Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3343 0 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 10:27

Путин ТМД басшыларының саммитіне қатысу үшін Душанбеге барды

РФ президенті Владимир Путин ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысу үшін 27 қыркүйекте кешкісін Душанбеге барды. Ол онда екіжақты кездесулер де өткізбек.

Путиннің Тәжікстанға сапары ресми емес түскі астан басталады. Дастархан басында әріптестерімен бірнеше кездесу өткізбек. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, 28 қыркүйекте Владимир Путин ТМД елдері басшыларының кеңесіне қатысады. Ол сонымен бірге Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен және Қырғыз лидері Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесулер өткізбек.

Ал саммитте қауіпсіздік мәселесі, Достастыққа төрағалық ету мәселесі, келесі кеңестің уақытын белгілеу мәселелері талқыланбақ.

«Саммит барысында 1948 жылдың 10 желтоқсанында қол қойылған Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның қабылдануына 70 жыл толуы мен Екінші дүниежүзілік соғыстың Совет-Герман майданындағы жеңістің 75 жылдығын ерекше атап өту мәселесі талқыланады», - деп хабарлайды ТМД атқарушы комитеті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970