Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5903 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 10:42

Серік Әбдірешұлы. Қазақтану

Этноәлеуметтік сараптама

Халқымыздың болмысын тануға және танытуға бағытталған тақырып арқылы кәзіргі кезде қазақ халқы одан әрі даму үшін ең әуелі өзін өзі тануын қамтуы тиіс деген тұжырымды жария ете отырып, сонымен бірге Қазақстан мықты мемлекетке айналуы үшін елдің әркелкі халқының біртұтастануының маңыздылығын қоғамға сіңіру айып емес. Бұл жайт әркелкі қазақстандық халықтың әуелі қазақтану үдерісін бастан өткізуімен маңызды. Сондықтан да айтылмыш үдерістердің жүзеге асуы барысында қазақты тану да, қазақтану (қазақ болу) да өзекті.

Дегенмен, қазақтану үдерісі қазақ үшін де, қазақ еместер үшін де маңызды. Алайда, қазақ еместер үшін «қазақтану» үдерісі қазаққа сіңу деген ұғыммен шендеспегені мақұл. Қазақ еместер үшін олардың қазақты сыйлап, тілін үйренуге қорсынбауы, яғни қазақ халқын менсінуі бірінші кезектегі қадам болмақ. Ал, қазақтар үшін қазақ болу дегеніміз - кешегі көшпелі қазақтың ұрпағы ретінде ұялмау, өзін өзі қорсынбау және тарих пен тілді, салт-дәстүрді құрметтеп қана қоймай, соны бүгінгі заманның әжетіне жарата білу міндеті болар еді. Болашақ мемлекеттік саясатқа айналмақ бұл ұлттық идея іске аспас бұрын, қазақ халқын тану мәселесі алғы шарт ретінде күн тәртібінде қойылуы қисынды.

Ырым мен Иман

Этноәлеуметтік сараптама

Халқымыздың болмысын тануға және танытуға бағытталған тақырып арқылы кәзіргі кезде қазақ халқы одан әрі даму үшін ең әуелі өзін өзі тануын қамтуы тиіс деген тұжырымды жария ете отырып, сонымен бірге Қазақстан мықты мемлекетке айналуы үшін елдің әркелкі халқының біртұтастануының маңыздылығын қоғамға сіңіру айып емес. Бұл жайт әркелкі қазақстандық халықтың әуелі қазақтану үдерісін бастан өткізуімен маңызды. Сондықтан да айтылмыш үдерістердің жүзеге асуы барысында қазақты тану да, қазақтану (қазақ болу) да өзекті.

Дегенмен, қазақтану үдерісі қазақ үшін де, қазақ еместер үшін де маңызды. Алайда, қазақ еместер үшін «қазақтану» үдерісі қазаққа сіңу деген ұғыммен шендеспегені мақұл. Қазақ еместер үшін олардың қазақты сыйлап, тілін үйренуге қорсынбауы, яғни қазақ халқын менсінуі бірінші кезектегі қадам болмақ. Ал, қазақтар үшін қазақ болу дегеніміз - кешегі көшпелі қазақтың ұрпағы ретінде ұялмау, өзін өзі қорсынбау және тарих пен тілді, салт-дәстүрді құрметтеп қана қоймай, соны бүгінгі заманның әжетіне жарата білу міндеті болар еді. Болашақ мемлекеттік саясатқа айналмақ бұл ұлттық идея іске аспас бұрын, қазақ халқын тану мәселесі алғы шарт ретінде күн тәртібінде қойылуы қисынды.

Ырым мен Иман

Әрине, әлемдегі қай халық та өзінше қонақжай. Бірақ қазақтың қонақжайлығы айырықша, бұл халықтың аталмыш қасиетіне қарап, өмірге қонақ үшін келген бе деген сан алуан ойларға барасың. Қазақтың бұл кейпі шынында да, тереңірек қазуға тұрарлық тақырып. Сондықтан да ат басын осыдан бастауды жөн көрдік.

Кез келген құбылыстың бастауы бар, қазақтың қонақжайлық құбылысы да осындай бастаудан тұратыны сөзсіз. Алайда, тап басып айта аламыз ба, жоқ па, оны оқырман бағамдар, ал біз не де болса, тәуекел етіп, қазекеңнің осы бір «Ас та төк!» деген ұранға бергісіз дәстүрі қайдан бастау алады дегенге алаңдай бергеніміз рас.

