Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2150 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:57

Масқара болғанда мал жаятын жер қалмай барады

Федоров ауданында тұратын жеке шаруа Михаил Бойкаға биылғы жыл қырын тиді. Ағымдағы маусымда ол астықты қорқа-қорқа екті. Себебі пайдалану мерзімі әлі бітпеген жалға алған жерінің 48 гектары әлдекімнің қолына өтіп кетіпті. Бұл –200 гектар жері бар шағын шаруа үшін үлкен шығын. Бастапқыда «алып-қашпа әңгіме болар» деген ол күн озған сайын аңыздың ақиқатқа айнала бастағанын сезіп, ақ-қарасын айыру үшін жанұшыра жүгіріске түскен.
– Жақын танысымнан 48 гектарға ешбір байланысым жоқ, мүлде білмейтін әлдекімнің актісі барлығын естідім. Менің қолымда да ол жердің маған пайдалануға жалға берілгенін айғақтайтын акті бар, ол тек бір жылдан кейін бітеді. Оның сыртында Жер кодексі бойынша менің жалға алу мерзімін ұзартуыма толық құқым бар. Қызық, жер – біреу, акті – екеу. Ақиқат іздеп аудандық әкімшіліктің табалдырығын тоздырғаныммен, заңға лайық жауап таба алмадым. Ақыры облыс прокуроры мен «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары қатысқан қаржы полициясының қабылдауында болып, барлық жағдайды жайып салдым. Қазір іс қаралып жатыр, бірақ менің қорқынышым әлі басылған жоқ. Рас, «мынау менің жерім еді» деп ешкім келген емес, бірақ астық піскен кезде «кешіріңіз, өнім менікі...» деп әлдекімнің жетіп келмесіне кім кепіл, – дейді шаруа мұңын шағып.

Облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз қызметі берген дерекке жүгінсек, қаржы полициясы жүргізген шұғыл тексеріс нәтижесінде бес ай ішінде ғана жерді заңсыз саудаға салған жеті қылмыстық іс қозғалған. Солардың бірі – Михаил Бойканың жеріне қатысты. Қазіргі таңда экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаменті Федоров аудандық әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бастығы Қанат Әбішевтің үстінен ҚК-тің 307-ші, яғни, «қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жер қатынастары бөлімінің бастығы әрі жер комиссиясының мүшесі ретінде сегіз ауылға қарасты жалпы көлемі екі мың гектардан астам жерді Қостанай қаласының тұрғыны Шорохов деген азаматқа 48 жылға жалға беру туралы заңсыз шешім шығарған. Қ.Әбішев сегіз ауылға қарасты жердің ауылдағы ағайынның малын жаюға арналған аумақтар екенін жақсы білген. Сөйте тұра Елбасының өткен жылғы жемқорлыққа қарсы форумда айтқан «Мемлекеттік қызметкер өзіне берілген билік пен құзыретті пайдалана білуі керек және ең бастысы – адал болуы тиіс» деген сөзін аяқ асты етіп отыр. Ең қызығы, Шорохов бұрын-соңды диқаншылықпен айналыспаған және бірде-бір ауылшаруашылық техникасы жоқ адам болып шықты. Негізінде, заңға сәйкес, жерді жалға алушының ауылшаруашылық техникасының бары және оның жермен жұмыс істеген тәжірибесі ескерілуі тиіс. Сонда, қаланың ақ саусақ тұрғынына ауылдағы Қанат Әбішев пен жоғарыдағы комиссия мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Сапабек Досжановқа ағайынның аузынан жырып жер беру не үшін қажет болуы мүмкін?
Бұл жерде екі түрлі байлам жасауға болады. Алдымен Шороховқа жер алу оны келешекте қымбатырақ сату үшін қажет болуы мүмкін. Себебі 22 миллион теңгеге бағаланған жер қай уақытта жылжымайтын мүлік ретінде өз құнын жоғалтпайды. Ђйткені дәл осы жер Федоров ауданындағы жер бонитеті жағынан өте құнарлы болып саналады. Мемлекет гектарына 52 мың теңгеден бекіткен әлгі екі мың гектарды аукционға салып келіп жіберсе, қыруар қаржының астында қалары анық. Демек, Шороховтың оны кез келген уақытта банкке кепілдікке қойып, көп мөлшерде несие немесе біреуден қарыз алуға пайдалануына да толық мүмкіндігі бар.
Екіншіден, қара жердің қадірін білмейтін қалалық азаматтың ауылдан жер алуына үшінші тұлғалардың мүдделі болуы. Бұған келтіретін дерек, техниканы бір жерден екінші жерге көшіруге қанша уақыт пен жанар-жағармай кететінін жер емген жұрт жақсы біледі. Сонда, арасы ат шаптырым емес, ондаған шақырымдарды құрайтын шалғай ауылдарды аралап жүріп, жер алып, егін егіп, дән аламын деу диқанға тиімді болмасы анық. Яғни бұл жерде тасадан табыс көргісі келген, әлдекімдердің қызығушылығын аңғарасыз. Ресми емес деректер бұл жерге аудандық деңгейдегі тағы бір мықтының көзі түсуі мүмкіндігін айтады.
– Мемлекет меншігіндегі жердің біреуден күштеп тартып алынып, екінші біреуге тегін берілгендігі бізді де қайран қалдырып отыр, – дейді қаржы полициясының баспасөз қызметкерлері.
Жалпы, жерді заңсыз беруден бір ғана аграрлар зардап шегіп отыр деу аз. Мұның бір ұшы «малым – жанымның садағасы» деген ауылдағы ағайынның басына да бұлт үйіруде. Аталмыш ауданға қарасты Ленинск округінің әкімі Сабыржан Тұрлыбековтің сөзіне сүйенсек, бүгінде жайылымдық жерлер жаппай жекенің қолына өтіп жатыр. Осы жақын уақыттың ішінде ғана осы ауылдың 394 гектар жайылымдығы жекенің меншігі болып шыға келіпті. Қазірдің өзінде бұл ауылдағы жайылымдық жерге деген тапшылық 1,8 мың гектарға жеткен.
Біз тілдескен ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, жақын уақыт ішінде қолда бар малынан айырылып қаламыз ба деген қорқыныштарын білдірді. Себебі қарны тоймай, азғантай сүт беретін аша тұяқтыны асырау ақша көрмейтін ауыл халқы үшін мұңға айналып барады. Жайылымдық жер күн санап тарылуда, жемшөптің бағасы шарықтап, тоқтар емес. Сондықтан да, ауылдағы ағайын еттісін базарға апарып, ақшаға пұлдап, құтылуда. Ал бұл өз кезегінде қазіргідей дағдарыс пен агроөнеркәсіпті дамыту секілді маңызды мәселе күн тәртібіне қойылған тұста – «жығылғанға жұдырық» болары анық.

Асхат Айдын, Қостанай облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583