Сенбі, 23 Қараша 2024
3041 1 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 10:05

140 мың студент 93 жатақ­ха­нада тұрып жатыр

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің арнайы мониторингтеу тобының мүшелері   «Нұр Отан» партиясы филиалының, жергілікті Білім және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың өкілдерімен бірлесіп Алматы қаласында орналасқан  жатақханаларға  мониторинг жүргізуді  бастап кетті. Бұл туралы «Алматы ақшамы» гәзеті жазды.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» білім жүйесін қалыптастыруда әлемдік стандарттарға жету үшін студенттердің оқуы мен тұрмыс жағдайына көңіл бөлудің маңыздылығына айрықша мән берілген еді.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 83 техникалық және кәсіби  білім беру колледждері бар.  Олардың 22-і мемлекеттік, 61-і  жеке иеліктегі колледждер болып саналады. Студенттердің жалпы саны 64828 адамды құрайды. Күндізгі оқу бөлімінде оқитын  21607 студенттің 8972-і  (41%)  қаладан тыс жерлердегі елді-мекендерден қатынап оқиды. Жатақханалармен 1591 студент қамтамасыз етілген. Тіркелген  8 мемлекеттік колледждердің  9 жатақханасы бар.

№1 Мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжінің 300 студентке арналған жатақханасының құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 01.10.2018 жыл.

Егер де ашықтық пен транспаренттілікке және білім саласына бөлінетін мемлекет қаражатының үнемделуіне қызығушылығыңыз болса, онда Сізді студенттерді жатақханаларға орналастыру  комиссияларының жұмысын және салынып жатқан жатақхана­лардың  құрылыс сапасын бақылауға  тәуелсіз сарапшы ретінде қатысуға  шақырамыз.

Алматы қаласындағы  студенттерге арналған  жатақханаларда бөгде азаматтардың заңсыз тұрып жатқан жағдайлары анықталған жағдайда мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 87074741424, 254-90-54,254-90-33. (Almatyantіcorruptіon@maіl.ru).

Керек дерек

 Алматы қаласында 38 жоғары оқу орындары бар. Жалпы саны  140 мың студент  93 жатақ­ха­нада тұрып жатыр. 2020 жылға дейін  тағы да  37 жатақхана салу  жоспарланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443