Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3610 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 05:29

Парламент мемлекеттік тіл туралы заң жобасын мақұлдады

Кеше парламент депуттарының біріккен отырысы болып, «Мемлекеттік тіл туралы заң» жобасы талқылауға түсті. Талқылауға түскен заң жобасы туралы редакциямызға парламент мәжілісінің баспасөз орталығы хабарлады.

Кеше парламент депуттарының біріккен отырысы болып, «Мемлекеттік тіл туралы заң» жобасы талқылауға түсті. Талқылауға түскен заң жобасы туралы редакциямызға парламент мәжілісінің баспасөз орталығы хабарлады.

Қос палатаның біріккен отырсын басқарған мәжіліс төрағасы Орал Мұхаметжанов: «Депутат мырзалар, парламенттің қарауына біз көптен күткен заң жобасы келіп түсті. Мемлекеттік тіл туралы заңда орыс тілі өзінің ресми статусын жояды»», - деп бастады сөзін. Спикер парламент депуттараның бәрі ер-азаматтардан ғана сайланбағанын, олардың ортасында Бахыт Сыздыкова сияқты квэнші ханымдардың да барын ескермеген сияқты. Сонымен қатар «мемлекеттік тілдің айрықша мәртебесі туралы» заңның жобасын нехорошовтар мен симамбаевтардың «көптен күтіп жүрмегенін» де ескермегенге ұқсайды. Дегендей-ақ, сенатор Симамбаев: «Елімізде үлкен саяси науқан өтіп жатыр. Анау-мынау емес, президент сайлауы. Сайлау өтіп болсын. Содан кейін де көрелік. Оның үстіне, аталған заңды қабылдауға біздің қоғам дайын ба?! Әуелі соны білейік. Мысалы, Солтүстік Қазақстан халқына осы заң керек пе? Егер бұл заң жобасы қабылданып кетсе, олардың құқы тапталмай ма?»,- деп шыға келді. Симамбаев ресми тілде сайрай жөнелгенде шытына қалған Орал Байғонысұлы әдеттегі ұстамдылығынан шет кетіп, үстелді сұқ саусағымен шертіп қалды да: «Мемлекеттік тілдің мәртебесі жөнінде мәселе қозғалса бітті, неге осы кербаға береміз? Елбасымыз 2005 жылдың күзінде  «аю да тіл үйренетін уақыт болды емес пе?» деген еді ғой? Жұрт шешімін сарыла тосып жүрген жайтты енді созбақтай бергеніміз жөн емес!», - деді.

Хабарламаға сүйенсек, депуттардың 65 пайызы заң жобасын құптап дауыс берген көрінеді. 30 пайызы қарсы болған. 5 пайызы қалыс қалыпты. Қарсы болғандардың қатарынан табылған совет армиясының құрылған күні әріптестерін құттықтаудан танбайтын Тәңірберген Бердіоңғаров та: «Бұл не қылған асығыстық? Мен Симамбаевтың пікіріне қосыламын. Сайлау өтсін, содан соң көрелік. Әлде заңды қабылдамасақ, қазақтар президент сайлауына келмей қояды немесе қарсы дауыс береді деп қорқасыздар ма?», - деген уәж айтты. Осы кезде Бердіоңғаровқа шаншыла қарап «Сен өзі не айтып отырсың?» деп сөз алған елжанды депутат Бекболат Тілеухан Ресей Федерациясының өзінде мемлекеттік тілдің бір ғана тіл  орыс тілі екенін айта келіп Федерация құрамындағы халықтар тағдырынан, ЮНЕСКО-ның әлем тілдері туралы есебінен көптеген мысалдар келтірді. «ТМД елдерінің бәрінде  орыс диаспорасы , турасына көшсек, славян тілді ұлт өкілдері өмір сүруде. Бірақ сол диаспора өкілдері жергілікті ұлттың тілінде сөйлеп тату-тәтті тірлік құрып жатыр.  Бізде де солай. Қазақстанда тіл мәселесіне  саяси астар таңып күрделендіріп отырған бізбіз, менің Симамбаев сияқты әріптестерім»,- деп ренішін жасыра алмады. Тілеухан мырзаның пікірін Жарасбай Сүлейменов, Нұртай Сабильянов, Мұрат Әбенов бастаған депуттар жарыса қолдап бақты. Екі жақты пікірді тыңдап, дауысқа салған соң қайтадан сөз алған мәжіліс төрағасы  Орал Мұхаметжанов: «Көпшілік дауыс мемлекеттік тіл жағында. Демократия дегеніміз  осы. Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберіледі. Сонымен, мемлекеттік тіл туралы сөз осымен тәмам»,- деді.

Р.S. Бүгін парламенттің суыртпасына «Дін туралы заңның» жобасы мен «Ірі кен орындарына мемлекеттік бақылау туралы» заңның жобасы келіп түсті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563