Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Күбіртке 6637 8 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 14:53

Мәслихат депутатына мемтілді білу міндетті емес

Кеше Алматы қаласында өңірлік сайлау комиссиясы жиын өткізді. Қалалық мәслихат депутаттығынан түсіп қалған азаматтардың орнына жаңа депутаттарды сайлаудың, сол сайлауды өткізудің күнтізбелік жоспары мен бекітілген кандидаттар тізімі таныстырылды. Бұл жиынға Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова, аймақтық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Айгүл Қалықова, комиссияның хатшысы Құралай Күмісбаева қатысты.  Аталған жиынға біз де бардық. 

Сөйтіп, енді әне-міне дегенде алып қала Алматының мәслихатындағы бос креслоларға су жаңа депутаттар келіп қонжияды. Сайлауға қатысатын үміткерлерді тіркеу 2 қазан күні аяқталды. Кеше тізім бекітілді. Тізімді өңірлік сайлау комиссиясы бекітті. Енді сайлауалды додаға жолдама алғандар жұртқа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Кешелі-бері қала көшелерінен көзіміз шалып қалды, депутаттықтан дәмелілер табақтай-табақтай жарнама плакататрын қала көшелеріне ілуді бастап кетіпті. Бұл үгіт жұмыстары 26 қазанға дейін жалғасады. Ал сайлау 28 қазанға белгіленген.

Енді әлгі жиынның аз-кем ақпаратын бөлісейік. Сонымен Алматы мәслихатының депутаты болуға  әуелде 14 адам өтініш білдіріпті. 3 адам «Нұр Отан» өкілі. Қалған 11-і өзін-өзі ұсынғандар екен. Кейін 5 адам әуелгі ойынан айнып, сайлауға түсуден бас тартқан. Сөйтіп, 9 адамды өңірлік сайлау комиссиясы ресми түрде кандидат деп бекіткен.

Сонымен мәслихатқа бармақшы бұлар кімдер?

Ол тоғыздың алтауы ер, үшеуі әйел адам болса, солардың тек 7-еуінде жоғарғы білім бар екен. Ал 2 үміткер орта білімді. Соны ішінде, 2 кандидаттың техникалық, 2 кандидаттың экономикалық, 3 кандидаттың педогогикалық білімі болса, тағы 2 үміткер арнаулы орта білімді болып шықты.

Қалалық сайлау комиссиясы төрайымы Жанна Бейсентайқызының айтуынша, депутаттықтан дәмелілердің  дені кәсіпкер. 1 үміткер мектеп директоры болса, тағы біреуі психолог екен. 9 кандидаттың ішінде 40 жасқа толмаған (32-34 жас аралығы) – 5 адам, 60 жасқа толмаған (53-56 аралығы) – 2 адам және 60 жастан асқан – 2 адам бар екен.  Бұл азаматтардың барлығы дерлік Алматы қаласының тұрғындары.

Әлгі әйдік қаланың саясатына һәм бюджетіне араласуға білек сыбанып отырған бұл кандидаттардың есім-сойы кім? Танысып шығыңыздар, мінекей:

1. Кузьменко Сергей Николаевич. Кәсіпкер. Ұлты – орыс. Жетісу ауданына түскен.

2. Мустафаева Сиявуша Аширдиновича. Кәсіпкер. Түркісіб ауданынан түскен.

3. Джегурда Борис Вальеревич. Кәсіпкер. Түркісіб ауданынан түскен.

4. Грачев Михаил Владимирович. «Нұр Отан» мүшесі. Ұлты – орыс. Түркісіб ауданынан түскен.

5. Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы. «Нұр Отан» мүшесі. Ұлты – қазақ. Түркісіб ауданынан түскен.

6. Чиликбаева Асхат Қашқынбайұлы. «Нұр Отан» мүшесі. Ұлты – қазақ. Жетісу ауданына түскен.

7. Жұмагүл Кәмілқызы. Мектеп директоры. Ұлты – қырғыз. Жетісу ауданынан түскен.

8. Ләззат Майкенқызы. Ұлты – қазақ. Түркісіб ауданынан түскен.

9. Степан Юриевич. Ұлты – татар. Түркісіб ауданынан түскен.

