасып, сайлаушылар сауалы жауапсыз қалды. Қашып-пысқан депутатты неше рет Есілдің сол жағалауындағы еңселі үйге іздеп барсақ та әркез орнын сипап қала бердік. Орнында ұстау мүмкін болмады, 27 ақпандағы жазбаша хатымызға жауап та бермеді, қоңыраулатқан телефонымызды депутат көмекшісі Дәулетбек Беркінұлы ғана көтеріп, сұрағымызға нақты ештеңе дей алмады. Көмекшіден оңған жауап болмаған соң Бердингаровтың электорнды поштасына төмендегідей сауал жолдаған едік.  Қараңыз:

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Т.М.БЕРДІОҢҒАРОВ мырзаға

Құрметті Тәңірберген Маратұлы!

2011 ж 23 ақпан күнгі Сіздің әріптестеріңізді «Отан қорғаушылар күнімен» құттықтауыңызға орай оқырмандар тарапынан түскен мына сауалдарға жауап алғымыз келеді:

1.     Сіз Кеңес армиясының қатарында қызмет еттіңіз бе? Қандай әскерде және кім(сарбаз әлде сардар) болдыңыз?

2.     Сіздің былтырғы құттықтауыңыз әріптестеріңіздің  наразылығын тудырған еді, бұл жолы да ешқандай наразылыққа қарамстан әріптестеріңізді тағы да құттықтадыңыз. Неге?

3.     Сіз «Отан қорғаушылар күнінің» бүгінде тек қана Ресей федерациясының мемлекеттік мерекесі екендігін білдіңіз бе?

4.     Мемлекеттік мандаты бар қазақстандық мемлекеттік қайраткер ретінде Сіз парламент төрінен әріптестеріңізді бүгінде мемлекеттік мерекелер тізімінде жоқ және өзге елдің мемлекеттік мерекесі саналатын күнмен қандай оймен құттықтадыңыз? Ондай мемелкеттік емес мерекемен құттықтау Мәжіліс қабырғасында дәстүрге айналған ба?

Алдын ала рахмет айта отырып, оқырмандарды (сайлаушыларды) толғандырған бұл сауалдарға жауап беретініңізге сенеміз.

27 ақпан 2011жыл.

24 ақпаннан бастап төбесін көрсетпей қойған депутатымыз жоғарыдағы сауалдарға әрине, еш жауап қайтарған жоқ. Сонымен, елді бұлайша дүрліктірген жағдайға кім кінәлі? Оңы мен солын «танымаған» Танирберген бе, әлде сондай адамға мандат берген «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ма, сайлаушылардың көңілін күпті қылған осы сұрақ та болатын. Сондықтан да астаналық бір топ жас сайлаушы Т.Бердингаровтың орнына мемлекеттік тілді білетін және мемлекеттік саясатты ардақтайтын азаматпен ауыстыруды ұсынған еді.

Десек те, жауапсыз ештеңе де болмайды, бар сауалға өмірдің өз жауабы бар және оны талап ететін кез де болады. Ол - Танирбергеннің еркіне емес, Тәңірдің еркіндегі жайт. Біз де сол өмір заңына бағынып, бұл жолы сайлаушылардың сұрағына жауапты өз беттерінше сұрастыру үшін депутаттың телефондары мен электрондық мекенжайын бере кетуді жөн көрдік:

(7172) 746148(депутат),  746147 (көмекші)

Электрондық жәшік: berdongarov@parlam.kz

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525