Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2551 0 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 12:47

Дінаралық мәселелер Президент назарында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттік–конфессиялық қатынастарда зайырлылық моделін ұстанып келеді.

Қазір Қазақстанда ресми түрде 18 конфессияның мүдделерін білдіретін  үш жарым мыңнан астам діни субъектілер тіркелген. Осындай діни саналуандық жағдайында дін саласындағы негізгі үдерістер мен үрдістерді елеп-екшейтін мемлекеттік саясатты жаңадан ой елегінен өткізуді күн тәртібіне қойып отыр.

Өткен аптада Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Дархан Кәлетаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары кезінде БАӘ Толеранттылық министрі шейх Нахаян бен Мубарак Әл Нахаянмен кездескенін хабарлаған болатын.

Кездесу барысында екі тарап дінаралық диалог пен қоғамдық келісім мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылаған.  Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев ішкі саяси тұрақтылық, дінаралық және этносаралық үйлесімді қамтамасыз ету мәселелері тікелей Қазақстан Республикасы Президентінің назарында екенін атап өткен еді.

Тараптар әлемнің түрлі өңірлерінде мемлекетішілік және жаһандық деңгейдегі әртүрлі этникалық топтар мен дін өкілдерінің арасындағы қақтығыстың орын алуы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың әлсіреуімен тығыз байланысты екенін атады.

Кездесу барысында Халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне тоқтала отырып, шейх Нахаян бен Мубарак Әл Нахаян Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың  дінаралық диалогты ілгерілетудегі күш-жігерін, сондай-ақ халықаралық тұрақтылық пен түрлі қақтығыстарды реттеуді күшейтуге бағытталған өзге де бітімгершілік бастамаларын жоғары бағалаған болатын. Осы тұрғыда, Нахаян бен Мубарак Әл Нахаян Қазақстан Президентінің бастамасымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі шын мәнінде түрлі дін өкілдерін біріктіретін жаһандық диалог алаңына айналғанын айтып, алдағы 2018 жылғы 10-11 қазан күндері өтетін VI Астана съезіне өздерінің қатысатынын айтқан.

Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев БАӘ Ұлттық Федеральдық Мәжіліс төрағасының бірінші орынбасары Маруан бен Глейтпен де кездескен. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланыстардың тұрақты дамуына көңілдері толатынын жеткізді.

Министр БАӘ Ұлттық Федералдық Мәжілісінің елдің ішінде және халықаралық деңгейде толеранттылық, конфессияаралық және дінаралық диалог идеяларын кеңейту және нығайтуға қосқан үлесін атап ерекше бағалайтынын айтқан. Бұған Біріккен Араб Әмірліктерінің діни төзбеушілік және кемсітушілікпен күресу, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес туралы заңдары дәлел.

Сондай-ақ, министр Дубай әмірлігінің Ислам және қайырымдылық істері департаментінің Бас директоры Хамад аш-Шейбанимен кездесті. Аталған құрылым қайырымдылық қауымдастықтар мен ислам институттарына лицензия беру, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру мәселелерімен айналысады. Хамад әш- Шейбани Дархан Кәлетаевқа ағымдағы жылдың 15-16 қарашасында Дубайда Халықаралық толеранттылық саммитін өткізуді ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісіп, Қазақстан делегациясының аталған саммитке қатысуына сенім білдірді.

Сондай-ақ, департамент басшысы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Біріккен Араб Әмірліктерінің Бақыт Министрлігінің өкілдерімен кездесу барысында БАӘ тарапы бұл құрылымның қызметі туралы хабардар етті және қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі алғаш рет 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өткен болатын. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысқан.

Содан бері Қазақстанда әр үш жыл сайын өткізіліп тұрады.

Биыл бұл сьезді қазан айының 10-11 күндері Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Нұрбек Амандос

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407