Қазақтың қазырғы қонақжайлығы дәстүр болып табылады, ал дәстүр кез келген халықтың етенелік (этникалық) сыйпаты. Егер де ұлттық дәстүрді сақтамасаң, онда бәрібір басқа дәстүрді тұтынатының рас. Алайда, кез келген ұлттың дәстүрі бірден дәстүрлік деңгейге көтеріліп, орныға қалмайды, оның бірнеше орнығу сатылары бар. Қазақтың қонақжайлығы да сол сатылардан өткен етенелік ғұрып.

Етенелік ғұрып өз бастауын о бастағы сенім мен діни жоралғылардан алады. Осы тұрғыдан алғанда қазақы қонақжайлық та діни жоралғыдан құралақан емес. Қонағын «аулап» жүріп, отбасына әкеліп, барын беру дәстүрі қазақтарда о баста қалай пайда болды деген сауал туындауы қыйсынды. Бұл сауалға жауапты біз де қазақ халқының ежелгі сенімінен іздеуге тарихи құқымыз бар.

Біздің пайымымыз бойынша, бірнеше мың жылдық тарихы бар қарым (карма) немесе құрбандық ілімі тек қана үнділерге тән деуге келмейді. Сірә, қазақы сенім, о баста дінге айналмай тұрып, бірақ ырымдық  ілім (діни ілімдердің алғы легі) ретінде жыйнақтала келе, тәңірлік ілім жүйесін жасақтаған алғашқы монотеистік наным-сенімнің бастауынан нәр алған деуге негіз бар.  Жалпы, қазыр біршама талас тудырып жүрген Тәңірлік сенім жүйесінің дін екенін мойындау оңай емес, ең бастысы, оның әлемдік монотеистік жүйенің алғашқы көрінісі мен ырымдық жүйесі ретінде тануда болар. Осы тұрғыдан қарасақ, қазақтың қонақжайлығы әлгі тәңірлік-ырымдық жүйеде қандай көрініс тапты деген сауалдың туындайтыны да дұрыс. Егер әлдекімнің асты-үстіне түсіп, жайылып жастық, төселіп төсек болумен қатар, белгілі бір шығынның шығатынын ескерсек, қазақтардың бұл әрекетінде шынында да, о бастағы діни ілімнің жұрнағы жатқанына еріксіз мойын бұруға тура келеді. Өйткені, өзін айтарлықтай шығынға ұшырататын әрекетке мұнша құмар болатындай көшпелі жұртқа ақылсыздық көзі ретінде қарауға ешбір негіз жоқ.

Құрбандық заңдылығын ғарыштық жеті заңның бірі ретінде «Ақ сарбаз» кітабында (Алматы, 1998ж) ашып көрсеткен Жиһан Желтоқсан мұны ғарыштық деңгейдегі үйлесімнің кепілі ретінде, ғаламдық баланстың көрінісі есебінде қарастырады. Шынында да, есте жоқ ескі замандағы ырымды адамның ойдан шығарғаны деп қабылдау қыйсынсыз, бәрінен бұрын бұл мистикалық сананың абыздық ілімдерді қабылдап сіңіру үдерісінен туындаған жайт болса керек.

О баста Жаратушының кәдесіне жаратқан құрбандықты көшпелі қазақтар оның жердегі «көлеңкесі» ретіндегі пенделеріне беру арқылы Жоғарғы күштің батасын алу немесе жыйнақталған қарымдық берешекті қайтару арқылы карма мәселесін шешудегі ілім есебінде қабылдағандай сыңай бар. Демек, көшеген жұрт о баста материалдық игіліктен гөрі сенімдік құндылықты қасиет тұтқан және батаны Құдретті ниетті жандандырушы ақпарат ретінде мойындап, құрбандықпен тіленген ниеттің ғана материалдану күші бар деп сене отырып, өмірге жаратқан. Сөйтіп, «бар тапқанын жұртқа шашудың» арғы жағында Жаратқанға жағыну жатқанын амалсыз мойындатар жағдай осы.

Бұл ілімнің жер бетіне кеңінен таралғанын қазырғы кезде қол жайып садақа алып, бата беретіндердің молдығымен о бастағы адамзаттың көшпелі бөлігінен бастау алған ілімнің көптеген діндерге негіз болғанын аңдаймыз. Мәселен, ұмыт болған тәңірлік кейбір ұғым бойынша, адамға кезіккен әрбір жан Жаратқанның сені сынау үшін жолықтырған пендесі ретінде қабылдау бар. Сондықтан әлгі қазақ «қырықтың бірін Қыдыр» дейді де, қырықтың ішінен оны таңдаудың мүмкін еместігінен қонақтың бәрін қабылдау Жаратқанның қызметін атқарумен бірдей танылған жайт. Бұл - әрине, көшпелі өмір салтына негізделген және ежелгі түркілік сенімнің сетінемей тұрғандағы қарамы, дәлірегі ырымның иманға айналған көрінісі болса керек.

