Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3243 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 04:34

«Жанармай бағасының шегі белгіленеді» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 31 наурыз, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының, Үндістан Республикасының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Латвия Республикасының Қазақстан­дағы Төтенше және өкілетті елшілері Яцек Ключковски, Ашок Кумар Шарма, Сохраб Али Сафари, Юрис Маклаковстан, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Стивен Туллдан Сенім грамоталарын қабылдады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Грамоталарды қабылдау рәсі­мінде сөз сөйлеген Елбасы: «Біз өз тәуелсіздігіміздің жи­ыр­масыншы жылына аяқ бас­тық. Бұл жылдар біздің қоға­мы­мызға және барша қазақ­стан­дықтарға үлкен өзгерістер мен толымды табыстар әкелді. Бүгін біз осы заманғы, жаңарған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз», - деп атап көрсеткен.

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 31 наурыз, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының, Үндістан Республикасының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Латвия Республикасының Қазақстан­дағы Төтенше және өкілетті елшілері Яцек Ключковски, Ашок Кумар Шарма, Сохраб Али Сафари, Юрис Маклаковстан, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Стивен Туллдан Сенім грамоталарын қабылдады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Грамоталарды қабылдау рәсі­мінде сөз сөйлеген Елбасы: «Біз өз тәуелсіздігіміздің жи­ыр­масыншы жылына аяқ бас­тық. Бұл жылдар біздің қоға­мы­мызға және барша қазақ­стан­дықтарға үлкен өзгерістер мен толымды табыстар әкелді. Бүгін біз осы заманғы, жаңарған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз», - деп атап көрсеткен.

Қазақ «өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп бекер айтпаса керек. Өйткені баспана мәселесі қай уақытта бол­ма­сын үлкен рөл атқарады. Ақ­пан айында Үкіметте елдің ертеңі саналатын жастар мен қарапайым бұқара қол жеткізе алатын, бағасы тиімді үй­лер­ді салуға байланысты жаңа бағдарлама қабыл­данған болатын. Міне, осыған орай кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  тұрғын үй құрылысын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы және жаңа ереже бойынша салынып жатқан «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде болды. Бұл жайында «Егемен Қазақстан» газетінің бейсенбілік санындағы «Қолжетімді үйлер көбейе түспек» деген мақаладан егжей-тегжейлі біле аласыздар.

***

Соңғы кездегі әлемдік БАҚ хабарларының өзегіне айналған екі тақырып болса, бірі - Жапониядағы, екіншісі - Солтүстік Африка елдеріндегі жағдай. Солтүстік Африка елдері қиыншылықты «өздері қалап алғандар» болса, ал Жапония табиғаттың тосын мінезімен «күресті». Осы орайда «Айқын» газеті тағдырдың дәл осы сыны «нарықтық қоғамдағы ұлт, жеке тұлға қандай болуы керек» деген сұраққа жауап бергендей болғандығын ескеріп, жапондардың қандай істерінен, қасиеттерінен ерекшеленгендігі турасында әңгіме өрбіткен. Назар салыңыз, мақала «Жапон сабағы» деген тақырыппен берілген.

Орталық Азия тақырыбы қа­зір қызығушылық тудырып отыр. Оған аймақтық геосаяси және геостратегиялық орна­ласуы бір жағынан, ал әлемнің өзге тара­пындағы ахуал екінші жағынан ықпал етуде. Таяу Шығыс оқи­ғасы, араб әлеміне төнген зұлмат Қазақстанға, жалпы Орталық Азия аймағының алдағы дамуына қалай әсер етпек? Дәл осы сауалға еліміздің бірқатар сарапшылары «Айқын» газеті арқылы өз пікірлерін білдірген. Мәселен, саясаттанушы Әзімбай Ғали бірқатар БАҚ-та Ор­талық Азия мемлекеттері бір­тұтас интеграцияға бірікпейді де­ген пікір белең алуда екендігін айта келе: «Олар Орталық Азияның негізгі мемлекеттері АҚШ пен Қытайдың ықпалында кетеді, ал Қазақстан Ресейдің ықпалдастық аймағына айналады деп сәуе­гей­ленді. Біздің ойымызша, бұл пікір­лер қате ай­тылған, мүмкін, қазіргі кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік жағдай­ды пайдаланып қалу үшін жорта шығарылған теріс көзқарас болуы мүмкін», - дейді. Мақала «Бестіктің» тәуелсіздік тарихы бірігуден басталады!» деген тақырыппен берілген.

***

«Кеше Үкімет үйінде атом энергиясын бейбіт пайдалану мақсатындағы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кешенді бағдарламасы рәсімделді», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті бүгінгі нөміріндегі «Қазақ даласында АЭС салынса, Ресей көмек қолын созуға дайын» деген мақалада. Басылымның баяндауынша, бағдарламаға қол қойған «РосАтомПром» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко бұл құжаттың атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану үшін қолға алынған кешенді бағдарламаның екінші кезеңі екендігін баса айтқан. «Осы уақытқа дейін біз Қазақстанда табиғи уранды геологиялық зерттеу және өндіру бойынша бірқатар кәсіпорындарды құрдық. Енді Ресейде табиғи халықаралық уран байыту орталығын ашып отырмыз», - деп атап өткен С.Кириенко.

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, Мәжілістің кешегі сәрсенбілік отырысында депутаттар үш келісімді мақұлдап, Сенатқа аттандырды. Бұның екеуі Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мұнай мен газ мәселесін қамтыса, соңғысы қылмыстық әрекеттен түсетін табыстарды заңдастырудың жолын кесетін конвенция. Бұл жайында егжей-тегжейлі басылымның бейсенбілік нөміріндегі «Жанармай бағасының шегі белгіленеді» деген мақаладан біле аласыздар.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, кеше Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауын бақылау жө­нін­дегі ЕҚЫҰ миссиясының үйлестірушісі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар делегациясының жетекшісі Тонино Пицуламен кездесті. Кездесуде Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ ПА мүше мемлекеттердің ара­сын­дағы қарқынды дамып келе жатқан өзара түсіністік пен ын­тымақтастықты айта келіп, өт­кен жылғы ЕҚЫҰ-дағы төраға­лы­ғы кезінде еліміздің баста­ма­ла­рына барынша қолдау көр­сет­кені үшін және екі жақты мүдделі байланыс орнатуға жәр­дем­дескені үшін алғысын білдірді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048