Сенбі, 23 Қараша 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 3636 0 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 09:24

Марал Ишан мешітінен ҚМДБ бас тартпады, мемлекетке қайтарып берді

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған "1893 жылы салынған Марал Ишан мешіті ҚМДБ-ға қажеті жоқ па?" атты мақала жариялаған едік. Кейіннен порталымызда осы мәселеге қатысты "Біз көтерген мәселеге Діни басқарма орыс газеті арқылы жауап қатты" деген мақала жарық көрді. Осы жайтқа орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жауап хат келді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттен бас тартқан жоқ, керісінше келешек ұрпаққа тарихы терең «Марал Ишан» мешітін сақтап қалу мақсатында маңызды шешім қабылдап оны облыстық әкімшіліктің теңгеріміне тапсырды.

2018 жылы 17-сәуірде Алматы қаласында өткен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» кеңейтілген төралқа мәжілісінің шешімімен Қостанай қаласындағы «Марал Ишан» мешітің ғимараты мен жер телімі Қостанай облыстық мәдениет басқармасының теңгерімінде өткізілді. Мұндай шешім қабылдаудың себептері:

*1893 жылы салынған көне мешіт ғимараты әбден тозығы жетті. Мешіт ғимараты пайдалануға жарамсыз күйге түсті. Мешіт ғимаратына қайта жөндеу жұмыстарын жасауға Діни басқарманың қаржылай мүмкіншілігі шектеулі болды. Оны қайта қалпына келтіруге жүздеген миллион тенге қажет екені анықталды.

*«Марал Ишан» мешітін қайта қалпына келтіру мақсатында жергілікті қалталы азаматтардан көмек сұралды. Нәтиже болмады.

*Қостанай облыстық мәдениет басқармасының теңгерімінде тұрған «Марал Ишан» мешітінің ғимараты мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

*Ата заңымыз бойынша Мемлекет ҚМДБ мешіттерін салуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

*Қостанай қаласында салынған жаңа облыстық және қалалық мешіттер мешітке келуші жамағаттың қажеттілігін қанағаттандырып тұр. Демек қазіргі таңда Қостанай қаласында мешіт тапшылығы әзірге орын алып отырған жоқ.

*Келешекте жөндеуден өткен мешіт ғимараты жергілікті халықтың тек намаз оқитын жері ғана емес, сондай-ақ рухани, мәдени орталығы болуды және мешіт ғимаратының бір бұрышынан сол өңірге тән діни һәм тарихи жәдігерліктерді көрсететін музей ашуды мақсат тұтып отырмыз.

ҚМДБ тарихында мешіттен бас тарту болған емес. Кез келген мешітті жамағат игілігі үшін ұстау, оны қарап отыру ҚМДБ-ға көп қиындық туғызбайды. Мешіттің коммуналдық төлемдері мен жылына 1-2 рет жөндеу жұмыстары мешітке түскен садақа мен кейбір қалталы азаматтардың көмегімен жүзеге асырылады.

Ал кейбір үлкен қалалардағы үлкен мешіттерді тұрғызу немесе жөндеу жұмысын жасауға мешітке түскен садақа да жетпейді, ҚМДБ да қаржыландыра алмайды.  Мұндай жағдайда мәселені оңтайлы шешудің түрлі заңды жолы қарастырылады. Ал «Марал Ишан» мешіті секілді құны жоғары тарихи мешіттер Қазақстанда санаулы. Оларды күтіп-қарау, жәдігер ретінде болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір қазақстандықтың борышы.

Бүгінгі таңда елімізде жұмыс жасап тұрған 2605 мешіттің 1300 Алла үйі ғана арнайы типтік үлгіде салынған ғимараттар. Қалғаны түрлі ғимараттардан халықтың ұйымдасуымен ғибадат үйіне айналдырылған мешіттер. Осындай жолмен  90-жылдардың басында мешітке айналған бала-бақша, кітапхана, клуб т.б. ғимараттар уақыт өте сол жерлерде типтік үлгіде мешіттер салынған соң, ескі ғимараттар мемлекет тарапына қайтарылып берілді. Демек мешіттен ҚМДБ бас тартпады, мемлекетке қайтарып берді. Мұндай мемлекетке қайтарылған жүздеген мешіттер бар. Мәселен Қостанай өңіріне қарасты Қарабалық ауданында заманауи үлгіде «Ғашура ана» мешіті салынған соң, ескі ғимарат сол ауданның әкімдігінің теңгеріміне өткізілді.

Құрметпен, Жанділла Бекжігітов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377