Біз қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Бейсентайқызынан кандидаттардың этникалық құрамы жөнінде сұрадық. Этникалық теңдік сақталуы керек емес пе еді дедік. Жанна ханым жауап берді. Жауабыны құлақ түріңіз.

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңнамаларына сәйкес, Қазақстанның кез келген азаматы мәслихатқа депутат болу үшін сайлауға түсе алады. Бұл – азаматтардың жеке құқы. Оның ұлтына, дініне немесе нәсіліне қарай сайлану құқынан айыра аламаймыз. Заң бойынша 20 жастан жоғары азаматтар кандидат ретінде тіркеле алады. Әрі қарай,  ол кандидаттың дауыс жинауына байланысты. Халық дауыс берсе, ол өтеді. Тек Қазақстан азаматы болуы міндетті. Ал мәслихатқа түсу үшін сол қалалың тұрғыны болуы керек», - деді бізге төрайым тәте.

Жоғарыда көргендеріңіздей, Алматы Мәслихатына үміттілердің тек үшеуінің ұлты қазақ. Қалғандары өзге ұлт өкілдері. Түсінікті. Тек Алматыдағы сайлаудың сиқы емес, бұл.  Біз осы бір көп ұлттылықты көрпедей жамылып, көп жерде сылтауратамыз. Халықтар Ассамблеясын құрамыз. Қазақстанның ең негізгі заң шығарушы органына да әлгі Ассамблея дейтін жерден депутаттар апарып отырғызамыз. Құдды унитарлы емес, федеративті мемлекет секілдіміз.

Ассамблея дейтін өзі қазаққа керек ұйым ба? Ресми деректерге сүйенсек, қазақ доминантты ұлтқа айналды. 18 миллионнан астатын халықтың 71 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрайды. Иә, 71 пайыз қазақ елде бар.

Мейлі, өзге ұлттардың да құқығын ескеру керек делік. Олар да Қазақстан азаматы ғой. Ендеше міне, статистикаңыз:

2016 жылғы статистикаға сүйенсек, Қазақстанда қазақылықтың, қазақтың һәм қазақ тілді азаматтардың саны 82 пайызға жеткен.

Сонау Тәуелсіздік алған 1991 жылы қазақ топырағындағы қазақ тілділердің саны 37% болса, 2015 жылы Қазақстанның мемлекеттік тілін меңгергендер 76,3%-ға жеткен. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 82,3%-ды құрапты. Есесіне, орыстілді азаматтардың саны 0,6%-ға азайған. Ол ол ма, өткенде Президенттің өзі айтты. 2025 жылы қазақ тілін еркін меңгерген жұрттың қарасы 95 пайыз болады деді.

Тақырыпқа тұздық болсын, 1991 жылы еліміздегі орыстардың жалпы саны 5,9 млн болған. Қазір 3,7 млн орыс қалды. Орыстардың саны 2 млн-ға азайды. Қазақ ұлтының демографиялық үлес салмағы артып, моноұлттық мемлекет қалыптасып келе жатқаны белгілі.

Ал, енді, 2025 жылға арналған стратегиялық перспективада ең төменгі пайымдау бойынша қазақ ұлтының саны 85 пайызды құрайтын болады. Басқа ұлыстар мен этникалық топтардың саны 15 пайызды қамтымақ. Статистика солай дейді. Ал реалда ше?

Мәслихат үшін  этникалық құрам маңызды емес

Жоғарыдағы ақпараттан, төрайым ханымның пікірінен білгеніміз мынау – мәслихатқа кім болса сол бара алады. Қазақстан азаматы дейтін құжатың болса, сосын сайлауда тиісті дауыс мөлшерін жинасаң болды. Ал ондағы этникалық құрам мәселесін жаңағы «көп ұлттылық» дейтін сылтау ысырып қояды. Иә, Мәслихат үшін этникалық құрам маңызды емес. Бұл тек Алматыдағы ахуал емес. Қазақстанның кез келген өңірінде осы картина. Себебі, заң ортақ. Ал заңда этникалық теңдік қарастырылмаған. Тек Қазақстан азаматы болуың шарт. Ал этникалық баллансты сақтау – азаматтардың құқығын шектеумен тең.

