Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ. Екі ғарышкер елге қайта ма?
Ресми Мәскеу қазақтың ғарышқа ұшуына әу бастан-ақ ықылас таныта қоймаған. Осыдан 18 жыл бұрын Тоқтарымыз ғарышқа жол тартқанда, мәскеулік басылымдардың бірі «Қонаевтың арманы орындалды» дегенді ернінің ұшымен жыбырлай айтқан. Арада тоғыз жыл өткенде, нақ сол басылым («Новая» №92 16 желтоқсан, 2002 жыл) қазақ елінің ғарышкерлер отрядын құруға кіріскенін хабарлай отырып, «бұл жобадан екі ел де үміт күтіп отыр. Жоба Президенттердің бақылауында» дегенді айтқан.
Көп ұзамай, қазақ жағынан ұсынылған төрт үміткердің ішінен Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймахановтың бағы жанып, ғарышкерлер қатарын толтырды. Ресми Мәскеудің екі азаматымызды қабылдамасқа амалдары қалмады. Ғаламдық дағдарыс келіп килікпегенде, оларды ғарыш сапары күтіп тұр еді.
Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «Новая» газетіне берген сұхбатында:
– Ресей жағы қазақ ғарышкерлері тек коммерциялық келісіммен ұшады. Жолдаманың құны – 900 миллион рубль, – деді.
Талғат Мұсабаевтың сұхбатынан соң, арада бір апта өткенде «Роскосмостың» бас маманы Алексей Краснов:

– Арнайы келіссөздер нәтижесінде біраз шегіністерге баруға тура келді. Қазақ жағы ғарыш жолдамасының 40 пайызын алдын ала, қалғанын ғарыш сапарынан кейін төлесе, онда есік ашық. Қалай болғанда да, «Байқоңыр» қазақтың жерінде, – деп «жанашырлық танытып», мәмілеге шақырғандай болды. Қазақ тарапы Ресей тарапынан көрсетіліп отырған «жеңілдіктерге» қарамастан, «Роскосмосқа» «қазір ғарышқа ұшуға шамамыз келмейді» дегенді ашып айтты.
Ақиқаты, Қазақ, Ресей президенттерінің Ақ ордада қол қойылған мәмілелерін «нарықтағы баға бұзып кетті».
Ғарыш мамандарын дайындау оңай емес. Ғарыш технологиялары уақыт өткен сайын өзгеріп, жаңарып жатыр. Енді екі-үш жылдан соң Ресей жағы Айдын мен Мұхтарға «Ғарыш сапарына дайындықты жаңа технология бойынша бастаңдар» деп шыға келмесіне ешкім кепілдік бере алмайды.
Сонымен, қазақтың қос үміткерінің ұшу сапары белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Ал босап қалған «екі орынға» үміткерлер дайындауға бір жыл мерзім керек. Ресей бұл арада Айдын мен Мұхтардың Ресей азаматтығын алып, Ресей атынан ұшыруға қолқалаудан басқа амалы жоқ.
Бұл – қазақ жағына да тиімді. Себебі бірнеше рет ғарышқа барып келген Талғат Мұсабаев қазақ елінің азаматтығын алып, Ұлттық ғарыш агенттігінің орынтағына жайғасты.
Ғарышкер – ұшқыш Юрий Маленченко қазақ елінің халық батыры атанды. Ресей атынан ғарышқа ұшуы мүмкін Мұхтар мен Айдын да «күлшелі бала» болып елге қайтып келуі әбден мүмкін.
Р.S. Кеше «Роскосмос» қазақ ғарышкерінің орнына ұшатын ғарыш турисінің аты-жөнін жариялады. Ол – канадалық мультимиллионер Ли Лалиберте.
«Жұлдызды қалашықта дайындықтан өтіп жатқан Айдын мен Мұхтар елге қайта ма?» деген сұрағымызға Ұлттық ғарыш агенттігі нақты жауап бере алмады.
Ал Мәскеуден оралған қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров: «Маған бұл жаңалық емес. Кеше мәскеулік жолдастар «елде сізді осындай жаңалық күтіп тұр» деп хабарлап қойған. Біздің Мұхтар мен Айдынға Ресей азаматтығын беріп, ғарышқа ұшыру тиімсіз. Мұхтар мен Айдынның елге қайтудан өзге амалы жоқ. Ал айдың-күннің аманында «ғарышқа ұшуға қаржы таба алмағанын» айдай әлемге жариялау абырой емес. Екі балада жазық жоқ», – деді.
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