Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2552 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:56

Абай өлеңдерінің қазақпен табысқанына 100 жыл толды

Кеше «Әуезов үйінде» М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Абайдың тұңғыш жинағы – «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» басылымына 100 жыл толуына орай «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» атты ғылыми-теориялық конференция болды.
Конференцияны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов ашты. «Қазақ халқының аяулы перзенті, данагөй ойшыл Абай Құнанбаевтың тұңғыш кітабы қазақ жазба әдебиетіне сарқылмас қазына болып қосылды...» дей келе, академик Абай шығармашылығы туралы аз-кем ой толғады. Ол Абайдан сенсация жасағысы келетіндерге дер кезінде тоқтау салу қажеттігін де сөз арасында тілге тиек етті. Жиынның тізгінін ұстаған С.Қасқабасов келесі кезекте негізгі баяндамашыларға сөз берді. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Әдебиет тарихы секторының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы Ж.Ысмағұлов «Ұлттың рухын оятқан басылым» тақырыбында, ал М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Б.Момышұлы атындағы орталықтың директоры, профессор М.Мырзахметов «Ғасыр жүгін арқалаған ақын» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндама авторлары Абай шығармашылығының тарихына кеңінен тоқталды, Абай мұрасының шын мәнінде ұлттық қазынаға айналғандығына тағы бір рет көз жеткізді.

Ғылыми-теориялық конференцияда қосымша баяндама жасағандар: филология ғылымдарының кандидаттары – С.Қорабай «Абайдың тұңғыш кітабын бастырушылар» тақырыбында, С.Қосан «Абайдың мұрағатта сақталған шығармалары» туралы, Р.Қайшыбаева «К истории переводов прозы Абая на русский язык» тақырыбында Абай мұрасына мағыналы шолу жасады. Абай прозасының, Абай афоризмдерінің философиялық мәні туралы айтқан Р.Қайшыбаева: «Абай афоризмдері саны жағынан да, көркемдік сапасы жағынан да оның поэзиясынан бір мысқал кем емес. Абай прозасының шоқтығы биік. Ғұлама ақын көп қара сөзшілер жүгінетін естелік немесе мемуар жанрында емес, ешкімге ұқсамайтын ерекше һәм күрделі жанрда қалам толғап, өзіндік тың сүрлеу салды...» деп ой қорытты. Сонымен қатар ғалым Абайдың «Қара сөздеріне» ғылыми-теориялық тұрғыда терең талдау жасай келе, «Қара сөздердің» орыс тіліне аударылу мәселесіне көңіл бөлді. Оның айтуынша, Абайдың «Қара сөздерінің» орыс тіліне аударылуы әлі де көңіл көншітерлік дәрежеде еместігін, кейбір қара сөздер толық емес, қысқартылған нұсқада аударылғандығын айтты.
А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылу тарихы» тақырыбында баяндама жасаған өнертану кандидаты Амангелді Мұқан республика театрларында қойылған «Абай» қойылымдарының тарихына шолу жасай отырып, әр қойылымды уақыт тұрғысынан саралады. «Абай» қойылымдары арқылы біз Абайды қалай танимыз?» деген мәселеде ой қозғаған баяндамашы бүгінгі театр сахналарындағы Абай образының көркемдік деңгейіне, образ ерекшеліктері мен кемшіліктеріне сараптама жасады.

Сәуле ӘБЕДИНОВА
«Айқын» газеті, 10 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588