Мәслихат – ол қаланың жылдық, тоқсандық бюджетін бекітіп, шаруашылығын реттеумен айналысатын негізгі ұйым екенін ескерсек, парадокс.

Мемтілді білмесең де болады

Жоғарыдағы Сергейлер мен Сиявушалардың сала-құлаш тізімін көрдіңіздер. Енді сол азаматтар мемлекеттік тілді, мемлекетті құраушы ұлттың тілін, қазақ тілін біледі дегенге сенесіздер ме? Субьективті пікірім, бұл. Сенбеймін. Себебі де түсінікті.

Жаңағы төрайым Жанна Бейсентайқызынан кандидаттарды тіркеуде олардың мемлекеттік тілді білетін, білмейтіндіктерін ескердіңіздер ме деп сұрадық.

«Білесіз бе, Мемлекеттік тілді білу емтиханы Мәжіліс депутаттарына қойылады. Ал Мәслихат депутаттарына қойылмайды», - деп жауап берді Жанна Асанова.

Сонымен, Мәслихатқа бару үшін этникалық құрамның дисбалланстығынан бөлек, мемлекеттік тілді білу де міндетті емес екен. Иә, Мәслихатқа бару үшін мемтілді білмесең де болады. Жанна ханым айтты. Мемлекеттік тіл емтиханы талап етілмейді екен. Сонда қалай?

Бізше болғанда, мемлекеттік тілді білу талабы мемлекеттік қызметтің барлық саласына міндетті болуы керек-ті.  Ол мемлекеттік тіл ғой.

Әйтсе де, бұл біз үшін жаңалық емес. Мәслихатқа бару үшін қазақ тілін білмесең де болады деп күңкілдейміз. Бұл Мәслихаттың ғана дерті емес. Астана ана тілінан алжып жатқанда, Алматыдан не сұрайсың...

Қазақстанда қазақ тілі халыққа ғана, сіз бен бізге ғана керек.  Ал маргиналданған саяси элита үшін мемлекеттік тілді білмесең де болады. Тек биліктің пәтуасынан жаңылмасаң болды.

Рас, Қазақстанда қазақ тілін білмей-ақ, депутат болуға, министр болуға болады. «Пәлен күнде үйренемін» деп қой. Бітті шаруа. Сүлейменовтер де сөйтіп жүр ғой.  Ол деген білдей министр, әйтпесе. Ұялмай, қызармай: «Орысияда 5 жыл тұрып келдім. Ана тілімді ұмытып қалдым» деді ғой. Ештеңе жоқ. Жер басып жүр. Қазақ тілін білмегенге қылшығы да қисайған жоқ.

Әйтпесе, Президенттің өзі айтты ғой. «Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек» деп. Соны ұқпаған Сүлейменов, Қасымовтар өздерін Орысияда жүрміз деп ойлайтын боулы керек. Әйтпесе, «мыңқ-мыңқ» етпей қазақша сөйлейтін уақыттары болды ғой. Бұл бөлек әңгіме.

Тақырыпқа оралайық, сөйтіп, Мәслихатқа бару үшін қазақ тілін білмесең де болады дедік. Талқы етпегіміз де осы.

Алматыда адам көп. Мегаполис қой. 2018 жылдың ақпанындағы дерек бойынша мұнда халық саны 1 миллион 800 мыңнан асып жығылады. 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 5 миллионға жуықтайды деген болжамдар айтылады.

Бұған ішкі және сыртқы көші-қонды қосыңыз. Ішкі және сыртқы еңбек мигранттары тағы бар. Ұзын-ырғасы Алматыда адам саны қазірдің өзінде 2,5 миллионның үстінде. Ресми дерек бойынша, Алматыда қазақ саны 60 пайызға жуықтайды. Ал бейресми бұл көрсеткіш 70 пайыздан асып жығылады.  Бұл жаңағы ішкі еңбек мигранттарынан бөлек.

Енді сұрақ, осындай алып шаһардың тұрмыс-тіршілігін реттеумен айналысатын мәслихатқа қазақ тілін білу қажет пе?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972