Қонақжайлық пен құлдық

Алайда, кез келген етенелік дәстүрдің өз деңгейіндегі тұтынымы бар да, оның мейлінше кереғарлыққа ұшыраған нұсқасы да бар. Осы жағынан алғанда, Жаратқаннан бұйырған несібені үлестіру мен қонақжайлықтың арасында үлкен айырмашылық бар. Қазырғы кезде қазақтардың қонақжайлық есебіне жазып жүрген өзгеге жайылып төсек болуы мен асыра құрметінің бәрін шын мәнінде қасиетті ілімді қадыр тұтудан деуге болмайды. Қазақтардың өз елінде өзгеге қожайын болуға қымсынуын қонақжайлық емес, аталмыш ғұрыптың соңғы ғасырларда сіңген құлдық мінезді қымтауға жараған, икемделген нұсқасы деуге амалсыз барасыз.

Қазіргі қазақтар өз елінде «айтулы» да ретсіз қонақжай болу арқылы өздері қонаққа айналып бара жатқандығын байқайтын уақыт келді. Ал, бұл Жаратқаннан бұйырған несібені рәсуә етумен, яғни Жаратқанның қаһарына ұшыраумен тең жайт. Жалпы, құрбандық принципі барыңды құрбан етуге арналған үдеріс емес, ол қонағың арқылы Жаратушыны риза ету, яғни қонақтың бар ниетімен берген батасы арқылы оның жағымды ниетін Көктің назарына тартумен өзінің Жаратқанға деген іңкәр ниетін сездірту арқылы ауыр ахуалды жеңілдетуге мүмкіндік алу болып табылады. Бұл әрбір титімі есепте тұрған ғаламдық заңдылықты қазақтардың бұлжытпай орындау дәстүрінен қалыптасқан заңғойлық (законопослушность) еді.

Алайда, түркілік қарым мен құрбандық заңдылығына негізделіп, қалыптасқан қонақжайлығымыз кәзір неге өзімізді жылан болып шағуда? Өйткені, біздің кәзіргі «қонақтарымыз» бұрынғыдай  бата бере алмайды, берсе де пиғылы бұзық, әрине, бәрін бірдей солай деуге болмаса да, көпшілігі солай. Тіпті, қайыр сұрауды кәсіпке айналдырған дүние жүзінде  бір этнос та пайда болды, ал көше жағалаған елімізде  әлеуметтік топ та бар. Осыдан келіп, ғаламдық ілімді тәрк ету жүзеге асты. Енді жұрт қайырым жасауды қасиетті іс емес, әншейін парыз санайтын күйге жетті. Ал, шексіз қонақжайлық әлдебіреуге тәуелдікті болмаса оған деген құлдық кейіпті таныту, әлгі пендеге құлдық ұру есебінде қабылданатын болды. Сол себепті, қазақтардың ежелгі  сенімі бойынша қонақжайлық түркілік мұсылмандықтың (жалғыз Жаратушыға шүбә келтірмеу) бір ұстыны болса, кәзірде ол артта қалғандық пен арампиғылдыларға жем болудың көрінісі болып отырғандай әсер бар.  Сондықтан, біз өз иманымызды толық ұстай алмағандықтан және оны «қонақтарымызға» сіңіре алмағандықтан, қалаларымызды біреу асхана, біреу баспана қылатындай күйге жеттік.

Біз бұл жолы қазақ халқының көшпелі өмір салтына тиесілі ырым мен ғұрыптың бір біріне кіріккен  көрінісін отырық өмір жағдайы мен кәзіргі заман талабына икемділігінің қаншалықты жарасымды екенін тілге тиек етіп отырмыз. Дегенмен, ғаламдық деңгейде әрбір әрекеттің, ниеттің орны бар, қазақтың осы пейіліне Жаратқание Тәуелсіздікті қан төккізбей бере салды, жердің үсті мен астындағы байлықты бұйырта салды. Мәселе, соны рәсуә етпеуде, пиғылы бұзықтарға қор қылмауда, жемтік етпеуде. Және де қонақжайлықтың дұшпанниетті, арампиғылдыларға жүрмейтінін айыратын да мезгіл келді-ау, осы. Иманымыздың бір ұстынына айналған қонақжайлықтың қасиетті орамалымен дұшпанкөздің кебісін сүртпесек екен.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297